400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық оқу қызметі Алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
материал тәрбиешілерге керек, материалдың ішінде ертеңгіліктің қалай басталуы, жүргізілу барысы көрсетілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алтын күз»

Жүргізуші: Армысыңдар қонақтар, балалар! «Алтын күз» ерекесіне қош келдіңіздер! Балалар, расында мереке іші қандай әдемі, сендерде ерекше киініп келіпсіңдер. Олай болса, алтын күзге арналған ертеңгілігімізді бастаймыз ба?

Балалар: Иә

Жүргізуші:

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз

  • Олай болса күз мезгіліне арналған тақпақтарымыздан бастайық.

Ералы:

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Амира:

Қарашы күз келді, күз келді

Сары алтын жауды іздерді

Құс біткен тізіледі

Көңілсіз неткен күз кеді

Жүргізуші; Балалар, расында күз мерекесі көңілсіщ болмас үшін жақсы бір ән айтайықшы. Осы тақпақ, ән, бидің барлығын біз қайдан үйренеміз?

-Балалабақшадан.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Олай болса «Балабақша» әнін айтайық.

Ән: «Балабақша»

Тақпақ:

Нұрбек:

Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей

Рамзан:

Жапырақтар жамырап

Сайға барып бекінді

Анасынан ажырап

Қалған бала секілді.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, енді келген қонақтарымызға арналған өлеңімізді тамашалаңыздар.

Ән «Осень в лесу» Мустафа, Рабия, Зерда, Ернұр, Милана

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, қандай тамаша ән айтылды.(Музыка ырғағымен күз ханшайымы кіріп келеді)

Күз: Сәлеметсіңдер ме балалар, жаз бойы күтіп күздің келуін асыға күттіңдер. Бүгін қандай әдемісіңдер!

Жүргізуші: Алтын күз саған рахмет, төрлет, біздің қонағымыз бол. Өзіңі арналған балалардың өнерін тамашала. Саған біздің балаларымыз тақпақтарын айтып берсін.

Ернұр:

Алтын сары қызыл көк

Алуан-алуан жапырақ

Ағаштардан жамырап

Ұшты кенет жапырақ.

Сайфутдин:

Келді міне күз

Айнала сары түс

Керемет тамаша

Қандай әсем күз

Жүргізуші:Ой қандай керемет тақпақтар, енді біздің сұлу Рабия қызымыздың жеке орындауындағы әнін тамашалаңыздар:

Ән : «Осень» Рабия

Жүргізуші: Алтын күз, сен біздің балаларымыздың өнерін тамашаладың, ал сенің қандай өнерің бар?

Алтын күз: Иә , әнді кереметь айттыңдар, енді мен жұмбақ жасырайын, шешуін табыңдар.

Жүргізуші: Балалар, Алтын күз біздің білімімізді тексермекші, мұқият болайық!

Жұмбақ:

Ағайынды бәрі

Шықса жасыл

Түссе сары (Жапырақ)



Тәтті, тәттінің іші қатты

Қаттының іші тәтті (өрік)

Алтын күз: Өте тамаша балалар, мен жеңілдім. Ал жарайды, егер жауын жауса қалай қорғануға болады?

Балалар: Қолшатырмен

Жүргізуші: Жарайсыңдар, Алтын күз балалар сенің барлық жұмбақтарыңнынң шешуін тапты. Енді қыздарымиыз қолшатырмен биін билеп береді

Би «Қолшатыр» Рабия, Гульгаз, Амира

(Жақсы көңіл күймен Тиын кіреді)

Тиын: Сәлем кішкентай достарым. Мерекелерің құтты болсын. Жаңғақ жинап жүріп сендердің дауыстарыңды естіп келдім. Қандай әдемісіңдер.

Жүргізуші: Сәлем Тиынжан.келгенің қандай жақсы болды. Сені көріп балалардың көңіл-күйі көтеріліп қалды. Алтын күзге арналған биіміз бар, сен соны тамашала.

Би: «Жапырақ» (Минисса, Рабия, Милана)

Жүргізуші: Жарайсыңдар қыздар, енді тақпақтарыңды айта кетсеңдер барлық өнерлеріңді тиын мен Алтын күз көрсін.

Минисса:

Міне келді алтын күз

Салқындайды даламыз

Суық күндер басталып

Сарғаяды дамазы.

Рабия:

Қуаныштың ағайын

Қоңырауын қағайын

Қуандырып біздерді

Өлкемізге күз келді

Милана:

Сап сары маңай

Сап сары тоғай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтіп

Алтын күз: Мі

не керемет, Тиын расында балалар өнерлі екен. Олай болса тағы бір ойын ойнайық.

Ойын: «Сиқырлы жапырақ»

Жүргізуші: Ой көңіліміз көтеріліп қалды, рахмет саған Алтын күз. Енді біздің балаларымыздың саған айтар тағы тақпақтары бар, соны тамашала.

Мухаммед:

Жапырақ түсті

Суықта түсті

Сонда да бізге

Қызық көп күзде

Мустафа:

Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп еегін

Бұл күндерді киіпті

Сары жібек көйлегін

Гульгаз

Айнала жым-жырт

Көк аспан сұрғылт

Жер жыртқан тында

Трактор қырда

(Осы кезде диірменші кіріп келеді)

-Амансыңдар мабалалар, мұнда қандай мереке болып жатыр. А-а-а менің балаларымда осында келіп қалған екен гой.

Жүргізуші: Амансыз ба диірменші атай. Келіңіз балалар да бәрі осында. Баллардың өнеріне сізде куә болыңыз. Біздің балалар би билеп береді.

Атай: Би билей ме? Менде балалармен би билеймін. Менде бала кезімде бақшаға барып би билегенмін.

Алтын күз: Олай болса балалық шағымызды еске алып балалармен билеңіз.

Би «Диірменші»

Жүргізуші: Жарайсыз атай. Қалай керемет биледіңіз! Рахмет сізге!

Атай: рахмет балалар, Өнерлерің жансын. Сендермен би билеп, тақпақ айтып бір демалып қалдым. Мен енді қайттым. Қап толы бидайды қамбаға апарып саламын.

Тиын: Атай мен сізге көмектесемін. Менде сол жаққа барамын. Ал балалар, рахмет сендерге, сау болыңдар!

Жүргізуші: Алтын күз мерекесіне біздің қыздарымыздың дайындаған сән көрмесін қабыл алыңыздар.

Хор: «Күзгі вальс»



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 қаңтар
386
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі