400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық оқу қызметі, "Аяла" мектепалды тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға қажет болады деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО, Семей қаласы

№12 «Ажар» ясли бақшасы

Тәрбиеші: Пштаханова Меруерт Омиргалиевна

Тобы: «Аяла» мектепалды даярлық тобы

Уақыты:

Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным».

Бөлімі: «Сауат ашу негіздері», «ҚМҰҚ», «Сөйлеуді дамыту».
Тақырыбы: «Сауат ашу әлемі»
Мақсаты: Балалармен сауат ашу әлеміне саяхат жасау арқылы   дыбыстарды, әріптерді, буындарды, сөздерді, сөйлемдерді қайталата отырып, осы уақытқа дейін өткен балалардың білімін тиянақтау, балаларды  ұғымталдықка, әдептілікке, тәрбиелеу.Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, слайд, тақырыпқа сай суреттер т.б.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, логикалық ойлау, дидактикалық-қимылдық ойыны т.б.
Үштілділік компонент: Ақ-белый-white; жасыл-зеленый-green; қызыл-красный-red;сары-желтый-yellow, Қыс-зима-winter ,көктем-весна-spring, жаз-лето-summer, күз-осень-autumn.                      

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату, түрткі болу

Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері:
-Балалар, барлығымыз жылулық шеңбер бойына тұрып, қонақтармен амандасайық.

(Балалар қонақтармен амандасады).
Тәрбиеші: - Қане, барлығымыз орнымызға отырайық.


Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті,
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой,
Ал қанекей бәріміз,
«Сәлеметсіз бе,»- дейік үлкенге:
"Сәлеметсіздер ме, апайлар!"

Ұйымдастыру жұмыстары





































































































Рефлекция –түзету жұмыстары



Сұрақ – жауап:

Тәрбиеші балалармен жыл мезгіліне байланысты сұрақ –жауап жүргізеді.

Ғажайып сәт: (Есік қағылады)

Топқа қолында түрлі-түсті шарлары бар. Жалқаубек келеді. Ол балабақшаға мектепалдыдаярлық тобына барып жүргенін, онда Сауат ашу негіздері оқу қызметінен тәрбиеші апайы тапсырма бергенін, сол тапсырманы орындау үшін көмек сұрап келгенін айтады.

Тәрбиеші: - Бұл шарлардың түстері қандай?
 -Бұл түстерді қазақ тілінде,орыс тілінде және ағылшын тілінде айтып,есімізге түсірейік.
-Бір жылда неше мезгіл бар?
-Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық ...
 -Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.  
-Мына шардың түсі қандай ?(ақ)
-Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
- Қыста жер қандай болады?                                                                Жасыл шарды көрсету.
-Бұл түс шөптердің түсі сияқты.
-Табиғат  көктемде оянып ,жер беті жасыл шөпке толады.
Ағаштар бүршік жара бастайды.
Қызыл шарды көрсету.
-Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?
-Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады.
Сары  шарды  көрсету.
-Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді? -Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
Жер беті сары кілемге ұқсайды.

-Балалар ,біз бұл жыл мезгілдерін үш тілде айтып,есімізге түсірейікші.

Тәрбиеші: - Өте жақсы балалар. Балалар енді осы шарларға ілінген Жалкаубектің тапсырмаларын орындайық.


Негізгі бөлім:
І – тапсырма:  (сұрақ – жауап)

-Дыбыс дегеніміз не?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстарды қалай ажыратамыз?
-Әріп дегеніміз не?
-Сөз неден құралады?
-Сөйлем неден құралады?


ІІ – тапсырма:

Жұмбақ жасыру: (жұмбақты шеш, сөздерді буынға бөл)

Зулап түсіп төменге

Шыға алмас менсіз бөгенге.    
Тікен,тікен тік пісте.

Қысы-жазы бір түсте.


ІІІ тапсырма:

Берілген суреттің атауларын атап, сол сөзге сөйлем құрастыр.

Лақ, алма, доп, кітап.


Сергіту сәті:

Тәрбиеші:

- Аю деген сөз қандай дыбыстан басталып тұр. «А» - дыбысынан олай болса шаршаған шығармыз. Аю туралы сергіту сәтін өткізейік.




Тәрбиеші:

– Балалар біз Жалқаубекке көмектестік , тапсырмаларын орындадық, ендң оның балабақшаға баратын уақыты болған сияқты.


Жалқаубек:

- Балалар сендерге рахмет. Мен қазір балабақшаға барып , тәрбиеші апайыма сендерден үйренгендерімді айтып беретін боламын. Сау болыңдар!
Д\ойын: «Кім алғыр?»

Шарты: Берілген әріпті ажыратып, таңбалануын жазып көрсету.
   



Қортындылау:

  • Балалар бізге қонаққа кім келді?

  • Біз Жалқаубекке қандай көмек көрсеттік.

  • Қандай тапсырмалар орындадық?



Балаларды мадақтау, жұлдызша тарату.


Балалар бағытталған сұрақтарға жауап береді.



Таңдана есік жаққа қарайды.



Дымбілмеске көмектесетінін айтады.





Ақ, жасыл, қызыл, сары шарлар

Ақ-белый-white; жасыл-зеленый-green; қызыл-красный-red;сары-желтый-yellow.

4 жыл мезгілі бар.


Олар: қыс, көктем, жаз,күз.


Қыс мезгілін білдіреді.

Ақ болады


Жасыл түсті шар.


Көктем мезгілін білдіреді.


Қызыл түсті.


Жаз мезгілінде гүлдейді.


Сары түсті шар. Күз мезгілін білдіреді.


Қыс-зима-winter ,көктем-весна-spring, жаз-лето-summer, күз-осень-autumn.


Дыбысты естиміз, айтамыз. Дыбыстар екіге бөлінеді. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Дауысты дыбыстар созылып еркін айтылады. Дауыссыз дыбыстар айтылу кезінде кедергіге ұшырайды.

Әріпті жазамыз, көреміз. Сөз дыбыстардан құралады. Сөзді оқимыз.

Сөйлем сөздерден құралады.



Балалар жұмбақты тыңдайды.



Шана


Шырша



Берілген сурет атауларын атап, сөйлем құрайды.

Орманда аю, қонжық ұялардан бал іздеді,
Мойындарын оңға бұрды, солға бұрды,
Орман ішін аралады, ағаштарды шайқап көрді,
Оңға бір, солға бір ағаштарды байқап көрді.
Аяқтарын көтеріп ап, қуанғаннан билей берді,
Оңға бір, солға бір қуанғаннан билей берді.





Жалқаубекті шығарып салады.



Балалр ойынға белсене араласады, әріптерді ажыратады, таңбалануын жазады.



Жалқаубек келді.

Тәрбиеші апайы берген тапсырманы орындауға көмектестіе.

-Жұмбақ шештік, сөздерден сөйлем құрадық т.б

Балалар мадақтауға мәз болады.

Күтілетін нәтиже.

Біледі : Балалар әріптер туралы біледі, ажырата алады;

Түсінігі бар: Сауат ашу е негіздері жайлы түсініктері бар;

Орындай алады: Берілген тапсырмаларды орындай алады.




























Shape1 Shape2























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
363
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі