Білім беру
саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу
қызметі: Жаратылыстану.
Тақырыбы: Қармен
таныстыру.
Мақсаты: Балаларға қыс мезгілі туралы
мағлұмат беру.Қар ерекшелігін сипаттау.Өз
ойла
рын еркін жеткізе білуге
үйрету.Табиғат әсемдігін сезіне білуге
тәрбиелеу.
Шаттық
шеңбері.
Табиғатым
тамаша
Көз тоймайды
қараса,
Табиғатты
аялап,
Жүрейікші
жараса.
Сәлем саған Жер
ана!
Сәлем саған Нұрлы
күн!
Балалар қазір жылдың қай
мезгілі?
-Қыс
мезгілі.
Өте дұрыс,қыс
мезгілі.
Балалар қыс мезгілінде 3 ай
болады,ендеше барлығымыз бірге
қайталайықшы.
-Желтоқсан,қаңтар,ақпан.
Жарайсыңдар,балалар.
Балалар қыс мезгілі өте суық
болады.Сондықтан да қалың киініп жүруіміз керек.Олай болса қыстық
киімдерді атайықшы.
-Бас
киім-телпек,тымақ,тон,етік,қолғап,мойын
орағыш.
Жарайсыңдар балалар,өте
жақсы.
Енді балалар,өткен оқу
қызметімізді қайталайықшы.
Менің қолымда қандай үй
жануары бар?
-Сиыр.
Өте дұрыс,сиыр қалай
дыбыстайды?
-Му-му.
Ал бүгін біздің ашық оқу
қызметіміздің тақырыбы,Қармен таныстыру деп
аталады.
Ендеше барлығымыз
орындарымызға жайғасайық.
Балалар суретте жылдың қай
мезгілі бейнеленген?
-Қыс
мезгілі.
Өте дұрыс.Балалар қыс мезгілі
өте суық болады.Боран соғып,аяз болады.Қыс мезгілінде қар
жауады.
Менің қолымдағы суретке назар
аударайықшы.Айнала аппақ.Бұл қар екен балалар. Қардың түсі ақ
болады.Қардан балалар аққала жасап ойнайды.Шаңғы теуіп
ойнайды.
Ендеше балалар қармен танысу
үшін табиғатқа барып,серуендеп келейік.
Балалар айналаға
қараңдаршы,нені байқап тұрсыңдар?
Айнала аппақ екен.Ағаштар мен
шыршаларды қар басып тұр екен.
Балалар бейнебаянға көңіл
аударайықшы,нені көріп тұрсыңдар?
-Қарды.
Өте
дұрыс.
Балалар –қар
дегеніміз,кішкентай мұз кристалдарынан тұратын жауын-шашын.Сол
крис- талдар аязды күні үлкейіп қар жұлдызшаларына
айналады.Атмосферадағы қозғалыстың
салдарынан қар жұлдызшалары
бір-бірімен бірігедіда,жапалақ болады.Бізге қар болып
жауады.
Ал енді балалар менің
қолымдағы қарды ұстап көріңдерші,не
байқадыңдар?
Қар өте суық.Сондықтан да
қарды ұстар алдында міндетті түрде қолымызға қолғап кейген дұрыс.Ал
енді мен қарды лупа арқылы қарап,сендерге пішіндері қандай
болатынын көрсе- тейін.
Ал енді балалар қар жылы жерде
болғанда ол еріп суға айналады,ал суды қатырсақ мұзға
айналады.
Балалар қардың не екенін
білдіңдерма?
-Иә.
Балалар бұл боранның
дыбысы,ендеше барлығымыз боран болып
тербелейікші.
Ал бұл қардың дыбысы,қатты аяз
болған кезде,қарды басып жүрсеңдер осындай дыбыс
шығады.
Олай болса сендерге тапсырмам
бар,соны бірігіп орындайықшы.
Суретте қыс мезгілі
бейнеленген,соған қыс мезгілінің ауа райының құбылыстарын
орна-
ластырайық.
Өте
жақсы,жарайсыңдар.
Ендеше топқа
барайық.
(Сол кезде мұз ханшаймы
келеді)
Саламатсыздарма,балалар.
Балалар,бізге кім келіп тұр
екен?Сендер білесіңдерме?
Бұл мұз ханшайымы,ендеше
барлығымыз бірге амандасайық.
Саламатсызба,мұз
ханшайымы.Сіздің көңіл-күйіңіз жоқ
сияқты?Неліктен?
Мұз
ханшайымы: Менің әлемімде күздің
кеткеніне кеше ғана.Ал мен қыс мезгілі
болған-
дықтан,қарды сағынып
жүрмін.Сендер маған қардың бейнесін жасап
бересіңдерме?
Балалар келіп тұрған
қонағымызға көмектесейік.
Ендеше мен сендерге үлгісін
көрсетейін,ал сендер мұқият қарап
отырыңдар.
Бірінші желімді жағамыз,одан
соң қардың бейнесін жапсырамыз.
Енді
орындайық.
Мұз ханшайымының көңілі
көтеріледі.
Балалармен қоштасады.Сау
болыңыздар,балалар!
-Сау болыңыз,Мұз
ханшайымы.
Балалар сендер шаршап қалған
боларсыздар,ендеше бойымызды бір сергітіп
алайық.
Сергіту
сәті: Бейнебаян.
-Балалар бізге қонаққа кім
келді? -Мұз ханшайымы.
-Немен таныстық?
-Қармен.
Жарайсыңдар,балалар.
Балалар менімен бірге
қайталаңдаршы.
Балдай тәтті
баламыз,
Айтқан тілді
аламыз,
Ойынменен өседі,ойымызбен
санамыз,
Қол ұстасақ
бәріміз,
Жарасады
сәніміз,
Көріскенше күн
жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз. Сау
болыңыздар!