Қораздың
даусы.
Әже шығып: астапыралла. Мен
қай жерге келіп қалғанмын.
Педагог: сәлем бердік әже, сіз
ағылшын тілі оқу қызметіне келіп қалдыңыз.
Әже: ой тәйірі, не дейді.
Отағасы бері келіңіз мына жақта қызық болып
жатыр.
Ата: қане. Қандай әдемі
балалар.
Әже: балалардың білімін немен
толықтырғалы жатырсыз?
Педагог: үй жануарларын соның
ішінде адамға мол пайдасын берер төр түлікті ағылшын тілінде
үйренгелі жатырмыз.
Әже: онда біз де үйреніп алсақ
қайтеді. Біз де ағылшын тілін үйренгіміз
келеді.
П: Әрине. Олай болса, сіз
көпті көрген адамсыздар, бізге осы жануарлар жайлы біраз білген
мағлұматтарыңызды айтасыз, ал біз сізге ағылшын тілін үйретеміз.
Келістік пе? Do you agree with
me? Менімен келісесіз
бе?
Әже:
келістік.
Ата: бұл бір жақсы болды
ау.
П: балалар ата мен әжемен
амандасып алайық. Қане stand up please. Good morning,
good morning, Good morning to you. Good morning, good morning, We
are glad to see you. Thank you sit down
please.
Ата мен әже бірге: Гуд мониң,
гуд мониң.
П: үй жануарлары деген ағылшын
тілінде қалай болады екен, бірінші соны үйренейік. Үй жануарлары
– domestic
animals. олай болса, экранға назар
аударайық. Look at the
screen. (экранда видео
көрсетіледі)
Жылқы, құлын
- Horse,
foal (қайталайды)
Ата: Бұл жануар қазақтың
қасиетті малдарының бірі. Ат – ер қанаты деген. Жылқы жүйрік, әрі
өте төзімді жанур. Оны салт мінуге, күш көлік ретінде пайдаланады.
Жылқы сүті қымызды емге пайдаланған. Жылқының жалынынан, құйрығынан
арқан жіп есілген, етінен қазы-қарта, жал-жая
жасайды.
П: Сиыр, бұзау
– cow,
calf.
Әже: сиыр да үйдің берекесі,
айран – сүттің көзі, отбасының асыраушысы ретінде қадірлі жануар
болған. Ертеде сиыры жоқ үй ас-ауқаты жұтаң болып есептелген.
Сиырдың терісінен құдықтан су тартатын қауға ыдыстар, қымыз
ашытатын сабалар, сусын құятын торсықтар жасаған. Тіпті сиырдың
тезегін отын ретінде және егіншілікке пайдаланған. Ал мүйізінен
тарақ жасаған.
П: ешкі, лақ – goat,
kid.
Ата: ешкі өте сезімтал жануар.
Ешкінің еті жеңіл, әрі сіңімді, сүті өте құнарлы. Ешкінің сүттісін
арнайы ұстап, ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен асыраған. П:
түйе, бота – camel, young camel.
Әже: қазақ халқы түйені дала
кемесі деген. Ол шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал
жүні – киімге жараған. Түйенің жүнінен тек жамылғы көрпелер
жасаған, аяқ асты тастауға болмайды деген. Түйенің шудасын
қайнатып, емге пайдаланған, ал терісінен ер
қаптаған.
П: қой, қозы – sheep,
lamb.
Ата: қой қазақтың сүйікті
жануары. «мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл көсір» деген қазақ
атамыз. Өзі өсімтал, тез ет алып қонақ кәдеге жарап отыратын, сүті
майлы әрі жұғымды. Қойдың жүнінен киіз басып, жіп иіріп. Кілемдер,
текеметтер тоқылады.
П: үй жануарлар жайлы кім
қандай тақпақ біледі айтып берейікші. Балалар тақпақтарын
айтады.
(Ешкінің маңыраған даусы) ата
мен әже кетіп қалады.
П: ата әже не болып қалды.
Қайда кетіп қалдыңыздар? What happened? Where do you
go?
(әженің өзі шығады)Әже:
қарағым айналайын ренжіме. Ешкім төлдеп соған кетіп қалдық. Кешір
деген қалай болады ағылшын тілінде?
П: I am
sorry.
Әже: ия қарағым, айм
сорри.
П:
not at
all. Ештеңе
етпейді.
(атасы шығады)Әже: отағасы
мына сүйкімді балақайлар лақты көргісі келіп тұрған болар. Қалай
ойлайсыз?
Ата: өздерінен сұрап
көрейік.
П: лақты көргілеріңіз келе
ме? Do you want to see the
kid?
Балалар:
ия yes.
П:
Yes, we want to see the
kid.
Әже: қазір мен немереме айтып
қайтайын лақты апарып балаларға көрсет
деп.
(Екінші видео
көрсетіледі.)
П: лақты әкелемін дегенше
біраз жолып келеді. Оған дейін лақ біздің арамызға келіп
жалғызсырамас үшін көп достар жасап берейік қалай
қарайсыздар?
Балалар:
ия
П: партаға барып отыра
қояйық.
Мынау ешкі жануарының төлі
лақтың суреті. Ал мынау жұмсақ мата. Лақтың суретінің екі жағына
желіммен осы матаны жабыстырып аламыз. Аяқтың орнына мынандай
қыстырғышты пайдаланамыз. Сылдырмақты мойнына салып қоямыз. Кейін
қолымызды дымқыл майлықпен сүртеміз. Мінекей лағымыз
дайын.
This is a kid’s picture. This
is a soft cloth. This is a clack. This is
a glue. Take the glue and glue the cloth on the
kid. we take the clothespin and
engaging in a kid’s picture. our kid is
ready!
(музыка ойналып тұрады,
балалар жұмыс жасайды.) жұмыстарын бітіреді. Педагог мақтау сөздер
айтады.
Есік қағылады. Музыкамен лақты
алып кіреді. Балалар таң қалады. Лақтың қасына апарып қояды жасаған
жұмыстарын. Педагог мақтайды.
Педагог: лаққа қандай ат
қоямыз. Сүйкімді деп қойсақ қалай болады.
Pretty
Әже: өте ақылды балалар
екенсіздер. Біз тәнті болып тұрмыз. Сіздерге кішігірім сыйлығым
бар. Қабыл алыңдар айналайындар! Көңілдеріңіз ақ қағаздай аппақ
болып, ешқашан кірлемесін! Осы ақ қағазға қаламсаппен сызғанда
артына бір із қалдырғандай, сіздер де тәуелсіз мемлекетіміздің
беделді азаматтары мен азаматшалары болып, ұлы Абай атамыз
айтқандай, бір кірпіш болып қаланыңдар қарақтарым! (педагогке
сыйлықты береді.)
П: қане барлығымыз әже мен
атаға рахмет айтайық. Thank you!
Балалар бүгін біз нені
үйрендік. Good
bye!