400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық оқу қызметі " Күзгі ағаш"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Шығармашылық» Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Сурет салу

Тақырыбы: «Күзгі ағаш» Мақсаты: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы бейнелеу арқылы балалардың білімдерін кеңейту.Балаларды дәстүрден тыс әдістер арқылы жұмыс жасай отырып,логикалық ойлау қабілетін дамыту.Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге және оны қорғауға тәрбиелеу. Қажетті құралдар: Ақ қағаз, акварель бояу,тіс щеткасы,банка,сүлгі. Әдіс тәсілдер: Түсіндіру,көрсету,үйрету. Шаттық шеңбері: Жер Ана,саған мың алғыс,

Сыйлайсың бізге қуаныш.

Жазда,күзде,қыста да,

Көркемсің көктем тұста да!

Сабақ барысы:

- Балалар,бүгінгі оқу қызметінде күз мезгілімен танысамыз.Мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер жауабын тауып көріңіздер.

Жұмбақ

Жиып теріп болатын,

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың ?


Балалар жауап береді: Күз мезгілі.

Тәрбиеші:

-Дұрыс айтасыңдар,балалар!

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Күз мезгілінің айларын кім атайды?

Балалар жауап береді:

-Күз мезгілінде үш ай бар. Олар қыркүйек,қазан,қараша.

-Күз мезгілінде ағаштардың жапырақтарының түсі қандай болады?

-Ағаштардың жапырақтары сары,қызылсары түсте болады.

-Ағаштардан жапырақтар сарғайып жерге түседі.

Сергіту сәті:

Алтын,сары,қызыл,көк

Алуан алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Ой , алақай тамаша

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша

Ойнар едім жатып ап.

-Балалар , бүгінгі оқу қызметінің тақырыбына орай, күзгі ағашты бейнелейміз.

Бүгінгі жұмысымызды дәстүрден тыс тәсілмен орындаймыз.

Ағаштың діңін қоңыр бояумен салып аламыз.Ағаштың діңін салып болған соң,тіс щеткасын сары,қызылсары бояуларға батырып жапырақтарын саламыз.

Суретімізді салып болған соң, Күзгі бақ көрмесіне жинап қоямыз.

Сабақты қорытындылау:


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Күз мезгілі туралы

Игереді: Эстетикалық сезімін қалыптастыруды

Меңгереді:Бояумен,тіс щеткасымен сурет салуды меңгерді

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
741
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі