Жамбыл
облысы Тараз қаласы
№13 бөбекжай-
бақша тәрбиешісі
Кеңесова Ботагөз
Бауыржанқызы
Білім
беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған
оқу қызметі: Математика
негіздері
Тақырыбы:
«Аққалаға көмек»
Мақсаты:
Қыс
мезгілінің табиғат ерекшеліктері туралы
түсініктерін кеңейту. Сандарды
тура және кері атауға дағдыландыру,
кеңістікте
бағдарлау қабілетін қалыптастыру.
Геометриялық
пішіндерді
ажыратып, дұрыс атауға үйрету
және
пішіндерді
саусақтармен жиектеп, сезіну әдісін
жаттықтыру. Балаларды тапқырлыққа,
ізденімпаздыққа, тәрбиелеу.
Қолданылған
әдіс- тәсілдері: сұрақ-
жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ой қозғау,
талдау-жинақтау.
Заттық
дамыту ортасы: слайд,
кеңістікті
бағдарлауға арналған суреттер, ермексаз,
таяқшалар, иілгіш таяқшалар, бейнетаспа,
үлестірмелі көрнекіліктер.
Билингвальді
сыңары: аққала-
снеговик, үшбұрыш-триугольник,
төртбұрыш-квадрат, шеңбер-круг,
пішіндер-фигуры.
Мотивациялық-
қозғаушылық:
Шаттық
шеңбері
Біздер
жақсы баламыз,
Өсті ақыл
санамыз.
Қонақтармен ең алғаш,
Амандасып
аламыз,
Сәлеметсіздер ме!
-Балалар,
сендер жұмбақ шеше білесіңдер ме?
(Иә)
-Олай болса, мен сендерге жұмбақ
жасырайын.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік:
Жұмбақ.
Шелек
қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста
қардан туатын,
Тауып көрші сен
оны.
Балалар: Аққала.
Тосын
сәт:
слайдтан боранның дауысы естіледі.
-Балалар,
бұл дауыс ненің дауысы? (Боранның)
Топқа
Аққала кіріп, балалардан көмек
сұрайды.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар.
Мен сендерден көмек сұрай келдім. Менің
дос Аққалаларымды Қар ханшайымы түрлі
тапсырмалармен сиқырлап тастады. Сендер
сол тапсырмаларды орындап, менің
достарымды сиқырдан ажыратып бересіңдер
ме?
-Балалар, біз Аққалаға өзінің
достарын сиқырдан құтқаруға көмектесеміз
бе? (Иә)
-Олай болса, бірінші Аққаланың
тапсырмасына назар аударайық.
Балалар,
мұнда қыс мезгілінің суреті бар екен.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс
айларын атап жіберіңдерші?
- Қыста
табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Дұрыс
айтасыңдар, қыс мезгілінде қар жауып
айналаның барлығын қар басады. Күн суық,
аязды болады. Боран тұрады.
Тыныс
алу жаттығуы «Боранды дала»
Орындалуы:
мұрын арқылы терең тыныс алып ауаны
ауыз арқылы шығару.
-Қыс мезгілі
сендерге ұнайдыма?
-Қыс мезгілінде
біз қандай ойындар ойнаймыз?
-Олай
болса қыс мезгілі туралы кім тақпақ
айтып береді?
-Жарайсыңдар, балалар!
біз Қар ханшайымының бірінші тапсырмасын
орындап Аққаланың бір досын сиқырдан
құтқардық. Енді Аққаланың келесі досының
тапсырмасына назар аударайық.
-Балалар,
мұнда сандар беріліпті. Біз сан санауды
білеміз бе? Олай болса қанекей 1-ден 5-ке
дейін тура және кері санап
жіберейікші.
Балаларды 1-ден 5-ке дейін
тура және кері санату, орыс және ағылшын
тілінде қайталату.
Дидактикалық
ойын: «Нүктелерді санап, санмен
сәйкестендір»
Шарты:
саңырауқұлақ қалпағындағы нүктелерді
санап, тиісті санға сызық арқылы
қосу.
Аққала: Жарайсыңдар балалар,
сендер менің екі досымды Қар ханшайымының
сиқырынан құтқардыңдар. Рахмет
сендерген.
Тәрбиеші: балалар, біз
тапсырмалар орындап шаршап қалған
сияқтымыз. Қанекей Аққаламен қосылып
бойымызды сергітіп алайықшы.
Сергіту
жаттығуы.
(Би қимылы арқылы орындайды)
-Балалар,
біз үшінші аққаланың тапсырмасына назар
аударайық. Мұнда бізді қандай тапсырма
күтіп тұр екен.
«Кеңістікті
бағдарлау»
Шарты:
үлгі суретке қарап, жануарларды кеңістікте
орналастыр.
-Жарайсыңдар балалар,
сендер бұл тапсырманы да дұрыс
орындадыңдар.
-Енді, біз соңғы төртінші
Аққаланың тапсырмасын орындайық. Мұнда
пішіндер беріліпті.
Пішіндер
-Балалар,
біз қандай пішіндерді білеміз?
-Олай
болса, осы пішіндерді таяқшалармен,
ермексаз және иілгіш таяқшаларды
пайдаланып, пішіндерді
құрастырайық.
Рефлекциялық-
түзетушілік:
-Жарайсыңдар
балалар, сендер менің дос Аққалаларымды
сиқырдан босаттыңдар. Менің сендерге
алғыс ретінде сыйлығымды қабыл
алыңдар.
Балалармен қоштасып ақққала
шығып кетеді.
Тәрбиеші сұрақ- жауап
арқылы оқу қызметін қорытындылап,
балаларды мақтап, мадақтап аяқтайды.