400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық оқу іс-әрекеті "Көңілді тапқыштар" Қарапайым математика пәні бойынша

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы материалдарым арқылы алғыс хат алсамба деп едім,тағыда материалдарымды жіберемін өйткені көптеген іс-шараларым бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Көңілді тапқыштар

(ойын-сауық)

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін және есте сақтауларын,бір-бірімен пікір алысып,өз ойларыын ортаға салуға,логикалық есептерді шығара білуге үйретуді жалғастыру.Мұқият тыңдап,назар қоя білуге,шыдамдылыққа,ептілікке баулу. Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,ойындар,түсіндіру,көрсету,көркем сөз қолдану. Кһрнекіліктер: Табиғат көріністерінің суреттері,ребустар,басқатырғыш есептер. Ұйымдастыру сәті: Шаттық шеңбер. Қуан шаттан алақай Қуанатын күн бүгін Қайырлы таң,қайырлы күн Күліп шықты,күн бүгін Саллематсіздер ме апайлар!

Балалар шеңбер жасап тұрады.Ойын «Сиқырлы шар» Шарты: Қай балаға шар берсем,сол бала сұраққа жауап береді. Сұрақтар: -Бір жылда неше мезгіл бар,аттарын ата? -Күз мезгілінің айларын атап бер? -Сыныпта кіммен дос болып жүрсің? -Қандай өлең білесің ?

Міне сендер сұрақтарды жақсы жауап бергесін шарымыз да жарылып екі түрлі пішін шықты,енді екі топтан екі бала келіп пішіндерді алу керек.Сонда өз топтарыныңа аттар тағайындалады. Міне біреуі қызғалдақ,екіншісі күншуақ,балалар екі топқа бөлінеді.

Сіздермен білімдеріңді шыңдауға, нығайтуға ,қазір біздің «Көңілді тапқыштар»-ойынын ойнаймыз.Мынау алма ағашы,бұнда не жетіспейді? Әрине алма,сол алмаларды мына алдарыңда түрлі-түсті шарлар гүл тәрізді болып тұр,сол шарларда әрқайсының астында алма бар әрқайсысында сұрақтар бар,мен сұраймын, сендер таңдайсыңдар бірақ сұрақтар екі топқа бірдей,жауап берсеңдер шарлардың астындағы алмаларды мына ағашына орналастырамыз. Сонда алма ағашымыздың сәні кіреді.

1-ші тапсырма. Күз туралы тақпақ айту.

Мөлдір. Күн шуаққа маужырап Жатыр еді атырап Ағаштардан жамырап Ұшты кенет жапырақ. Темірлан. Алақай күз келді Қарыққып жеміске Сарғайды түз белде Толықсып егісте.

2-ші тапсырма. Жаңылтпаш тар.

Нұрәсем. Торта қойдым,орта қойдым Орта қойдым,жорта қойдым

Алан. Шеше,шеше неше кесе Сынды кеше. Руслан. Төсек үстінде,төрт бөрік Төртеуіде көк бөрік

Маруа. Шемекі шақсаң шақ,шапшаң шақ. Шөпті шапшаң шап,шапшаң шап. Жанерке Піскен алма топ-топ түсті Топ-топ түсіп,көптен түсті Топ-топ түскен алманың 1-2-еуі Тоқтарбектің басына дөп кеп түсті.

3-ші тапсырма.Мақал-мәтелдер. Аманат. Қотыр қолдан жұғады Пәле тілден жұғады. Аманбол. Адам тілі тас жарар Тас жармаса бас жарар. Мұхтар . Жақсы сөз-жарым ырыс Ұлы сөзде ұят жоқ. Аталы сөз-ақылға көз. Сәнім. Тіл жетпейтін түкпір жоқ. Естіген екі сөзде жетеді. Ұлы сөзден ұлағат. Ақерке. Тілден балда тамады Мақал сөздің мәйегі Камшат. Тіл-тіліп сүйер нар кескен Сөз өткір жебе тау кескен. Алан. Көп сөз кебексіз болмас

4-ші тапсырма.Санамақтар. Темірлан. Бір дегенім-білім Екі дегенім-елім Үш дегенім-үміт Төрт дегенім-төзім Бес дегенім-бақыт Бағалайтын уақыт.

Альбина. Бір ағашта,екі алма Мен алмаймын,сенде алма. Қызыл емес,көк екен, Әлі піскен жоқ екен.

Ерназар. Бір бұтақта қос торғай Татту тәтті,дос торғай Құшақтасып,құптасып, Отыр әне жұптасып.

Жанерке. Бір аяғым-оң аяқ, Бір аяғым-сол аяқ. Оң-солымды үйрендім, Ажырата аламын Тек бәтеңке кигенде Жаңылысып қаламын.

5-ші тапсырма. Логикалық қызықты есептер шешуін тез есептеп тап. 1.Үстелде жеміс салынған 3 тәрелке бар,Аманат екі тәрелке дегін жеді. Қанша тәрелке қалды? (3 ) 2.Жіпте бес түйін түйілді.Жіп неше бөлікке бөлінді? (6) 3. Екі сиырда неше мүйіз бар? (4) 5.Екі тышқанда неше мұрын? (2) 6.Жәндіктер.Бір күні Жұлдызқұрттың туған күні болады,бірінші жыбырлап 2-кі қоңыз келеді,асығып 2-кі көбелек ұшып келіп есік қағады.Секіріп 2-кі шегіртке келеді.барлығы дастарханға жайғасады.Сұрақ? жұлдызқұрттың туған күніне неше қонақ келді.

6-шы тапсырма.Жұмбақтар жасыру 1.Мен-ақ қалам,ақ қалам Жазған сайын жоқ болам. (Бор) 2.Лүп-лүп соғып жүрегі, Сол қолымда жүреді. (Сағат)

7-ші тапсырма.Ребус шешу. 1.Ай*гүл. 2.Гүл*нар.

8-ші тапсырма. Жануарлар азығын тап. Сызба бойынша көрсету.

9-шы тапсырма.Сахыналық қойылым «Үйшік» ертегісі. –Әр бала ертегі кейіпкерлерінің маскасын киіп ертегіні қою.

-Қане қане тұрайық Үлкен шеңбер құрайық Көріскенше күн жақсы Сау саламат болайық

-Балалар бүгінгі ойын сауыққа өте жақсы қатыстыңдар.Бәріне жұлдызша таратып беру. Ойын-сауығымыз аяқталды рахмет.













































Алғабас орта жалпы білім беру мектебі





Көңілді тапқыштар

( ойын-сауық )

Мектепалды даярлық тобы











Өткізген: Шегетова Ақкүміс Қайыржанқызы.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
513
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі