жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық оқу қызметі: "Жас экологтар"
Тәрбиеші: Оразахунова Назым
Күні: 27.04.2018
Білім беру саласы : Әлеумет
Бөлімі : Экология негіздері
Өтпелі тақырып: Біз еңбекқор баламыз
Тақырыбы: Жас экологтар
Мақсаты: Проблемалық жағдайларды шешуді үйрену. Тірі организмнің қоршаған ортамен байланысы туралы түсініктерін нығайту. Сөздік қорларын «эколог», «экологиялық апат» сөздерін енгізу. Қыстап қалатын жжыл құстары туралы түсініктерін нығайту; табиғатты нығайтуға қорғауға деген қызығушылықтарын арттыру; бір-бірінің пікірін құрметтеуге үйрету.
Қолданылатын көрнекі құрал-жабдықтар: жоспар- сызба, қыстап қалатын және жыл құстарының суреті.
Билингвальды компонент: шымшық- синица, тоқылдақ- дятел, қайшыауыз торғай- клест, үкі- филин.
|
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Мотивациялық-қозғаушылық |
Педагог топқа ішінде жоспар- сызба бар хатқалтаны әкеледі. Хатты ашып оқиды: « Құрметті, балалар! Мен сендерді саяхатқа шығуға шақырамын. Бізге қайда жжүру керектігін жоспар-сызба көрсетеді. |
Балалар «өзен», «орман», «зертхана», «шеберхана» деген аялдамалар. |
|
Ұйымдастырушылық- ізденістік |
1-аялдама. «Өзен» аялдамасы. Педагог балаларды саяхатқа шығуға шақырады. Балалардың алдынан Тиін шығып, не болғанын айтады: «Бір бала мені орманда көріп, ақырын келіп, ұстап алды. Мені осында әкеліп тастап кетті. Жан-жағыма қарасам, маған таныс емес жер. Мұнда су, жер, мен білмейтін өсімдіктер. Менің өз үйіме қайтқым келеді. Педагог балалардың назарын тақтадағы өзеннің суретіне аударады. -Балалар, өзенде нелер өмір сүреді? -Өзенде мекендейтіндер табиғаттыңжанды, жансыз денелерінің қайсысына жатады? Тиінге дәлелдеп беріңдер. Педагог балалардың назарын еденге төселіп жжатқан көрініске аударады. (онда қоқыстар көп). -Не көріп тұрсыңдар ? Не істеуіміз керек? -Жарайсыңдар,балалар! Сендер өзенді қоқыстан тазарттыңдар. Табиғаттың таза болуына көмектесетін адамды кім дейтінін білесіңдер ме? -Сендер бүгін жас экологтар болдыңдар. Мен сендерге ас экологтар галстугын тапсырамын. Неге оның түсі жасыл деп ойлайсыңдар. Енді сендер су қоймасын мекендеушілерді өзенге қайтаруларыңа болады. -Біз тиінге үйіне қайтуына көмектесуіміз керек. Ол қай жжерді мекендейді? -Балалар, сызбаны мұқият қарап, әрі қарай көрсетілген бағыт бойынша аттанамыз. Билингвальды компонент: шымшық- синица, тоқылдақ- дятел, қайшыауыз торғай- клест, үкі- филин. -Серуенге шыққан кезде жемсауытты ағаштарға іліп, құстарға жем береміз. Дәптермен жұмыс. Жеке-жеке жұмыс жүргізіледі. |
Балалар саяхатқа аттануға дайындалады. Тиінмен амандасады, қызығушылығын білдіреді. Балалар тиіннің сөзін тыңдайды. Балалар экраннан не көріп тұрғанын айтады. -Өзенде балықтар, шаяндар, жәндіктер, өсімдіктер өседі. Жануарлар өзенге су ішуге келеді. Олар жанды денелерге жатады. Өйткені олар көбейеді, өседі. Жануарлар өзенге су ішуге келеді. Балалар қолдарына қолғап киіп, қоқыстарды пакетке салады. -Табиғаттың тазалығын бақылайтын адам дарды экологтар дейді. Балалар сұраққа жауап береді. Қайталайды. Балалар бос пакеттен үлгі бойынша жемсауыт жасайды. Тапсырмаларды орындайды. |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
-Міне біздің саяхатымызда аяқталды. Сендерге не ұнады.Біз құстарға қалай көмектестік? Енді сендер табиғатты қалай қорғау керек, су қоймасында, орманда тіршілік ететін жануарлар мен құстарға қалай көмектесу керек екенін білдіңдер. |
Балалар өздеріне не ұнағанын айтады. Орман көрінісінің алдына естелік үшін суретке түседі. |
Орындайды: проблемалық жағдайларды шешеді; тірі организмнің қоршаған ортамен байланысын түсіндіреді;
Түсінеді: табиғатты қорғау қажеттігін, қыстап қалатын және жыл құстары туралы білімді;
Қолданады: қоршаған орта мен табиғатқа қамқоршы болуды, бірін-бірі тыңдауды, өз пікірін білдіруді.
Тексерген:
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген