400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналармен, балаларға
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: «Сиқырлы сурет»

Тақырыбы: Түзу жолда, мен жүремін тура.

Мақсаты: Балалардың бояумен сурет салуға қызығу-шылықтарын арттыру. Қылқаламды оң қолдарына ұстап сурет салуға жаттықтыру, саусақтың ұсақ бұлшық еттерін дамыту. Жолақ «жолдарға» бояуды біркелкі жаға білуге дағдыландыру, қағаз бетінде кеңістікті бағдарлауға үйрету. Іздің әртүрлі пішіндерін байқату. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі қүралдар: демонстрациялық ма-териалдар, мысық.

Қажетті қүрал-жабдықтар: қылқалам, сурет дәптері, мысық, қоңыр түсті бояу, сүрткіштер.

Алдын ала атқарылған жұмыстар: жерге, құмға суреттер салу, жүруге байланысты әртүрлі ойындар.

Сөздік жұмыс: бояу, іздер

Билингвальді компонент: жол-дорого

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық –қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға гүл шашылды

Қайырлы күн!

Біз нәзік қыздармыз!

Қайырлы күн!

Біз ержүрек ұлдармыз!

Тәрбиеші шеңбердің ішімен жүреді, бірде ұлға, бірде қызға кезек-кезек қарап айтады.

Қолдарын бір-біріне ұстатады.

Балалар бір-бірінің көздеріне қарайды да, күлімдейді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

- Бүгін бізге қонаққа мысық өте

әдемі болып келіпті. Көңіл бөліп

қараңдаршы.

Қолындағы бояуды көрсетеді.

Мысық:

- Мен сендерге арнап үнтаспаға

қоятын әуен ала келдім. Оған

қоса әдемі бояу алып келдім.

Бүгін бояумен сурет салуды үйренейік.

Үнтаспадан әдемі әуен қойылады.

Балалар топта жүріс түрлерін

салып жүреді, аяқтаған соң,

мысық өзі жүргісі келетіндігін

айтады. Алдымен боялған сулы

қағаздың үстіне жүреді де,

содан соң таза қағазды басып

жүріп, ізін көрсетеді. Балаларға

кім болса да жүрген кезде

із қалдыратынын көрсетіп,

түсіндіреді.

Қолына дөңгелек, үлкен сопақша

мөртаңбаны алып, оны сулы

жолға басып, әр іздер бұйымның өзінің сұлбасын тура қайталап отыратынын байқатады,

іздердің арақашықтығын

сақтау керектігіне балалардың назарларын аударады.

Сөздік жұмысын өткізеді.


Сергіту сәті: жасауды ұсынады.



Балаларға түзу жолға із салу жолын түсіндіреді. Ізді қоңыр түсті гуашьты пайдаланып, қылқаламның ұшын баса отырып, дөңгелектеп салады. Сурет салғанда сүрткішті, қылқаламды дұрыс пайдалану ережесіне тоқталады.

Балалар мысық пен қуана сәлемдеседі.

Қолындағы бояудың түстерін қарап,

байқайды. Бояуға қарап түстерін қайталап, танып, ажырату ойынын ойнайды.

Үнтаспадан естілген әуенге сәйкес жүріс

түрін салады. Біресе марш әуенімен

ұландар сияқты жүреді, бірде топта

«топ-топ» деген сөзді айтып жүреді.

Кіші із болса кіші із, үлкен із болса үлкен із,

домалақ болса домалақ із, сопақ болса сопақ

із болатындығын түсінеді.

Қағаздың бетінен ізді бақылап көреді.

«Бояу», «із» деген сөздерді қайталап, жаңғырық әдісімен айтады.




Балалар күзгі алма бағының ішінде жүріп, терең тыныс алып, демдерін шығарады.


Түзу жолдар салынған қағазға арақашықтығын сақтай отырып, қылқаламды гуашьңа батырып алып, бірдей мөлшерде іздер салып шығады. Іздерді бір-біріне ұқсатуға көңіл бөледі.

Рефлексиялық-түзетушілік

Мысық барлық балалардың

суретін көріп, әдемі салғандарын,

біркелкі ізге ұқсатқандарын

айтып, мадақтайды. Оларға бүгін

бояуды да сыйға беріп, көп сурет

салып жаттығуға шақырады.

Қоштасып, өз достарына

баратындығын айтады.

Балалар өз суреттеріне

қарап, мысықтың

айтқанына келісетін-

келіспейтіндері

туралы ойларын

айтады. Мысыққа

рақмет айтып,

сурет салуға жалықпайтындарын көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: бояудың түрлері, іздердің әртүрлілігі жайында.

Игереді: арақашықтықты сақтай отырып бірдей іздер салуды.

Меңгереді: қылқаламның ұшын баса отырып бояуды дұрыс пайдалануды.














«ІІ - ші кіші» тобындағы оқу іс - әрекетін ұйымдастыру

технологиялық картасы

Күні: 23.06.2020 ж

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: «Мультфильм»

Тақырыбы: «Әке мен бала»

Мақсаты: Тыңдай білу, әңгімелей білу іскерліктерін, дағдыларын дамыту.

Әңгіме мен ертегіні ажырата білуге үйрету.


Көрнекіліктер: портреті, суреттер.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ - жауап, түсіндіру.


І. Тәрбие жұмысының барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Психологиялық сәт.


Қайырлы күн, әрқашан күн сөнбесін,

Күн нұрындай жылуын төге берсін.

Күндей жарық көңілді күй кешейік,

Бәріміз дос болып бөлісейік.


3. Кіріспе әңгіме.


- Суретте кімді көріп тұрсыңдар?

- Сендер Ыбырай атаның қандай өлеңдерін, ертегілерін, әңгімелерін білесіңдер?

4. Бүгін Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» атты шығармасымен танысамыз.

5. Педагог шығарманы оқып береді.


6. Сұрақ - жауап.


- Балалар, шығарма не жайында?

- Баланың істеген ісі дұрыс па?

- Неге дұрыс (дұрыс емес) деп ойлайсыңдар?

- Баланың мінезі ұнады ма?

- Сендер әкелеріңнің тілін аласыңдар ма?

- Енді суретке қарап, әңгімені естеріңе түсіріңдер.


7. Мазмұнын айту.


8. Қорытындылау.

Сабаққа белсенді қатысқан балаларды атап өтіп, сабақты аяқтау.









«Әке мен бала»
















«ІІ - ші кіші» тобындағы оқу іс - әрекетін ұйымдастыру

технологиялық картасы

Күні: 24.06.2020 ж

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлімі: «Дидактикалық ойын»

Тақырыбы: «Доппен ойнау» 

Мақсаты: «Жоғары - төменде», «астында - үстінде», «сол жақта - оң жақта» ұғымдарын бекіту.
Көрнекілік: Доп. 
Ойынның мазмұны:

1-вариант: Балалар екі командаға бөлінеді. Жіп керіліп, оның екі ұшынан ұстап тұруға болады. 
«Доп төменде» деген бұйрық берілісімен екі бала /әр командадан/ бірден допты жіптің астынан алып өтеді де, «доп жоғарыда» деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лақтырады. Әрі қарай ойынды ойыншылардың келесісі жалғастырады. Ешқандай қате жібермеген команда ұтып шығады. 
2-вариант: Балалар сапқа тұрады. Доп бірінші баланың қолында «доп оң жақта» деген бұйрық айтылғанда доп оң жаққа беріледі. «Тоқта» деген бұйрық бойынша допты сапта тұрған балалардың біреуі ұстап қалады. «Доп сол жақта» деген бұйрық бойынша доп сол жаққа беріледі. 
Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар жеңімпаздар атанады. 



«ІІ - ші кіші» тобындағы оқу іс - әрекетін ұйымдастыру

технологиялық картасы


Күні: 25.06.2020 ж

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: «Көркемсөз»

Тақырыбы: «Жайдарлы жаз»

Жазда ыстық сүйемін,
Сайраңдап жүремін.
Суына шомылам,
Күніне күйемін.








«ІІ - ші кіші» тобындағы оқу іс - әрекетін ұйымдастыру

технологиялық картасы


Күні: 26.06.2020 ж

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: «Қимылды ойын»

Тақырыбы: «Тату - тәтті отбасы»

Мақсаты: балалардың танымдық қабілетін дамыту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ойын шарты: Балалар бөлме ішінде әуен ырғағымен жеңіл билеп жүреді. Тәрбиеші әуенді тоқтатып хабарлама жасайды: «Тату - тәтті жанұяда» 3 адам н/е (2,4) адам тұрады. Балалар үштен, екіден, төртен бірігеді.Ойын осылай бірнеше рет қайталанады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 шілде
401
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі