Үй
құстары
Үйсинбаева Марал Ибадилдаевна
ІІ санатты тәрбиеші,
Жамбыл облысы Талас ауданы
Тамды ауылы «Ақниет» бөбекжай
бақшасы

Білім
беру саласы:
Таным,шығармашылық
Бөлімі: Жаратылыстану,сенсорика,музыка
Мақсаты:
Білімділік:Үй құстарының сыртқы бейнесі
мен тіршілігі,қоректенуі
туралы баяндау. Үй құстары
және олардың балапандарымен таныстыру,
үй құстары жайлы түсініктерін
ажырата білуді үйрету;
Дамытушылық: Өнертапқыштық тапсырмаларды
шешу теориясы технологиясы арқылы қиялын дамыту, ойын арқылы сөздік
қорын,таным үрдістерін дамыту.
Тәрбиелік: Үй құстарына қамқор болуға,
оларды күте білуге, құстарды қорғауға
тәрбиелеу.
Әдіс -
тәсілі: Сұрақ - жауап,
көрсету,түсіндіру, сергіту сәті, ойын,ғаламтордан ертегі
көрсету.
Оқу қызметінің
түрі:кіріктірілген
некіліктер мен
құрал-жабдықтар: магниттік тақта,үйшік,үй
құстарының суреттері, жұмыртқа.
Билингвалды
компонент: үй құстары - домашние птицы,
әтеш-петух , тауық- курица, балапан-цыпленок, қаз-гусь,
мамыр-гусенок , үйрек-утка, шүрегей-
утенок
Сөздік
жұмыс: Үй
құстары,әтеш,тауық,үйрек,қаз
Инклюзивтік
әлеумет:Айым,Аруназбен жеке жұмыс
жасау.
Мотивациялық-қозғаушылық:
Жылулық
шеңбері
-Балалар ең алдымен«Амандасу -
адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы» деп, келген
қонақтарымызбен амандасайық.
- Балалар, қазір жылдың қай
мезгілі?
- Күзде ауа-райы қандай болады?
- Балалар, күн суық болса да
біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан-жағымызға беріп, жылулық
шеңберін құрып,кәне бастайық.
Күнге қарап қолымды
Бір, екі, үш деп соғайын
Қарап тұрған көршіме
Мен қолымды бұлғайын
Жылы-жылы жүзбенен,
Жылы-жылы сөзбенен
Жүрегімді сыйлайын
- Өте жақсы. Жарайсыңдар,
орындарыңа отыра қойыңдар!
-Балалар жылулық шеңберін
қимыл-қозғалыспен орындайды
Ұйымдастырушылық-іздністік:
- Балалар сендер ертегі
тыңдағанды ұнатасыңдар ма?
-Ұнайды
- Олай болса қазір
қиял-ғажайып еліне саяхаттап, серуендеп емес, қиялдап, көзімізді
жұмып барамыз. Қәнекей бәріміз көзімізді жұмайық.
(Сиқырлы әуен
ойналады)
- Балалар біз қиял-ғажайып
еліне жеткен сияқтымыз, көзімізді ашайық.
- Сендер мені мұқият отырып
тыңдасаңдар ғана, ертегі көрсетемін.
- Жарайды, келістік. Біз
ертегіні тыныш отырып тыңдауға,көруге сөз
береміз.
- Олай болса мен сендерге
"Шұбар тауық" ертегісін көрсетемін.
Рақмет сізге, ертекші апай.
Сау болыңыз!
- Сау болыңдар
балалар!
- Балалар біз елімізге оралу
үшін тағы да көзімізді жұмып қайтуымыз
керек.
(Сиқырлы әуен
ойналады)
-Балалар көзімізді ашсақ
болады
Тобымызға
келдік.
Балалар, бүгін біздің
ашық оқу қызметіміздің тақырыбы:"Үй
құстары"
- Балалар, қәнекей бәріміз
тақтаға назар аударайықшы.

- Тауық, үйрек, қаз, әтеш -
бұлардың бәрі үй құстары деп аталады.
-
Мынау-тауық.Тұмсығы,аяғы,қанаты бар
- Ал мынау-үйрек.Бұл құстар
суда жүзгенді ұнатады.
- Мынау-қаз. Қаздың мойны,
тұмсығы ұзындау болады.
- Мынау- әтеш. Әтеш тауыққа
қарағанда үлкендеу болады,басында айдары
болады.
- Балалар, үй құстары жеммен
қоректенеді.Олар көктемде балапан басады.Үй құстарының пайдасы өте
көп: жұмыртқасын, етін адамдар тағам ретінде пайдаланады, жүнінен
жастық, көрпе жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқорлық
көрсетіп, асырайды. Қора жасайды, ұя салады, жем береді, ыдысқа су
құйып береді, ұя маңын тазалайды, балапандарына да қорек беріп,
көмек көрсетеді.
- Енді балалар осы үй құстарын
көрдік, енді олардың сендер сияқты кішкентай балапандары
болады, солармен танысайық,оларды санап
көрейік.
-Балалар:балапандарды
санайды
- Тауық -
балапан,
-Қаз-
мамыр,
-Үйрек-
шүрегей.
- Балалар үй құстарының
дыбысын салу арқылы тілімізге жаттығу
жасайықшы.
- Тауық қалай
дыбыстайды
-Балалар:-
қыт-қыт-қыт
- Үйрк қалай
дыбыстайды?
-Балалар:-га-га-га
- Қаз қалай
дыбыстайды?
-Қаңқ-қаңқ-қаңқ
-Әтеш қалай
дыбыстайды:
-Ку-ка-ре-кук
- Балалар сендердің түрлеріңе
қарасам қатты шаршаған сияқтысыңдар. Қәне бәріміз орнымыздан тұрып,
сергіту жаттығуын жасап алайық.
Сергіту
сәті:
«Цып-цып,мой цыплятки»музыка
әуені ойнайды.
-Балалар
қимыл-қозғалыспен орындайды

Дидактикалық
ойын: «Дауысын ажырат» Ойын шарты:
үй құстарының даусын есту арқылы,қай құс екенін табу
керек.
-Балалар үй құстарының даусын
ажыратады

Дидактикалық
ойын: «Жұмыртқа жинау» Ойын
шарты:жұмыртқаны жинап,қанша жинағанын
санау
-Балалар,жұмыртқаны жинап,оларды
жинайды.
Рефлексиялық-түзетушілік:
- Балалар, сонымен үй
құстарына нелер жатады?
- Жарайсыңдар балалар! Бүгін сендер ашық оқу-қызметіне өте жақсы
қатысқандарың үшін, мына сиқырлы жұмыртқаның ішіндегі тәттілерді
сендерге сыйға тартамын
-Балалар сиқырлы жұмыртқаның
ішінен шыққан тәттілерді алады
Ал, балалар
тұрайық,
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламатта болайық.
Балалар:Сау
болыңыз!
Күтілетін
нәтижелер:
Нені
біледі: үй құстары түрлерін,
олардың немен қоректенетінін, адамдарға деген пайдасын, үй құстары
жайлы түсініктерін ажырата біледі;
Нені
меңгереді: үй құстарының дыбыстарын,
сыртқы бейнесі мен тіршілігін меңгереді;
Нені
игереді: үй құстарына деген
қамқорлықты, оларды күте білуді игереді.



