400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық оқу қызметі: «Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай» ертегісін (сахналау)"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы оқу қызметіне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші: Оразахунова Назым

Күні: 23.04.2018

Білім беру саласы : Коммуникация

Бөлімі : Драма

Өтпелі тақырып: Біз еңбекқор баламыз

Тақырыбы: «Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай» ертегісі (сахналау)

Мақсаты: балалардың театрландырылған ойындарға жағымды көзқарасын

қалыптастыру, таныс сюжет арқылы түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін

дауыс күшін қолдануды үйрету, кейіпкердің ерекшеліктерін беру үшін

мəнерлілік құралдарын қолдану; балаларды жағымды жəне жағымсыз

кейіпкерлердің рөлін сахналай білуге баулу, адамгершілік ережелері

тұрғысында тəрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құрал-жабдықтар: Ерден атай, Айару (ойыншықтар), ертегі кейіпкерлерінің атрибуттары, əліппе-дəптер.

Сөздік жұмыс: сараң, қу.

Билингвальді компонент: бай - богач, сараң - жадный.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Амансың ба, алтын Күн!

Амансыңба, көк аспан!

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуанам!

Балалар шаттық

шеңберіне тұрып,

мəтін бойынша

қимылдар жасайды.


Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Ерден атайдың қоржынындағы

«Алдаркөсе мен Шықбермес

Шығайбай» ертегісін естеріне

түсіреді.

Ертегі не туралы?

Əліппе-дəптермен жұмыс:

1-тапсырма. «Алдаркөсе мен

Шықбермес Шығайбай»

ертегісінің суретін боя.

Ертегіні сахналауды ұсынады.

Сахналау үшін бізге дайындалу

керек.

Артикуляциялық жаттығу:

Орманға саяхат

(тіл туралы ертегі)

Тіл ұйқыдан оянды,

Жан-жағына қарады.

Аспандағы Күнге қарады,

Жерге түскен жапыраққа қарады.

Жапырақтарды жинай бастады.

Əбден жалыққан тіл. Жаяу жүріп орманға барады.

Қарғаның дауысын естиді:

қарқ-қарқ.

Қасқырдың дауысын естиді:

ау-у-у-у.

Қасқырдан қорыққан тіл. Үйіне қарай жүгіреді.

Айарудың тапсырмалары:

Əліппе-дəптермен жұмыс:

2-тапсырма. «Алдаркөсе мен

Шықбермес Шығайбай» рөлін

сомдауға қажетті заттардың

суретін тауып, белгіле.

Ойын-жаттығу: «Өз көңіліңмен

бөліс».

- Балалар, біз Алдаркөсені

көргенде не істейміз, ал сараң

байды көргенде ше?

3-тапсырма. Ата-анаңмен бірге

Алдаркөсеге жіптен қамшы жаса.

Сөздік жұмыс: сараң, қу.

Билингвальді компонент:

бай – богач, сараң - жадный

Педагог балаларға ертегіні

сахналауды ұсынады.

Қызығушылық

білдіреді.



Балалардың жауабы.








Балалар

артикуляциялық

жаттығу

жасайды.














Тапсырманы

орындайды, қажетті

заттарды белгілейді.



Қуанамыз.

Ашуланамыз.

Им-ишарамен

көрсетеді.



Сөздерді қайталайды.

Балалар сахналайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Педагог қорытынды жасайды,

балаларды марапаттайды.

- Байдың істеген ісі дұрыс па?

Ерден атай балаларға өздерінің

оқу қызметіндегі жұмысын

бағалауын ұсынады.

1. Ұнады - жасыл қоржынды

таңдайды.

2. Ұнамады - қызыл қоржынды

таңдайды.


Сұрақтарға жауап

береді.






Алған əсерлерін

қоржынды таңдап

білдіреді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: артикуляциялық жаттығулар жасайды, мақалды жатқа айтады.

Түсінеді: жағымды жəне жағымсыз кейіпкерлер туралы нормаларын түсінеді.

Қолданады: түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі

дəрежелерін қолданады.

Тексерген:



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
9 қараша
935
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі