жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық оқу қызметі
Білім беру саласы: Шығармашылық. Қатынас.Әлеуметтік орта
Бөлімі: Сурет салу. Тіл дамыту.Әкология.Музыка. Көркем әдебиет
Тақырыбы: Ақ мақтасын төкті аспан
Мақсаты: Балаларға қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсінік беру.
Балалардың ой- қиялын, шығармашылық ой- өрісін, әсемдікті
қабылдауын дамыту.
Балаларды табиғаттың әсемдігін сезіне білуге және қамқор болуға
тәрбиелеу.
Әдіс- тәсіл: көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу, көркем сөз, слаид,
қ/сәті: Қар ханшайымы
Көрнекіліктер: қыс мезгілі туралы суреттер, бейнелі заттар, қар ұлпалары,
мұздақтар
Қажетті құрал- жабдықтар: түсті парақ, гуашь, қылқалам, түтікше, губкалы
таяқшалар,тіс пастасі, тіс щеткасы, дымқыл қол сүрткіш.
Белингвалдық компонент: қыс-зима, қар-снег, аяз- мороз, аққала- снеговик
Д/О: «Қыс мезгілінің жағымды және жағымсыз жағы»
|
Іс- әрекет қызметі |
Бейін оқытушысының іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Психо жаттығу.
|
-Жақсы көңіл күймен жаттығуға сай қимыл іс- әрекет жасай алды |
|
|
Ұйымдастыру ізденістік
Қызықтыру сәті:
Қызықтыру сәті:
Белингв. компонент
Сергіту сәті:
Рефлексивтік түзетушілік: |
Оқытушы: Балаларға қыс мезгілі туралы туралы А. Құнанбаевтың «Қыс »өлеңін оқып беру.
-Балалар бір жылда неше мезгіл бар? Төрт мезгілді атап беріңдерші?
Балалар бір жылда неше ай бар? Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілін сендер жақсы көресіңдерма?
-Қыс мезгілі немен көрікті? -Олай болса бәріміз көзімізді жұмып, көз алдымызға қыс мезгілін елестетейік.
Үн таспадан «Қыс» мезгілі туралы өлең шумағы оқылады Аппақ- аппақ қар аппақ Қар жамылған дала аппақ Қырау-қырау тал аппақ Айналаның бәрі аппақ Аспан жерге төгілді Ақ күмісін уыстап Жауса жаусын ақшақар Гүлдене бер бақшалар
Оқытушы:Кәнекей балалар көзімізді ашайықшы. Балалар бұл өлең шумағы жылдың қай мезгілі жайлы екен?
-Балалар біз шынымен қыс мезгілін елестетіп қыстың ызғары келгендей денеміз тоңды. Үн таспадан:қыс мезгіліндегі жел ызғарының боранның дыбысы шығады. Оқытушы: Балалар ызғарлы желдің суық даусынан сендер тоңдыңдар ма? Олай болса балалар орнымыздан тұрып денемізді жылыту үшін жаттығу жасайық:
Кел балалар, кел бері Қыздырайық денені Орнымызда тұрып –ақ Жүгірейік бір - уақ
Ал, енді балалар жылындыңдар ма? Балалар айналамызға қараңдаршы қандай керемет қыс мезгіліндегі табиғаттыі әсемдігі Аспаннан жауып тұрған қар ұлпалары қандай керемет, саудыраған мұзын қараңдар тамаша емес пе балалар? Балалар мынау не тұрған? Аққаланы неден соғады? Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым кеп тұр. Тікен- тікен тік пісте Қысы жазы бір түсті -Жарайсыңдар балалар қыс мезгіліндегі біз асыға күтетін мерекенің көркі шырша. Кәнекей, балалар енді мына сиқырлы орындықтарға отырыңдар. Балалармен қыс мезгілі слаидты тамашалау. Борандатын, қарын шашып Қар ханшайымы келеді. Оқытушы:Балалар бұл кім борандатып келе жатқан? Қар ханшайымы: Қар ханшайымы аппақпын Біле білсең тақпақпын Адал болған әркімнің Жүрегіне жатпақпын! Оқытушы:Балалар Қар ханшайымымен амандасайықшы -Қар ханшайымы қатты ашулысыз ғой борандатып қайдан келе жатырсыз? Қар ханшайымы: Ақпан айы менің қыс мезгілімнің соңғы айы болғандықтан, менің күміс қолғабымдағы қар ұлпаларымды жер бетіне жаудырып, борандатып келе жатырмын. Ал, сендер не істеп отырсыңдар? Оқытушы:Біз балалармен қыс мезгіліндегі табиғаттың керемет сұлулығы мен ерекшеліктері туралы әңгімелесіп отырмыз. Қар ханшайымы:Олай болса мен сендерге өзімнің жақсы көретін жұмбағымды жасырайын, егерде жұмбақтың шешуін дұрыс айтпасаңдар сендерді мұзғып қатырып қоямын. Шанамен зырлап желетін. Шаңғы, коньки тебетін. Аққала жасап ойнайтын. Қай кез деп ойлайсың? Оқытушы: Қар ханшайымы енді ашуың басылды ма? Балалардың жауабы дұрыс болды ғой. Қар ханшайымы:Тағы бір жұмбақ жасырайын Қол созсаң ақ күміс алақанға толады Iз түссіз лезде жоқ болады. Менің ашуым басылды балалар. Оқытушы:Қар ханшайымы енді ашуыңыз басылды дем алыңыз, отырыңыз. Біздің балалар білімді, өнерлі қазір қыс мезгілі туралы тақпақтарын тамашалаңыз:
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген