Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық оқу қызметі "Жайлауда"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы ашық оқу қызметіне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші: Оразахунова Назым

Тобы: «Ересек топ»

Күні: 23.05.2018

Білім беру саласы : Шығармашылық

Бөлімі : Аппликация

Өтпелі тақырып: Әрқашан күн сөнбесін

Тақырыбы: «Жайлауда»

Мақсаты: балаларға жайлаудың табиғаты, киіз үй туралы түсінік беру; жайлау туралы ұғымдарын кеңейту; шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту; бірлесіп еңбек етуге, қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құрал-жабдықтар: балаларға жайлаудың қандай жер екені туралы түсінік беру. Жазушының шығармасынан жайлау туралы әңгіме оқу.

Сөздік жұмыс: жайлау, қарақат, қойбүлдірген.

Билингвальды компонент: киіз үй- юрта, жайлау- джайляу, қарақат- смородина, қойбүлдірген- земляника.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Жылулық шеңбері ұйымдастырылады.

-Балалар, жылулық шеңберінде бір-бірімізге өзіміздің жылы, жақсы сөздерімізді шын көңілмен, мейіріммен жеткізейік.

 Балалар: - Табиғат біздің анамыз!

Табиғатқа баламыз. Иіліп сәлем береміз, Біз әдепті баламыз,- деп бір- біріне мейіріммен қарап, жылы сөздер айтады.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Педагог балаларға жайлау бейнеленген №1,2,3,4 слайдты көрсетіп, жайлаудың табиғаты, киіз үйлер, оның айналасындағы адамдар, балалар, жан- жануарлар, тау, өзен, су, ағаш, шөп пен гүлдер , жемістер жайында әңгіме айтады.

-Балалар, жайлауда болғандарың бар ма?


-Жайлауда адамдар қандай үйлерде тұрады?

Оны біз жаңа әдемі көріністерден көрдік. Жайлауда малшылар тойы өтеді. Балалар қойбүлдірген тереді.

Билингвальды компонент: киіз үй- юрта, жайлау- джайляу, қарақат- смородина, қойбүлдірген- земляника.

-Ал, енді, 103- беттегі жайлаудағы киіз үй сюжетті суретіне мұқият қарап, жжапсыру жұмысын орындайық.

1. 105-беттегі ақ түсті киіз үйдің сұлбасын қиямыз.


-Қиып алған пішініміз қандай геометрияға ұқсайды?

-Ал төбесі ше?

2. Енді бөлек-бөлек бөліктерін қиямыз:

-есігін;

-бау-басқұрларын ;

-түндігін;

-оюларын.

3. Киіз үйдің бөліктерін рет- ретімен 104-беттегі сюжетке жапсырамыз. Алдымен киіз үйдің негізгі бөлігін, содан кейін бау-басқұрларын , одан кейін есігі мен оюын жапсырамыз. Жұмыс жасау барысында көмек қажет боллған балаларға педагог көңіл бөледі.

Балалар педагогтің

әңгімесін мұқият тыңдайды.


-Жайлауда болған балалар көрген –білгендерін айтады.

-Киіз үйлерде тұрады.




Педагог соңынан қайталайды.


Суретті мұқият қарастырады. Қайшымен және желіммен жұмыс жасау ережесін сақтай отырып, тапсырманы орындайды.

-Жарты шеңберге ұқсайды.








Педагог қиған бөліктерді балалар да қияды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Педагог балаларды жұмыстарын ата-аналарына көрсетіп, оларды қуантуларына болатынын айтты. «Жайлау» туралы шағын әңгіме құрастыру тапсырылады.

Балалар жасаған жұмыстарын үйлеріне апарып, ата-аналарынга көрсетеді. Олармен бірге «Жайлау» туралы шағын әңгіме құрастырады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: жапсыру әдісімен жайлаудағы киіз үймен.

Түсінеді:киіз үй және оның құрылысы туралы.

Қолданады: киіз үйді қиып, жапсырудың түрліәдіс-тәсілдерін.

Тексерген:



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
872
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12