Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық оқу іс-әрекеті. Тақырыбы: "Қоқиқаз"

Материал туралы қысқаша түсінік
мүсіндеу оқу іс-әрекетінен ашық оқу іс-әрекеті. Тақырыбы: "Қоқиқаз". Тәрбиешілерге көмегі тиер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қоқиқаз»

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Мүсіндеу

Мақсаты: Балаларға мүсіндеудің әдіс - тәсілдерін меңгерте отырып, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

Білімділік: Балаларға қоқиқаз туралы түсінік беру, жыл құстарымен қыстап қалатын құстарды ажырата білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Мүсінделген бейнеге сипаттама беріп, ой-қиялдарын дамыту. .

Тәрбиелік: Ұқыптылықпен жұмыстануға баулу .

Алдын- ала жүргізілетін жұмыс: Қоқиқаз жайлы түсінік беру.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекіліктер: Қоқиқаз бейнесі.

Билингвалдық компонент: Құс-птица, қоқиқаз – фламинго

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Армысың алтын күн

Армысың – Жер ана

Армысың достарым

Мынау менің қолым

Қайырлы күн достарым! -Жарайсындар,балалар бүгін сендер өте мейірімді жүздеріңнен күн нұры төгіліп тұрғандай әсемсіңдер. Олай болса мейірімді жүзімізбен бүгінгі оқу іс әрекетімізді бастайық.

Шеңбер болып тұрып, жүздерін шаттық шеңберінде қуанышқа бөлеп,жарқын жүздерімен амандасу.



Бүгінгі күнді балалар ерекше көңіл күймен бастау.


Іздену – ұйымдастырушы кезеңі

-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше болмақ. Біз бүгін «Құстар» еліне саяхатқа шығамыз. Балалар көздерін жұмып, саяхатқа аттану. Мінекей балалар көзімізді ашайық, Балалар біз туған жеріміздегі Қорғалжын қорығына келіп қалдық. Бұл жерде балалар қызыл кітапқа енген жер бетінде өте сирек кездесетін Қоқиқаз құсы бар. Ол жыл құсы. Ол бұл жаққа көктемде ұшып келіп, ұя салып, балапандарын жетілдіріп, күзде жылы жаққа ұшып кетеді. Қоқиқаздар (Фламинго)  - дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құстар. Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде  ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Қоқиқаз дүние жүзіндегі бойы ең биік және аяқтары мен мойны ұзын құстар.


Ал енді осы әдемі құс бейнеленген суретке назар салайық. Бейнеде қоқиқаз бейнеленген. Ендеше балалар мына бейнедегі қоқиқазды мүсіндеу әрекетімен жасап көрейік, біз құсты қалай бейнелеп жасай алады екенбіз.

Мүсіндеу кезеңі: - құстың әр бөлшектеріне түсінік беру. Басы, мойыны, денесі, аяқтары – әр бөлшектерін мүсіндеу, бейнені орындау. Музыка естіледі.

  • Балалар бұл не? Ал, балалар бізге алыстан түлкі келіп қалыпты. Ол сендердің шаршағандарынды біліп сендермен бірігіп, сергіту жаттығуларын жасауға келіпті. Олай болса балалар орнымыздан тұрайық.

Сергіту сәті.

Ал балалар тұрайық

Алақанды соғайық

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп

Жоғары, төмен қараймыз

Орнымызды табамыз.
ал балалар енді жұмыстарымызды аяқтайық.


Кубик арқылы сұрақтарға жауап беру, тапсырмаларды орындау.

-Таң қалуы. - Қуана қабыл алуы.









-Зейін салып тыңдау.


-Тыңдау


















-Тәрбиеші көмегі арқылы бейнені мүсіндеу. Топ болып қатысуы.







Сергіту қимылдарын қайталау.








Орындарыннан тұрып жұмыстарын көрсету

Рефлексивті коррекциялаушы

-Оқу іс-әрекет бойынша балалар жұмыстарын жеке- жеке мадақтау.

Жеке-жеке мадақталуы

Күтілетін нәтиже:

Білуі

Қоқоқаз құсы туралы

Меңгергені

Құстардың жыл құстары және қыстап қалатын құстар болып екі топқа бөлінуін меңгеруі.

Жасай алуы

Қоқиқаз бейнесін мүсіндеу әдістерімен, бейнені мүсіндей алуы.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2021
358
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12