400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық оқу іс-әрекеті "Қолғап" ертегісі ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал балабақша тәрбиешіліеріне қажетті оқу іс-әркет . Бұл оқу іс-әркетінде жаңадан шыққан мнемокесте технологиясы қолданылған. Жас мамандарға керекті материал болатынына сенімдімін.Сәттілік тілеймін!!!
Материалдың қысқаша нұсқасы



МКҚК «Қошақан» балабақшасы












Тақырыбы:

«Қолғап ертегісі»



«Балапан» ортаңғы топ ұйымдастырылған

ашық оқу іс -әрекеті







Тәрбиеші: Сырымбетова И.З.











Қажымұқан ауылы 2015ж





Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сөйлемді дамыту

Тақырыбы: «Қолғап ертегісі»

Мақсаты:

Білімділігі:Сұраққа жауап беруде, ертегі жолдарын қолдану арқылы, толық сөйлеммен айта білуге үйретуді жалғастыру.

Дамытушылығы:Ертегіні қайталап айта білу біліктілігін дамыту.

Тәрбиелігі:Бір-бірін алдамауға және достыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: «Қ» дыбысы.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Ертегі кейіпкерлері және олардың дауысы жазылған үнтаспа, қолғап макеті, мнемокесте, суреттер коллажы,слайд , интерактивтік тақта.

Оқу іс-әрекетінде қолданылған технология: мнемокесте технолногиясы, флипчарт технологиясы.

Ұйымдастыру кезеңі: 

Тәрбиеші:

-Балалар біздің бүгінгі болатын оқу іс-әрекетімізге сендердің қалай қатысатындарыңды, қандай болып өскендеріңді көруге қонаққа апайлар келіп отыр.(Шаттық шеңберді төмендегі мнемокестеден көруге болады)







































Шаттық шеңбер:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

Жоғары қарап күн көрдім

Төмен қарап жер көрдім,

Оңға ,солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.


Топтың есігін біреу қағады. Аю көңілсіз кіреді, қолында кітабы бар екен.

Тәрбиеші :

-Саған не болды аю?Неге көңілсізсің?

Аю:

-Сәлеметсіздерме , балалар! Мен қолымдағы ертегіні оқи алмай тұрмын? (ертегіні көрсетеді)Бұл жай ертегі кітап емес, ғажайып ертегі кітабы. Ертегі парақтарында жасырылған тапсырмаларды орындағанда ғана, ертегіні оқуға болады.

Тәрбиеші:

-Балалар, бәріміз аюға ғажайып ертегі кітабын оқып , ертегіде жасырылған тапсырмаларды орындауға көмектесеміз бе?

-Ия, көмектесеміз.

-Балалар ертегі жұмбақтарға тығылып қалыпты. Қане, енді жұмбақтарды шешіп көрейік. Егер жұмбақтардың шешулерін дұрыс тапсақ ертегі бізге келеді.

-Ендеше №1 тапсырманы орындайық.

ЖҰМБАҚТАР:

Жеміс-жидек жегенім,

Балды жақсы көремін./Аю/

***

Өзінше ноян

Қорқақ кім ?/Қоян/

***

Өзі ширақ, өзі қу

Жүрген жері айқай-шу./Түлкі/

***

Күші десең, күші бар,

Тісі десең, тісі бар. /Қасқыр/

***

Таңдайлары тақылдап,

Шулайтын кім шалшықта

Бірін-бірі мақұлдап./Бақа/

***

Жер қопарған тісімен,

Сескенесің түсінен. /Қабан/

***

Үй-ішін аралап,

Түнде көп жортады.

Қаптарды жыртады,

Мысықтан қорқады. /Тышқан/

***

Бес балаға бір бешпент,

Бірге киіп, бірге шешпек. /Қолғап/

Тәрбиеші:

-Рақмет сендерге балалар.

-Балалар ендеше мен сендерді ғажайып ертегі әлеміне шақырамын.(Ғажайып сәт . Әуен ойналады, балалар көздерін жұмып сосын ашады)

Тәрбиеші:

-Ерте , ерте, ертеде орманда....балалар ертегі әрі қарай оқылмай жатыр . Әріптер шатасып кеткен екен, не істейміз?

Аю:

-Айттым ғой, ертегі оқылмайды деп.

Тәрбиеші :

-Балалар ол үшін жасырылған №2 тапсырманы орындауымыз керек.

«Суреттерді құрастыр»

Балалар суреттер коллажы бойынша суреттерді құрастырады, сұрақтарға жауап береді.(Жұмбақтың шешуінде шыққан жануарлардың суретін магниттік тақтаға іледі)

-Жұмбақтарды шешкенде қандай ертегі кейіпкерлері шықты?

-Балалар ертегіні тауып айтып,ертегіміздің қалай аталатынын есімізге түсірейікші?

Балалар :

-«Қолғап» ертегісі.

Тәрбиеші:

- Дұрыс балалар. Демек біздің жұмбақта жасырылған кейіпкерлер украин халқының «Қолғап» ертегісі екен.

Тәрбиеші:

- Балалар, қолғап бізге не үшін керек?

Балалар:

- Қыс мезгілінде қолымыз тоңбас үшін.

Тәрбиеші:

- Қолғап нешеу болады?

Балалар:

- Қолғап екеу болады. Өйткені екі қолымыз бар ғой.

Тәрбиеші:

- Қолғап қандай болады?

Балалар:

- Қолғап әртүрлі болады. Түстері де әртүрлі болады, қалың қолғап, жұқа да қолғап бар.

Тәрбиеші:

-Балалар әлі де ертегіміз ашылмай жатыр №3тапсырмаға кезек келген сияқты.

«Қ» дыбысына арналған артикуляциялық дыбыстық жаттығу.

-Қа, қа , қа ...қасқыр

-Қо, қо ,қо, ...қоян

-Ба, ба, ба,...бақа

-Балалар «Қ» дыбысы сөздің қйа жерінде кездеседі?

-Балалар:

-«Қ» дыбысы сөздің ортасында, басында да кездеседі.

-Балалар, ғажайып ертегі әлеміне көңілді , әрі шаршамас үшін саусақ жаттығуын жасайық.

№4 тапсырма

«Саусақ сергіту жаттығуы»

«Ит досым»

Саусақтар шынжыр болады,

Үзілмейді тартсаңда.

Ал, ит келіп шынжырды,

Үзіп кетті басқанда.

Тұмсығымен доп іздеп,

Ойнағысы келіп тұр.

Достық үшін итке мен,

Гүл сыйлағым келіп тұр.

Әуен ойналады.

Тәрбиеші:

-Балалар «Ғажайып ертегі» ашылды.

- Мінекей балалар, енді украин халқының «Қолғап» ертегісін сахналап көрейік.

Picture 11



Тәрбиеші:

-Ерте,ерте,ертеде орманда жәндік, жануар, аңдар өмір сүріпті. Олар тышқан, бақа, қоян, түлкі, қабан, қасқыр, аю.Орманда неше түрлі ғажайыптар болады екен.

Бір күні шал итімен келе жатып, орманда қолғабын жоғалтып алыпты. Қолғап жаңа, жылы, жұмсақ болыпты. Қолғапты көріп қалған тышқан қолғапқа жүгіріп келеді.

Тышқан: «Мен суықта тоңып жүрсем. Қандай әдемі, жаңа, жылы қолғап. Мен енді осында тұрамын».

Шыршалардың арасынан бақа шығады.

Бақа: «Қолғапта кім тұрады?»

Тышқан: «Қап тесер тышқан тұрады».

Ал сен кімсің?

Бақа: «Мен секек бақамын. Қолғапқа мені де кіргізші».

Тышқан: «Мұнда орын жетеді».

Шыршалардың арасынан қоян шығады.

Қоян: «Қолғапта кім тұрады?»

Тышқан: «Қаптесер тышқан тұрады».

Бақа:» Секек бақа тұрады. Ал сен кімсің?»

Қоян: «Мен зымырауық қоянмын. Мен де қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта тоңдым».

Бақа: «Бізде орын жетеді. Кір қоян».

Қолғапқа түлкі бикеш келеді.

Түлкі: «Қолғапта кім тұрады?»

Тышқан: «Қаптесер тышқан тұрады».

Бақа: «Секек бақа тұрады».

Қоян: «Зымырауық қоян тұрады. Ал сен кімсің?»

Түлкі: «Мен түлкі бикешпін. Мені де қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта әбден  тоңдым. Маған көмектесіңіздерші».

Қоян: « Мұнда орын жетеді. Қолғап жылы, жаңа, жұмсақ кел кір түлкі».

Шыршалардың арасынан қасқыр шығады.

Қасқыр: «Қолғапта кім тұрады?»

Тышқан: «Қап тесер тышқан тұрады».

Бақа: «Секек бақа тұрады».

Қоян: «Зымырауық қоян тұрады».

Түлкі: «Түлкі бикеш тұрады.Ал сен кімсің?»

Қасқыр: «Мен қасқырмын. Мені де кіргізіңдерші. Бізде орын жетеді. Кел, кір қасқыр».

Қолғапқа қабан келеді.

Қабан: «Қолғапта кім тұрады?»

Тышқан: «Қаптесер тышқан тұрады».

Бақа: «Секек бақа тұрады».

Қоян: «Зымырауық қоян тұрады».

Түлкі: «Түлкі бикеш тұрады».

Қасқыр:«Қасқыр тұрады».

Ал сен кімсің?

Қабан: Мен сояу тісті қабанмын. Мені де қолғапқа кіргізіңдерші.

Қабан қолғапқа кіреді.

Шыршалардың арасынан аю шығады.

Аю: «Қолғапта кім тұрады?»

Тышқан: «Қаптесер тышқан тұрады».

Бақа: «Секек бақа тұрады».

Қоян: «Зымырауық қоян тұрады».

Түлкі: «Түлкі бикеш тұрады».

Қасқыр: «Қасқыр тұрады».

Қабан: «Сояу тісті қабан тұрады».

Ал сен кімсің?

«Мен аю аталарыңмын. Мені де кіргізіңдерші».

Тышқан: Жоқ!

 Бақа: «Мұнда орын жоқ!»

 Қоян: «Сен дәусің қалай кіресің?»

 Аю: «Қолғапқа кіреді».

Тәрбиеші: 

Жоғалған қолғабын шал есіне алып:

Итіне : «Артқа қайт, жоғалған қолғапты тап, - деп бұйырады.

Ит: әуп-әуп-әуп.«Ей сендер құстарсыңдар ма, әлде аңдарсыңда ма?Қолғаптан тез шығыңдар».

Тәрбиеші: Шал мылтықпен келеді. Қолғапты алып кетеді. Ал жәндік, жануар, аңдар тым-тырақай қаша жөнеледі.

Аю:

-Сіздің балаларыңыз өте ақылды екен,олар маған енді қайда барғандарын айтып бере алады ма?

-Егер сендер толық жауап берсеңдер , мен сендерге сыйлық беремін.

Балалар оқу іс-әрекетін естеріне түсіріп айтады.

Мнемокесте арқылы «Қолғап» ертегісін қорыту:

















Тәрбиеші:

- Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?

- Балалар, ертегі не жайында айтылған?

-Иә, ертегі кейіпкерлері бір-бірімен таласпай, бірін-бірі итермей бәрі сол бір қолғаптың ішіне сыйыпты. Көрдіңдер ме?

Балалар:

-Әрине, ұнады.

-Ертегі бірлік, достық жайында айтылған.

Тәрбиеші:

-Дұрыс балалар ,біз де осылай дос болуымыз керек. Біздің топта қанша бала болса, сонша бала біздің досымыз болады.

Мақал-мәтелді қайталайық:

«Досы көпті жау алмайды»

Балалар мақал-мәтелді қайталайды.

Аю :

-Мен енді өз ертегіме барайын. Көмектеріңе рақмет балалар!Менің сендерге сыйлыққа балдай тәтті кәмпиттерім бар. Сау болыңдар!

Балалар:

-Рақмет сізге аю.Сау болыңыз!

Тәрбиеші:

-Рақмет саған да аю. Жолыңыз болсын!

-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар. Енді орнымыздан тұрып қонақтарға рақмет айтып шығарып салайық.
Орнымыздан тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Оң мен солды ажыратуды.

Игереді: Өз ойын еркін жеткізуді.

Меңгереді: Жануарлар дауысын салуды біледі.






















Picture 374



Picture 368





Picture 372

Picture 373







Picture 377





Picture 375



























Picture 382





Picture 381





Picture 385



Picture 383









Picture 387



Picture 388





Picture 389





Picture 390







Picture 393



Picture 391

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
1468
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі