400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ашық оқу іс-рекеті "Ас атасы-нан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ас атасы-нан екендігін,нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғындыру.Нанның қалай дастарқанға келетінін айтып оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным .Коммуникация
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Ас атасы-нан
Мақсаты:1. Балаларға ас атасы-нан екендігін,нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғындыру.Нанның қалай дастарқанға келетінін айтып оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру.

2.Дүниетанымын,ой-өрісін,еңбекқорлығын,адамгершілігін ояту және дамыту.

3.Нанды қадірлеуге,қастерлеуге,нанды даярлайтын адамдарға деген құрмет сезімдерін,үлкендердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдісі-тәсілі: слайд арқылы көрсету,үйрету,түсіндіру,сұрақ-жауап,дидактикалық ойын.
Қолданылатын көрнекіліктер: суреттер, тыйым сөз,буклет,нан түрлері,бидай дәні.

Сөздік жұмыс: нан,диірмен,наубайхана.
Билингвальды компонент: нан-хлеб

Инклюзивтік әлеумет: Наргиза,Гүлсезіммен жеке жұмыс.

Оқу іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Балаларды оқу қызметіне ұйымдастыру.

Шаттық шеңбері:

Армысың күн анамыз,

Бүгін бәрміз қуанамыз.

Дастарқанында әр үйдің,

Болсын қасиетті нанымыз.

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын

1.Беттескен қос табақ,

Ортасында бас тамақ.

Қоз бен шоққа ораса,

Дәм піседі тамаша.

-Бұл жұмбақтың шешуі орамал астында жасырылып тұр.

2.Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында наны бар.

Жауабы:бидай

-Дұрыс таптындар балалар.Осы нан мен бидайды не байланыстырады деп ойлайсындар?

-Себебі, нан бидайдан жасалады.Бүгін «Ас атасы-нан» туралы әңгімелейміз.



Балалар қимыл-қозғалыспен шаттық шеңберін жасайды.







-Таба нан




Ұйымдастырушылық-ізденістік

Нан ең қасиетті тағам, нанды күнде пайдаланамыз, әрқашан дастарқанымызда нан тұрады.
Билингвальды компонент: нан-хлеб
Ғажайып сәт.

Наубайшы келеді.

-Балалар бізге қонаққа наубайшы апай келді.

Наубайшының қолында ұн,тұз,су,ашытқы болады.

Наубайшы:

-Сәлеметсіңдер ме ,балалар?

-Балалар бүгін бейсенбі екен.Мен сендерге бауырсақ әзірлеп берейін.

Балаларға бауырсақты дайындау әдісін көрсетеді.

-Балалар қамырымыз дайын болды.Енді сендерге дәмді бауырсақ пісіріп әкелейін.

Енді осы қасиетті нанның дастарқанға қалай келетіні жайлы түсіндіріп берейін.

/Слайд арқылы түсінік беріп, көрсету./

1.Енді осы нан дастарқанға қалай келеді? Сол туралы әңгімелесейікші.

Жердің жыртуы

Суару

Бидай себуі

Бидайдың пісуі

Піскен бидайды жинау

Диірменге апару

Ұнның диірменнен шығуы

Ұнның наубайханаға келуі

Нанның пісуі

Нанды халыққа сату

Нанның дастарқанға келуі

Тыйым сөздер.

1.Нанды бір қолмен үзуге болмайды.

2.Нанды текке лақтырма.

3.Нанды жерге тастама.

-Балалар бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті.

Бидай жерге отырды,

Жасыл түске айналды.

Бидай желмен қимылдап,

Жауын болып жауылды

 Дидактикалық ойын.

«Кім не істейді?»

Ойынның шарты:Өздері таңдап алған суреттегі мамандық иесі не істейтінің айту.

Диқаншы-егін егеді,баптайды.

Тракторшы-жер жыртады.

Наубайшы-нан пісіреді.

Диірменші-ұн тартады.

Балалар кім нан туралы тақпақ біледі?











-Сәлеметсіз бе?







Балалар мұқият тыңдап, көреді.



















Балалар қайталайды.





Балалар қимыл –қозғалыспен жасайды.





Ойынды балалар тапқырлықпен орындап шығады.




Ақнұр: Нан қоқымын шашпаңдар!

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Сымбат: Нандай жоқ қой асыл дәм

Жеп үйренген жасыңнан

Дастарқаннан нан кетсе

Береке кетер асыңнан

Рефлексиялық- түзетушілік

-Балалар нан дастарқанға қалай келеді?

Сурет арқылы балаларға қорытындылау.

Наубайшы апай балаларға пісірген дәмді бауырсағын таратады.

Балаларды мақтап, мадақтау

Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар,

Нанда адамның еңбегі мен ары бар.

Нан-өмірдің, ана сүті арқауы,

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар?!




Балалар наубайшы апайға алғыстарын білдіреді.


Күтілетін нәтижелер:

Нені біледі: нанның түрлерін.

Нені игерді:нанның дастарқанға келу жолын.

Нені меңгерді:нан туралы тыйым сөздерді, үлкендердің еңбегін құрметтей білуді.














































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
272
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі