15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық оқу қызметі "Гүлдерді аялайық"
Білім беру саласы: Коммуникация. Шығармашылық. Әлеумет
Бөлім: Сөйлеуді дамыту. Сурет салу. Экология.
Тақырыбы: Гүлдерді аялайық
Мақсаты: Көктем мезгілде айналада болатын өзгерістер жайлы түсініктерін
кеңейту, сөздік қорын молайту. Бөлме гүлдерін еске түсіру.
Көктемгі дала гүлдер туралы түсінік беру арқылы балаларды
есте сақтау, қиялын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатты аялауға,
қорғай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: Сансевьера, хлорофитум.
Көрнекіліктер: Слайд, гүлдердің суреттері
Құрал-жабдықтар: Триз, түрлі-түсті бояу, қылқалам, жөке, су құйғыш, гүл
қобыстқыш, сұлық.
Полибилингв. компон: көктем – весна - spring, гүл – цветок – flower,
бәйшешек- подснежник-snowdrop, бақ-бақ - oдуванчик-dandelion,
қоңырау гүл – колокольчик-bell, қызғалдақ - тюльпан -tulip.
Инклюзивтік әлеумет: Тұйық балаларды сұрақ-жауап арқылы әңгімеге тарту.
Ойын тех: Д/о:«Шатастырмақ»
Д/о: «Көктем мезгілдің ерекшеліктерін атап, көрсет»
Іс-әрекет кезендері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивация. Қозғауш. |
Шаттық шеңбер:
-Сәлеметсіздер ме балалар! Сәлем саған Алтын күн! Сәлем саған Көк аспан! Сәлем саған Жер ана! Сәлеметсіздер ме қонақтар!
|
Сәлеметсіз бе! Здравствуйте! Good morning!
Здравствуй Солнце золотое! Здравствуй Небо голубое! Здравствуй Родная земля! Здравствуй те гости!
Good morning, good morning Good morning to you! Good morning, good morning We are glad to see you! |
Полибилингв. компон:
Сергіту сәті:
|
Кіріспе әңгіме:
Д/о: «Шатастырмақ» Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту -Бір жылда 5 мезгіл бар.
-Балалар кәзір жылдың жаз мезгілі.
-Көктем мезгілде төрт ай бар. -Кім айларды атап береді?
Дидактикалық ойын: «Көктем мезгілдің ерекшеліктерін атап, көрсет» Мақсаты: Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Жұмбақ: -Өзі сондай нәзік, су құйсаң , кетеді алақанын жайып. -Балалар, бұгін біз оқу қызметінде гүлдер туралы айтамыз. Балалар гүлдер екі түрге бөлінеді, ол бөлме гүлдері және дала гүлдері. Мысалы, біздің топта қандай бөлме гүлдері бар? -Гүлдер неушін керек?
-Гүлдерге не қажет?
Қонаққа « Гүл ханшайымы» келеді -Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен сендер гүл туралы айтып жаткандарыңды естіп сендерден қонаққа келдім. Слайд: «Көктемгі гүлдер» Балалар бұл дала гүлдері. Бәйшешек сәндік өсімдіктер, гүлдің түсі ақ, сабағы мен жапырағы жасыл түсті.Бәйшешек гүлі өзі кішкентай болса да суыққа төзімді, қар ерісімен жер бетіне шығады. Бақ-бақ гүлі - түсі сары, Бақ-бақ – көп жылдық, жол жиегінде, тау бөктерлерде өседі. Бақ-бақтың тамыры мен сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады. Қоңыраугүл – жапырағы жеуге жарамды. Қоңырау гүлді әсемдік, тағамдық және дәрілік мақсатта қолдану үшін өсіреді. Қызғалдық - түсі қызыл,бірақ сары түсі де бар- оларды біз сарғалдақ деп айтамы. Қызғалдақ - көп жылдық өсімдік Қазақстанның далалық аймақтарында көп кездеседі.Қызғалдақ - ғашықтық, махаббат белгісі екен. гүл – цветок – flower, бәйшешек- подснежник-snowdrop, бақ-бақ - oдуванчик-dandelion, қоңыраугүл – колокольчик-bell, қызғалдақ - тюльпан -tulip.
Тақпақтар:
Триз: «Дала гүлдері мен бөлме гүлдерін ажырат» Мақсаты: балалардың логика қабілетін дамыту. Гүл туралы мақал-мәтердер:
Гүл ханшайымы: -Балалар, айтыңдаршы гүлдерге қандай күтім қажет?
Шығармашылық орталық. Гүл ханшайымы: -Балалар маған бәйшешек гүлін бейнелеп беріңдерші. Әдіс-тәсәлі: Қылқаламмен гүлдің сабағын салу, жапырақ болып ойылған жөкені жасыл бояуға батырып жапырақты бастыру тәсілмен салу, гүлшік болып ойылған жөкені ақ бояуға батырып гүлдің бейнесін бастыру арқылы салу. Гүл ханшайымы: -Балалар сендер өте жақсы,ақылды балаларсыңдар мен сендерге гүл егуді үйретейін. Сурет салдық бәріміз Талып қалды қолымыз Бір отырып, бір тұрып Біз тынығып алайық |
-Дурыс емес, бір жылда төрт мезгіл бар: жаз, күз, қыс, көктем -Дұрыс емес, кәзір жылдың көктем мезгілі -Жоқ, көктем мезгілінде үш ай бар.
-Асылжан: -Наурыз, сәуір, мамыр
Балалар тақтаға шығып, көктем мезгілдің ерекшеліктерін айтып шығады. -Көктем мезгілінде күн жылыйды,құстар жылы жақтан үшып келеді, ағаштар бүршік жарып, гүлдер, шөптер шығады. -Көбелектер, аралар, шегірткелер ұйықыдан оянады.
-Гүл-цветок- flower
-Аспедистра, Сансевьера, Аю құлақ, Хлорофитум, Желтоқсан гүлі. -Гүлдер ауаны тазартады. - Гүлдер әдемілік үшін керек - Аналарға сыйлау үшін, искеу үшін керек -Топырақты, күннің көзін, су қажет
-Сәлеметсіз бе, Гүл ханшайымы.
-Балалар назарларын слайдқа аударады.
-гүл – цветок – flower, бәйшешек- подснежник-snowdrop, бақ-бақ - oдуванчик-dandelion, қоңыраугүл – колокольчик-bell, қызғалдақ - тюльпан -tulip.
Бәйшешектен білеміз, Көктем келіп қалғанын, Мәз боламыз, күлеміз, Көрсек гүлін жарғанын.
Үлпілдеген бақбақ, Үлпілдеген аппақ. Уф- десем, бақбақ, Ұшасын ғой қаптап.
Қоңыраудай болған соң, Қоңырау гүлі аталған. Бір түбінен жамырап, Бір неше гүл бас алған.
Жомарт мынау табиғат, Өсіргендей бізге арнап. Қып-қызыл боп жалындап, Қырға өседі қызғалдақ.
Балалар болме және дала гүлдердің атын атап, қай жерде өсетінін айтады
-Гүл –өмір қызығы. -Гүл ашылмай, бұлбұл сайрамас. -Гүлдің тоны қырық жамау, бірақ иісі бар. -Қыз өссе-елдің көркі. Гүл өссе- жердің көркі.
Балалар гүлдің түбін қобыстады,су қүяды және жапырақтарын сулы сулықпен сүртеді.
Балалар қауіпсіздік ережесін сақтап, бәйшешек гүлін бейнелейді
Балалар кішкентай құмыраға гүл егеді. Құмыранын түбіне 3-4 тас салады, құмыраның жартысына дейін топырақпен толтырады, гүлді тамырын салып қалған жерді топырақпен толтырады. Су құяды.
-Зейін қойып мұқият тыңдап, қарайды, түсінеді
-Жаттығуға сай қимыл қозғалыстар жасай алды
|
Рефлексиялық түзетушілік |
Ойын: «Бүгін мен не білдім? -Балалар бүгін біз не түралы әңгімелестік? -Глдердің қандай түрлері бар? -Қандай дала гүлдерімен таныстық?
-Гүлдерге неқажет?
Өте керемет,сендер бүгін оқу кезеніне жақсы қатыстыңдар. Мақтап- мадақтау |
-Бүгін біз гүлдер түралы әңгімелестік -Дала гүлдері және бөлме гүлдері. -Бәйшешек, қызғалдақ, қоңырау гүл, бақ-бақ гүлі. -Күннің көзі топырақ, су.
-Қуанды |
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: Балалар көктемде гүлдейтін гүлдердің аттарын атай алды.
Игереді: Гүлдер әсемдіктің белгісі, гүлдердің дәрілік қасиеттері бар екенін
білді.
Меңгереді: Табиғатты қорғауға, гүлдерді аялауды меңгерді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген