400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ортаңғы" тобыБілім беру саласы: Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы:Көліктер Мақсаты:Мақсаты: Балалардың көлік туралы түсініктерін бекіту. Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде , суда, әуеде) атқаратын қызмет аясына қарай салыстыра білуге үйрету. Олардың қызметінің маңыздылығы туралы ұғымдарын кеңейту. Жолда жүру ережесі туралы түсінік беру. Баланың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Достық пен сыйластыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Білім беру саласы: «Әлеумет», «Қатынас», «Шығармашалық»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Көлік түрлері»

Мақсаты: Балалардың көлік туралы түсініктерін бекіту. Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде , суда, әуеде) атқаратын қызмет аясына қарай салыстыра білуге үйрету. Олардың қызметінің маңыздылығы туралы ұғымдарын кеңейту. Жолда жүру ережесі туралы түсінік беру. Баланың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Достық пен сыйластыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Ойын технологиясы,АКТ технологиясы

Көрнекі құрал-жабдық:Слайд, бейнежазба, фетрадан дамытушы ойын. Бағалау жолақшасы, түрлі түсті көліктер.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І-Кіріспе бөлім


Тәрбиеші: Саламатсыңдар ма, балалар! Көңіл-күйлерің қалай? Өте жақсы олай болса бүгінгі қызықты оқу қызметімізді бастайық. Қараңдаршы балалар біз тақтамыздың электронды почтасына хат келіп тұрған сияқты. Бұл не хат екен? Ашып көрейікші.

Ой балалар, мынада хат жазылыпты және ішінде қиынды сурет бар екен. Суретті көрмес бұрын мен сендерге келген хатты оқып берейін:

«Саламатсыңдар ма, балалар! Мен сендердің «Балапан» телеарнасында сүйіп көретін мультфильмдегі Тайо көлігімін. Маған сендердің көмектерің керек болып тұр. Мен достарымның суреттерін байқаусызда жыртып алдым. Соны құрастыруға көмектесіңдерші».


Тәрбиеші: Балалар Тайо көлігіне көмектесеміз бе? Олай болса тақтадағы бөлінген суретті құрастырып көрейік.

(балалар тақтада үшке бөлінген суретті құрастырады)


ІІ – Негізгі бөлім

Тәрбиеші: Ой балалар, қараңдаршы нелердің суреті шықты? (көліктердің) Дұрыс айтасыңдар Тайоның достары әртүрлі көліктер екен.

Ғажайып сәт: Осы кезде интерактивті тақтада Тайо көлігі сөйлейді.

Shape2 Shape3 Shape4

Тайо: Достарым сендерге суретімді құрастырып бергендеріңе көп-көп рахмет. Сендерге менің достарым туралы жақын танысу үшін бейнежазбаны жібердім. Көріп танысарсыңдар. Сау болыңдар.

(тақтада әуе, жер, су көліктері туралы видео көрсетіледі)






Тәрбиеші: Бәрекелді балалар, біз Тайоның достарымен таныстық. Айтыңдаршы көліктер қандай түрлерге бөлінеді екен? Дұрыс айтасыңдар әуе, жер, су көліктері бар екенін көріп тамашаладық. Енді сендердің қалай түсінгендеріңді қызықты дамытушы ойындар арқылы анықтап көрейік.


Қызықты дамытушы лэпбук: «Көліктерді орналастыр»

Мақсаты: Балаларды көлік түрлерін өз ерекшеліктеріне қарай орналастыра отырып, өз ойларын жеткізе білуге дағдыландыру.

Ойын шарты: Балалардың алдарындағы қорапша түрінде дайындалған лэпбуктың сыртындағы көріністерге сай, көліктерді ерекшеліктері бойынша таңдап алып, тиісті орындарына орналастырады және сипаттап айтады. Лэпбукты ашып ішіндегі қиынды суреттерден көліктерді құрастырады.


Тәрбиеші: Балалар сендер шаршаған боларсыңдар. Олай болса көңілді әуенмен сергіту жаттығуын жасап алайық.

Сергіту сәті


Балалар көңілді әуенмен керемет сергіп алған боларсыңдар. Ендеше мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін табуға дайын болыңдар. Сендер дұрыс тапсаңдар тақтада суретін көреміз.

Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (
Бағдаршам)


Дұрыс таптыңдар, бұл бағдаршам. Бағдаршам қандай көлік түрлері үшін керек айтыңдаршы? Өте жақсы бағдаршам жер көліктеріне арналған.

-Бағдаршамда неше көзі бар? Атаңдаршы.


ІІІ – Қорытынды бөлім


Балалар сендер бүгін ұйымдастырылған оқу қызметіне өте керемет қатыстыңдар. Мен сендерге риза болдым.

-Айтыңдаршы қандай көлік түрлері бар екен?

- Олардың ерекшеліктерін атаңдаршы?

  • Жер көліктерді не істейді? /жер көліктері жүреді/

  • Әуе көліктері не істейді? /әуе көліктері ұшады/

  • Су көліктері не істейді? /су көліктері жүзеді/


Өте жақсы, олай болса бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнадыма, қызықты болды ма соны түрлі түсті көліктер арқылы белгілеп көрсетейік.


Бағалау жұмысы: Тақтада үш жол көрсетіледі. Балалар үстел үстінде дайындалған түрлі түсті көліктерді өздері апарып орналастырады.


  • Қызыл көлік – бүгінгі оқу қызметті қызықты болды;

  • Сары көлік – бүгінгі оқу қызметі маған ұнады, түсіндім.

  • Жасыл көлік – тағы да осындай оқу қызметін көргім келеді.


Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: Көлік атауларын атайды

Түсінеді: Көлік қызметінің маңыздылығын

Қолданады: Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып, салыстырады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 желтоқсан
475
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі