15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық оқу қызметі "4" санымен таныстыру
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: «4»санымен таныстыру
Мақсаты: «4»санымен таныстыру;
Білімділік: Сандарды тәртібі бойынша атауға және қорытынды санды атауға, «Барлығы қанша?» сұрағына жауап беруге үйрету. Екі қатарда орналасқан заттарды бір-бірімен салыстыру. «Артық», « Кем», «Тең», «Қанша», «Сонша» терминдері жөніндегі ұғымдарын қалыптастыру.
Дамытушылық: Сипап сезу арқылы санау дағдысын дамыту. Ұзындығы мен ені бойынша екі түрлі затты салыстыру. Ұлттық бұйымдарға ұқсайтын геометриялық пішіндерді атау және ажырату.
Тәрбиелік: Ұмыт болып бара жатқан ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: кебеже, желбау, басқұр.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, сәйкестендіру, беттестіру, әңгімелеу, мадақтау.
Керекті құралдар: 4 кебеже,4 кесе,торсықтар,басқұр,желбау,интербелсенді тақта,гоеметриялық пішіндерге ұқсайтын ұлттық бұйымдар.
|
Әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы Іздену ұйымдастырушы Іздену ұйымдастырушы |
Шаттық шеңбері:Күніміз жарық болсын,Деніміз сау болсын,Нанымыз көп болсын.Көк туымыз биік болсынАналар аман болсынТыныштық заман болсынҒажайып сәт:Есіктен Тазша бала келеді.Сәлеметсіңдер ме балалар? Мен сіздерге тойдан базарлық әкелдім. Сабақтарыңа бір пайдасы тиер. Тағыда барар жерім бар. Өздерің ашып қарарсыңдар. Сау болыңдар, балалар!-Қане балалар, бұл сыйлықты көрмес бұрын мен сендердің білімдеріңді тексеріп алайын. Сипап сезу арқылы бұл сыйлықтардың не екенін тауып көрейік.Бұлар не екен балалар?-Жарайсыңдар, бұл сандықтар мен кеселер екен. Бұл сандық болғанда да ыдыс аяқ салатын сандық екен.Оны кебеже деп атаған.Қане, санайықшы, барлығы қанша сандық екен? Ал кеселер нешеу екен?Үш сандыққа 1 сандықты қоссақ, неше сандық болды? -Бізде сандық қанша?-Ал кесе қанша?-Балалар кесе мен сандық тең болу үшін не істеуге болады?-Дұрыс. Тағы бір кесе қоссақ, төрт кесе болады. Енді санап көрейік, екеуі тең бе? Ендеше, кесе қанша болса, сандық та сонша болды.-Дұрыс айтасыңдар. Енді балалар сандық пен кесені сәйкестендіріп көрейік. Әр сандыққа бір-бір кеседен салайық. Енді кесе мен сандықты санап шығайық.Олай болса, біз бүгін төрт санымен танысамыз.4 санының цифрын көрсету.Үлестірмелі материалмен жұмыс. Енді алдарыңызда тұрған не екен балалар? Дастархан жолақпен бөлінген екен. Үстіңгі бөлігіне солдан оңға қарай 4 торсықты орналастырып шығайық. Барлығы қанша торсық болды? |
Шаттық шеңберін орындайды Сәлеметсіз бе? Балалар қызыға қарайды Сандықтар мен кеселер
3 сандық, 3 кесе екен 4 сандық 3 кесе Бір кесе қосамыз. Тең, екеуінің саны 4 екен 4кесе, 4сандық Дастархан Барлығы 4торсық болды Барлығы 3 кесе болды.Торсықтың біреуі артық. Кесенің біреуі кем. Бір кесе қосамыз. Тең болды. Балалар күйдің ырғағымен 4 рет қимылмен көрсетеді. Балалардың жауабы Балалардың жауабы |
|
Рефлексті коррекциялаушы |
-Бүгінгі оқу қызметінде қандай санмен таныстық?-Геометриялық пішіндерге ұқсайтын қандай ұлттық бұйымдарды білдік? |
-«4» санымен таныстық Балалардың жауабы: |
|
Нәтижесі: Біледі: Балалар 4 санын туралы мәліметті; Игереді: 4 санын, «Артық», «Кем», «Тең»; «Ұзын-қысқа», «Қанша», «Сонша» терминдерін; Меңгереді: Ұлттық нақыштарды пайдалана отырып, геометриялық фигуралар жөніндегі ұғымды; |
||
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар 4 санын туралы мәліметті;
Игереді: 4 санын, «Артық», «Кем», «Тең»; «Ұзын-қысқа», «Қанша», «Сонша» терминдерін;
Меңгереді: Ұлттық нақыштарды пайдалана отырып, геометриялық фигуралар жөніндегі ұғымды;

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген