|
ОРТАҢҒЫ
ТОП (3 жастан бастап)
|
|
|
«Денсаулық» білім беру
саласы
|
|
|
Дене
шынықтыру
|
|
3-Д.1
|
ересектермен бірге дене жаттығуларын орындай
алады;
|
|
3-Д.2
|
негізгі қимылдардың түрлерін
игерген;
|
|
3-Д.3
|
спорттық жаттығуларды орындаудың алғашқы
техникасы туралы түсініктерге
ие;
|
|
3-Д.4
|
жеке бас гигиенасының бастапқы дағдыларын
меңгерген;
|
|
3-Д.5
|
шынықтыру шараларын өткізу кезінде жағымды
көңіл-күй танытады.
|
|
|
«Қатынас» білім беру
саласы
|
|
|
сөйлеуді дамыту; көркем
әдебиет
|
|
|
Сөйлеуді дамыту
|
|
3-Қ.1
|
қысқа сөйлемдерден неғұрлым күрделі сөйлемдерге
ауыса біледі;
|
|
3-Қ.2
|
өзі, отбасы мүшелері, сүйікті ойыншықтары жайлы
сұрақтарға жауап
береді;
|
|
3-Қ.3
|
қалауларын, сезімдерін, ойларын білдіретін
сөздерді қолдана алады;
|
|
3-Қ.4
|
дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстай
алады;
|
|
3-Қ.5
|
ақпаратпен бөліседі, жайсыздыққа (шаршадым,
ыстықтадым) және
құрдастарының әрекетіне (ойыншығын бермейді)
шағымданады.
|
|
|
Көркем әдебиет
|
|
3-Қ.6
|
белсенді сөздікте барлық сөз таптарын
қолданады;
|
|
3-Қ.7
|
шағын әңгімелерді көрнекіліксіз
тыңдайды;
|
|
3-Қ.8
|
3–5 сөзден тұратын тіркестерді, сөйлемдерді
айтады, ақпараттармен бөліседі;
|
|
3-Қ.9
|
қысқа өлеңдерді анық, асықпай айтады, олардың
мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
|
|
3-Қ.10
|
ертегінің мазмұнын түсінеді және эмоционалды
қабылдайды;
|
|
3-Қ.11
|
құрдастарымен қарым-қатынасқа
түседі.
|
|
|
«Таным»
білім беру саласы
|
|
|
құрастыру; жаратылыстану
|
|
|
Құрастыру
|
|
3-Т.1
|
құрылыс материалдарынан және конструкторлардың
ірі бөлшектерінен
құрастыра
алады, қарапайым пазлдарды жинай алады;
|
|
3-Т.2
|
пішіні, түсі, көлемі, қолданысы бойынша заттарды
топтастырады және
таңдайды;
|
|
3-Т.3
|
құрылыс материалдарының (текшелер, кірпіштер)
негізгі пішінін ажырата
алады;
|
|
3-Т.4
|
көлік құралдарының, автомобиль бөліктерінің
атауларын біледі;
|
|
3-Т.5
|
алмастырушы заттармен әрекеттер
орындайды;
|
|
3-Т.6
|
тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атайды және
ойыншықтарды
пайдалана
отырып, олармен ойнайды.
|
|
|
Жаратылыстану
|
|
3-Т.7
|
суреттен жануарларды тауып, атайды, олардың
сипаттық ерекшеліктерін
атайды;
|
|
3-Т.8
|
көкөністер мен жемістердің бірнеше түрлерін
сыртқы түрі және дәмі бойынша
дұрыс атайды және ажыратады;
|
|
3-Т.9
|
үй құстарының өздеріне тән ерекшеліктерін
атайды;
|
|
3-Т.10
|
ағаш, шөп, гүл сөздерін дұрыс
қолданады;
|
|
3-Т.11
|
табиғи материалдардың қасиеттері туралы
түсініктерге ие;
|
|
3-Т.12
|
өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық
жасайды.
|
|
|
«Шығармашылық» білім беру
саласы
|
|
|
сурет
салу; мүсіндеу;
жапсыру; музыка
|
|
|
Сурет салу
|
|
3-Ш.1
|
қағазға және құмға сурет салудың (үздіксіз
айналмалы сызықтар жүргізеді)
бастапқы техникасын меңгерген;
|
|
3-Ш.2
|
түрлі-түсті қарындаштармен, фломастердің,
гуашьтің төрт түсімен сурет салу
біледі;
|
|
3-Ш.3
|
қағаз бетіне бояулармен штрихтар, жақпалар,
сызықтар салады;
|
|
3-Ш.4
|
қағаз бетін бағдарлай алады.
|
|
|
Мүсіндеу
|
|
3-Ш.5
|
сазбалшықтың кесегін алақан арасына салып илей
алады (шар), жоғарғы
бөлігін саусақпен басып тереңдетеді (қуыршақтарға
арналған печенье);
|
|
3-Ш.6
|
түрлі пішіндерді біріктіру әдісімен заттарды
мүсіндейді (саңырауқұлақ);
|
|
3-Ш.7
|
мүсінделген пішіндерді өзіне таныс заттармен
салыстырады;
|
|
3-Ш.8
|
мүсіндеу кезінде техникалық дағдыларды біледі
және қолданады;
|
|
3-Ш.9
|
халық ойыншықтарын қарастыру барысында қуаныш
білдіреді, орындалған
жұмыс туралы әсерлерімен
бөліседі.
|
|
|
Жапсыру
|
|
3-Ш.10
|
түрлі пішіндерді біріктіру арқылы заттарды
фланелеграфта орналастырады (жіпке байланған шар,
үйшік);
|
|
3-Ш.11
|
дайын сұлбаға элементтерін салып аяқтайды
(марғаудың құйрығын салады);
|
|
3-Ш.12
|
бастапқы техникалық дағдылары қалыптасқан және
қолданады, қағаз бетіне
симметриялық пішіндерді
орналастырады.
|
|
|
Музыка
|
|
3-Ш.13
|
таныс әндерді таниды және дыбыстардың жоғарылығын
ажыратады;
|
|
3-Ш.14
|
әннің мағынасын түсінеді;
|
|
3-Ш.15
|
ересекпен бірге ән айтуға ынта
білдіреді;
|
|
3-Ш.16
|
музыкалық аспаптарды атайды (сылдырмақ, барабан,
домбыра);
|
|
3-Ш.17
|
музыкалық фразалардың жоғары және төмен
дыбысталуын ажыратады, ырғақты және әуеннің жеке екпінін дұрыс
жеткізіп, әннің сөзін есінде
сақтайды;
|
|
3-Ш.18
|
музыка сипатына сәйкес
қозғалады.
|