400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық оқу қызметі "Дәрумендер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал өзіме керек. Аттестациядан өтетін едім
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: Дәрумендер

Мақсаты: Балаларға дәрумендер және оның денсаулығына тигізетін пайдасы

жайында түсінік беру, логикалық ой-өрісін, тілін дамыту, сөздік

қорын молайту. Жемістер мен көкөністердің пайдасын білуге,

табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: көкөністер мен жемістердің суреттері, доға, гимнастикалық

орындық

Әдіс – тәсілдері: Мейірбике қонақта, түсіндіру, слайд көрсету, сұрақ –

жауап, ойын


Жүру барысы:


Шаттық шеңбер:  Шуағын шашады,

Күн шықса жиектен

Жылу алып нұрынан,

Денсаулықты түзеткен.

Денсаулық – ол күлуің,

Көңіл – күйің жадырай,

Денсаулық – ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.


Тәрбиеші: Балалар осы жақсы көңіл – күймен бүгінгі Денсаулық апталығына

байланысты ұйымдастырылған оқу қызметімізді бастаймыз.

Бүгінгі жаңа ұйымдастырылған оқу – қызметімізде «Дәрумендер»

туралы білетін боламыз және сол дәрумендердің денсаулығымызға

қандай пайдасын бар екенін білетін боламыз.

(есік қағылып мейірбике келеді)

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі біздің оқу қызметімізге бөбекжай мейірбикесі

Роза апайларыңыз қатынасып, дәрумендер туралы

түсінік береді.

Мейірбике: Дәрумендер дегеніміз не? Дәрумен – ол Витамин.

Балалар олай болса,адамның дені сау болып, ширақ та, сергек

болып жүру үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Адам

ағзасына әр – түрлі қоректік заттар мен дәрумендер қажет. Біз

тамақты 4 мезгіл ішуіміз керек яғни, таңертең, түс, түстен соң,

және де жатар алды кезінде. Біздің күнделікті тағамдарымыздың

ішінде әртүрлі дәрумендер бар.(слайд арқылы көкөністер мен

жемістерді көрсету)

- «А» дәрумені (асқабақ, өрік, қызанақ)

«А» дәруменін күнделікті өз тағамдарында қолданған балдардың көздері

жақсы көреді. Бойларыңа күш-қуат береді.

- «В» дәрумені (картоп, балық, асқабақ)


«В» дәруменін қолданған баланың ішкі құрылыстары, жүйке жолдары, қан

айналымдары күшейіп жақсы жүгіретін болады.

- «Д» дәрумені (жұмыртқа, сүт тағамдары)

«Д» дәруменін қолданған балаланың сүйегі мықты болады. Қалай иілсеңдер

де сүйектерің мықты болып өседі.

- «С» дәрумені (алма, лимон, апельсин, алмұрт, орамжапырақ)

«С» дәруменін жеп өскен бала мықты батыр болады. Ешқандай микробтар

жоламайды. 

- Денсаулықтарың мықты болу үшін дәрумендермен дос болыңдар!

- Дәрумендер туралы не білесіңдер?


Тәрбиеші: Біздің балалар ішінде осы дәрумендері бар жемістер мен

көкөністер туралы тақпақтар біледі.


Ясин: Мен шиемін, шиемін

Күннің көзін сүйемін.


Руфат: Пісіп тұрған алмамын,

Тамсандырар бал дәмім


Інжу: Мен өрікпін, өрікпін,

Бау – бақшаға көрікпін

Көктем келе бүрлеймін

Ең алдымен гүлдеймін.


Ұлжан: Ала шапан киініп,

Теңкейіпті қарбыздар

Жесең, тілді үйіріп,

Сусыныңды қандырар.


Ислам: Тәп – тәтті, алмұртпын,

Таңсығымын бар жұрттың.


Нұрали: Ием мені баптаған

Еңбегіңді ақтаған

Тәтті қауын мен болам

Мейірбике: Жарайсыңдар балалар!

Ал енді, балалар менімен бірге «Дәрумендер» келді олар сендерге

өздерінің пайдасы туралы айтып береді.


Дәрумендер: Дәрумендер тірегің

А,В,С,Д, деп аласың,

Жетіспесе бірі оның

Ауырып сен қаласың.

А – С қажет көзіңе

В – С қажет жүйкеге

С – дан микроп безінер

Д – сүйекті нығайтар.

А – болады асқабақта

Өрік айран салатта

В – балық, картоп, асқабақ

Сиыр еті, жаңғақта.

С – апельсин, алмұртта

Д – балық майында


Тәрбиеші: Ал енді орнымыздан тұрып, барлығымыз денемізді қыздырып,

дәрумендермен бірге сергіту жаттығуларын жасайық.


Жалқаулықты тастаймыз

Жаттығуды бастаймыз

Шынығамыз жастай біз

Қиынсынып қашпаймыз

Иілеміз оңға бір

Иілеміз солға бір

Қимылдайды әр сәтте

Аяқта бір, қолда бір.


Мейірбике: Қандай керемет! Олай болса мен сендерге «Кім епті?»

ойынын алып келдім бәріміз бірге ойнайық.


Ойын: «Кім епті»


О/шарты: Балалар кәрзеңкеде жемістер бар, сол жемістерді алу үшін, сендер

алдарыңдағы кедергілерден өтіп, бір жемісті алып келулерің керек.

Содан кейін жемістің дәмін татып қандай жеміс екенін айту.


Тәрбиеші: Балалар қолдарыңдағы қандай жеміс? – Алма

- Балалар алма жемісінде қандай дәрумендер бар? – С дәрумені бар

- Біздің ағзамызға қандай пайдасы бар? – Алманы жесек денсаулығымыз мықты болып, барлық аурулардан аулақ боламыз.


Тәрбиеші: Балалар бүгінгі «Денсаулық» апталығына арналған оқу

қызметіміз аяқталды.


Қорытындылау. Мадақтау






«Жауқазын» мектепке дейінгі бөбекжайы





Тақырыбы: Дәрумендер

І кіші «Балапан» тобы








Тәрбиеші: Ж.Мырзалиева









2018 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
530
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі