400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты :Балаларға су туралы түсінік беру және судың қасиеттері жайлы тәжрибе жасау арқылы түсіндіру.Судың адам өміріндегі маңыздылығы, тіршілік нәрі екендігін айту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Су тіршілік - көзі»

Мақсаты :Балаларға су туралы түсінік беру және судың қасиеттері жайлы тәжрибе жасау арқылы түсіндіру.Судың адам өміріндегі маңыздылығы, тіршілік нәрі екендігін айту.

Көрнекі құралдары:Суреттер ,слайд,су.стакан,бояу, қағаз,қант,шәйнек

Блингвалды компанент:Су вода ,water/

Шаттық шебері:

Күндей күлімдеп,

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір ,таза көңілмен

Оқу қызметімізді бастаймыз!

Қайырлы таң!

Доброе утра!

Good moring!

Жұмбақ:

Аспан түстес сұйық

Әркім ішер құйып (Су )



Аспаннан домалап

Көп моншақ төгеді

Бұл не? (жаңбыр)

Балалар менің қолымда ғаламшар.

Ғаламшар дегеніміз не?

Ол неге ұқсайды?

Ғаламшарды айналдырсақ бірақ түсті ғана болып көрінеді.Себебі жер бетінде су өте көп .Сондықтан картада суда көк түспен белгілейді.Көк түс судың түсі.Мұхиттардың теңіздердің өзен көлдердің түсі көк.

Су жайлы слайд.

Ғажайып сәт:(Тамшы қонаққа келеді).

Бізге қонаққа « Тамшы » келіпті

Қане балалар қонақпен амандасып алайық.

Тамшы ,кел төрлет,біз бүгін су әлеміне зерттеу жасаймыз.Өзің туралы білгің келе ме?

Тамшы;Әрине,білгім келеді

Ендеше сен де мүқият тыңдап отыр.

Балалар Тамшы өзі жайлы білмейді екен кәне, біз су туралы не білетінімізді айтып берейік.

Су қай жерде кездеседі ?

Су бізге не үшін қажет?

Тамшы дегеніміз не?

Су адамнан басқа нелерге қажет?

Сендер білесіңдер ме судың сыйқырлы қасиеттері бар; Онымен ойнауға іс тәжрибелермен сыйқырлар көрсетуге болады қазір нағыз ғалымдар сияқты түрлі тәжрибелер жасаймыз.

  1. «Судың тамшыға айналуы» Шәйнекке қайнатылған суды құйып,бетін жауып,үстіне мұз қоямыз.Шәйнектің ішінде бұлт сияқты бу пайда болады ,бұлт сейілген соң тамшылар пайда болады.

  2. «Су мөлдір» Су құйылған стаканға қасықты салып,стаканның сыртынан қарағанда қасық көрініп тұрғанын мөлдір түссіз екенін бақылайды.

  3. «Судың дәмі жоқ» Балалар түтікшелер арқылы су ішіп дәмін көреді,қант қосып дәмін татады.

  4. «Суда иіс жоқ »Екі ыдыста су тұрады.екіншісіне стаканға ванил салып судың иісін иіскеп көреді.

  5. «Судың тұрақты пішіні болмайды» Суды тәрелкеге құйып, судың пішінінің өзгеруін бақылайды.

Тәрбиеші :серігіп алу үшін «Тук ,тук»

Балалар судың әртүрлі қасиеттері бар екендігіне көз жеткіздік.Сонымен қайталап айтайық судың қандай қасиеттері бар?

Тосын сый. «Сайқымазақ » келеді.

Балалар сайқымазақпен амандасады.

Сайқымазақ: Балалар мұнда не болып жатыр?

Тәрбиеші: бізде мұнда мереке болып жатыр, бүгін су күні.

Сайқымазақ сен су тьуралы не білесің?

Сайқымазақ:Мен су туралы көп білмесем де сумен ойнағанды жақсы көремін және көптеген ойындар білемін менімен ойын ойнағыларың келеме ?

Олай болса ,екі топқа бөлініп ойын ойнайық

Ойын «Кім көп су тасиды?» екі команданың аты Зам зам және тұнық

Шарты:екі команда бөлініп шелекке су тасып құяды қай команда көп су тасыса сол команда жеңімпаз.

Сайқымазық екі команданың суын салыстырып көреді жеңімпаз команданы атайды.

Ойын «Балық аулау» басейіндегі балықтарды бір бірден аулау қажет.

Тәрбиеші: балалар шаршап қалған боларсыңдар енді бойымызды сергіту үшін ән айтайық.

Ән «Аяқпеннен топ топ топ.»



Ойын «Кім мерген» нысананы дәлдеп ату .

Ойын: «Жел аяқ » мәреге тез жету керек

Ойынның шарты: екі бала доптарға мініп мәреге дейін жарсады, екі жақтан су бүркеп тұрады балалар су болып қалмауы үшін кедергілерден жылдам өтіп мәреге жетуі тиіс.

Сайқымазақ: жеңімпаз команданы атап тамшы екуі қоштасады.

Тәрбиеші: Ал балалар балабақшамызға арнап «Балабақша» әнін шырқайық

Ән «Балабақшам »

Қорытынды:

Тәрбиеші:Балалар, бүгінгі оқу қызметіміз не жайында болды?

Су қандай тіршілік иелеріне қажет екен?

Судың қандай күйлері болады екен?

Бізге қонаққа кім келді?

Қандай ойындар ойнадық?

Су қандай табиғатқа жатады?

































«Балапан » бөбекжай бақшасы













Ашық оқу қызметі.

«Су тіршілік – көзі-»

Тәрбиеші: Аллабергенова Б.Р.

























2021 жыл











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 желтоқсан
378
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі