Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық оқу қызметі "Дыбыс және буын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық оқу қызметіне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: «Әріп, дыбыс, буын»

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: «Сауат ашу»

Мақсаты: Балаларға дыбыстарды ,әріптерді ,буындарды қайталата отырып,білімдерін тиянақтау.

Міндеттері:

Білімділік: Өткен тақырыпты қайталата отырып, өз ойларын еркін жеткізуге үйрету;

Дамытушылық: Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Балаларды ұғымталдыққа, әдептілікке тәрбиелеу;

Қолданылған әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап,түсіндіру,ойын.

Шаттық шеңбер:

Біз қандаймыз, қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Еш уайымды білмейміз

Тәрбиеші: Жыл мезгіліне тоқталып балаларға сұрақтар қояды:

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?

  • Қыс неше айдан тұрады?

  • Қыс мезгілінің айларын ата

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!

Ғажайып сәт: Есікті қағады

Тәрбиеші есік ашып,аржағынан конверт алып шығады,оқиды.

Конвертте дымбілместен келген хат екенін айтады.

Хатта: Салеметсіңдерме ,балалар!

Мен мектепке барайын десем,дым білмей,түсінбей жүрмін,маған көмектесіңдерші,сендерді ақылды,білгір бала деп естідім дейді.

Сіздердің топтарыңызға түсінбей,білмей жүрген мектеп мұғалімдерінің берген тапсырмаларын апарып қойдым,соны орындап беріп,көмектесіңіздерші.

Тәрбиеші: балалар,көмектесемізбе?

Тәрбиеші конверттің ішінен сұрақтар жазылған бетті алады.

  • Балалар сендер әріптерді,дыбыстарды білесіңдерма?

  • Әріп дегеніміз не? (әріп –дыбыстың таңбасы)

  • Біз дыбысты не істейміз? (естиміз және айтамыз)

  • Әріпті не істейміз ? (Көреміз және жазамыз)

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Қандай қандай болып?

  • Дауысты дыбыстармен дауыссыз дыбыстарды қалай ажыратамыз?

  • Дауысты дыбыс қандай түспен белгіленеді?

  • Дауыссыз дыбысше?

Тәрбиеші: Балалар ,жақсы ендеше столдардың үстін қарап көрейік,бізге қандай тапсырмалар бар екен.

  1. Столда текше тұрады.

Тәрбиеші: Балалар бұл текше ғой, бұл текшеде нелер бейленген?

Ендеше мен сендерге осы текшемен бір ойын ойнатықым келіп тұр.

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла» Шарты: ортаға бес-алты бала шығады кезекпен текшені лақтырады ,текшенің бетіне шыққан әріпке сөз ойлап табу керек және оны буынға бөлу керек.

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге осы жерде бір тапсырма бергім келіп тұр соны орындай аласыңдарма? Бұл тапсырмада дыбысқа байланысты

Тәрбиеші әр балаға көк және кызыл үйшік бейнеленген бетті таратады, көк түсті үйге дауыссыз дыбысты, дауысты дыбысты қызыл түсті үйге орналастырады.

Сергіту сәті: Біздер тату баламыз

Гүлдей жайнап жанамыз

Жаттығуды жасасақ

Жаксы сергіп қаламыз

Бұрыламыз оңға бір

Бұрыламыз солға бір

Бір, екі,үш.

Бір, екі үш.

  1. Столда буынға бөлу жұмыстарын орындайды.

  2. Әріптер бейнеленген сағаттар ,әр бала өзінің бас әріпі бейнеленген сағатты таңдап алады?

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар отыра қойыңдар,

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар сендер бүгін өздеріңді өте ақылды ұстадыңдар!

Тәрбиеші балаларды мадақтап қорытынды сұрақтар қояды.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2021
608
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12