400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық оқу қызметі "Ертегілер еліне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: көркем әдебиет, құрастыру. 
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат» 
Мақсаты: Ертегідегі кейіпкерлерді атай білу,заттардын түсін,көлемін ажырата білу.Балаларға қойылған сурақтарға дұрыс жауап беріп, сөздік қорларын дамытып, тіл байлықтарын молайту.Сөздерді анық айтуға,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Достық пен жанашырлыққа тәрбиелеу. 
Әдіс-тәсілі: көрсету,сұрақ-жауап,түсіндіру,әдістемелеу. 
Көрнекіліктер: «Шалқан ,жеті лақ пен қасқыр, үйшік»,ертегі желісі,бойынша суреттер,аю,түрлі-тусті қағаз,желім,сүлгі,ақ қағаз. 

Шаттық шеңбері: 

Амансыз ба алтын күн,
Амансыңба жер ана.
Амансыз ба көк аспан,
Амансыз ба апайлар.
Амансыз ба
, ата-аналар!
Бүгінгі
оқу іс-әрекетімізді бастайық !

Жамандықты тастайық!
- Балалар, енді бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы да бір - бірімізге «қайырлы таң» тілейік.

-Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме? 
-Иә. 
-Қандай ертегі білесіңдер? 
-«Шалқан, бауырсақ, жеті лақ пен қасқыр, қызыл телпек, үйшік». 
Бүгін бізде ерекше оқу іс әрекеті болғалы тұр, сиқырлы поезға отырып, барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз. (Балалар бір-бірінің иығынан ұстап пойыз дыбысымен журеді) 

  1. «Бауырсақ ертегісі»

Бауырсақ : Сәлем, балалар. Ертегі әлеміне қош келдіңдер! Қайда бара жатсыңдар?

Балалар: Орманға бара жатырмыз.

Бауырсақ: Орманға бару үшін менің сұрақтарыма жауап берсеңдер, мен сендерді орманға жіберемін.

1-сұрақ: -Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? 
-Қыс мезгілі. 
-Қыс айларын атап беріндерші? 
-Желтоқсан, қаңтар, ақпан. 
-Қыс айында ауа-райы қандай болады? 
-Суық,аяз. 
-Далада не жауады? 
-Қар жауады. 
-Қардың түсі қандай? 
-Ақ түсті. 
-Адамдар қандай киімдерін киеді? 
-Жылы киімдерін

Бауырсақ: балалар, сендер бәрін біледі екенсіңдер? Балалар атам мен әжемнен қашып сендермен барсам болама?

Балалар: Жарайды.

( Алдымыздан қоян шығады) Қоян: Сәлеметсіңдерме, балалар . Қайда бара жатсыңдар?

Балалар: Орманға

Қоян: Мен сендерді жібермеймін. Мынау бауырсақты жеймін.

Балалар: Жемеші, ол біздің досымыз.

Қоян: Жемеймін, бірақ сендер маған көмектессеңдер, жіберемін.

Тәрбиеші: балалар қоянға көмектесеміз бе? Ия

Қоян: Менің қолымда ғимараттардың суреттері бар, соны құрап берсеңдер, мен сендерді жіберемін.

Балалар : Келістік. (Астана ғимараттарын құрастырады)

Тәрбиеші: балалар мына ғимараттар қалай аталады және еліміздің қай жерінде орналасқан. (балалар жауабы)

Қоян: жарайсыңдар, олай болса маған астана туралы өлең шумақ білсеңдер айтып беріңдерші?

Балалар:

Астана арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап-жасыл болып,

Мен үлкен болғанда да.

Астана сұлу қала

???????

(қоян жібереді)

Қасқыр кездеседі.

Қасқыр: Сәлеметсіңдер ме! Қайдан келе жатсыңдар?

Балалар: «Қошақан» балабақшасынан келе жатырмыз.

Қасқыр: Мен мына бауырсақты жеймін.

Тәрбиеші, балалар: жемеңізші біз сіздің қалауыңызды орындаймыз.

Қасқыр: сендер менің үйімнің қандай пішіндерден жасалғанын айтып беріңдерші?

Тәрбиеші: Қабырғасы қандай пішіннен салынған?

-Тіктөртбұрыштан

Төбесі қандай пішінге ұқсайды?

-үшбұрыш

Балалар тағы қандай пішін көріп тұрмыз?

-терезесі шаршыға, шеңбер көріп тұрмыз.

Қасқыр: рахмет, балалар. 1-5 ке дейін санай аласыңдар ма?

Балалар: Ия . (санап береді)

(қасқырмен қоштасып кетеді)

Тәрбиеші: Балалар мынау қандай аң? -Аю

Сәлеметсің бе, аю. Сен неге көңілсіз отырсың?

Аю: Сәлеметсіңдер ме, менің қарным ашып тұр. Мен мына бауырсақты жегім келіп тұр?

Тәрбиеші: жемеңіз, біз сіздің көңіліңізді көтеріп береміз.

Музыка әуенімен Аю, аю тұршы әнін аюмен бірге орындайды.

(Аюмен қоштасып, әрі қарай орманға кеттік)

Алдымыздан түлкі шығады.

Түлкі: Сәлеметсіздерме, мен сендерді манадан бақылап тұрмын. Мен бауырсақты жеймін.

Тәрбиеші : Жемеңіз, бауырсақ біздің досымыз. Сен не айтсаң соны орындаймыз, солай ма балалар.

Түлкі: Менің сұрағы өте қиын сендер жауап бере алмайсыңдар, сендер жауап бере алмасаңдар, бауырсақты жеймін. (күледі)

Балалар: Жауап береміз

Түлкі: 16- желтоқсан қандай мереке? (мысқылдап)

Балалар: -Тәуелсіздік мерекесі

Түлкі: Біздің президентіміз кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Түлкі: Тағы бір сұрағым бар, осыған жауап берсеңдер, жіберемін.

Қазақстан Республикасының Рәміздерін атап беріңдерші?

Балалар: Ту , Елтаңба, Әнұран

Түлкі: Балалар, сендер бәрін екенсіңдер. Мен достарынды жемеймін, сау болыңдар.

Тәрбиеші: Ал, балалар орманнан өз балабақшамызға қайтайық. Бауырсақты өз үйіне апарып тастайық.

Балалар: Жарайды

Ата-әже , сәлеметсіздерме?

Ата-әже: Сәлеметсіздерме , балалар. Біздің бауырсақты көрген жоқсыңдарма?

Тәрбиеші: Ата-әже бізді кешіріңіз, сізге айтпай орманға алып кеттік.

Ата-әже: Оқасы жоқ, аман –есен оралса болды.

Балалар, тәрбиеші: аман –есен оралды.

Ата-әже: Сендерге көп рахмет, бауырсақты аман әкелгендеріне мынау біздің сендерге сыйлығымыз. Сау болыңдар

Балалар: Рахмет, Сау болыңдар!
























«Қошақан» балабақшасы










Ертегі еліне саяхат

(Бауырсақ ертегісі)


Бүлдіршін ортаңғы тобы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 мамыр
719
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі