400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық оқу қызметі "Жау-жау,жаңбыр"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды қарындашты дұрыс пайдаланып сурет салуға жаттықтыру.Балаларға алғашқы табиғи құбылыстарға қуануға ықпал ету. Үзік сызықтарды үйлестіре қосу арқылы жаңбырдың суретін салуға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу

Тақырыбы:Жау-жау,жаңбыр

Мақсаты:Балаларды қарындашты дұрыс пайдаланып сурет салуға жаттықтыру.Балаларға алғашқы табиғи құбылыстарға қуануға ықпал ету. Үзік сызықтарды үйлестіре қосу арқылы жаңбырдың суретін салуға үйрету.

Көрнекіліктер:Жаңбырдың суреттері.


Шаттық шеңбер

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Күлімдеген күндейміз!

Жауын жауып тұрса да,

Еш уайымды білмейміз


Тәрбиеші балаларға бейнетаспадан көріністер көруге ұсынады.




Бейнетаспаны көріп болған соң көрініс не туралы болғанын сұрайды.

-Бейнебаянда қандай аңдарды көрдік?

-Далада не жауып кетті?

-Аңдарға не көмектесті? Саңырауқұлақтың арқасында барлық аңдар бір-бірімен тату болды. Біздің ауылымызда жаңбыр жауа ма?

-Жаңбыр жауса не істейміз?

-Жарайсыңдар,балалар. Жаңбыр көкшіл түсті болады. Жаңбыр жауғанда далада жүруге болмайды, ауырып қаласыңдар. Жаңбыр жауса бәріміз қуанамыз ба?

Балалардың жауаптары


Сергіту сәті:

Аспанға бұлттар жиналды,

Жаңбыр жауа бастады.
Жаңбыр басылды,
Күннің нұры шашылды.


Үлестірмелі материалдармен жұмыс

-Балалар,алдарыңызға үзік сызық сызылған қағаз қойылды. Үзік сызықтардың түстері қандай?

-Ендеше,осы үзік сызықтарды қосу арқылы жаңбырдың суретін салайық.

Балалардың салған суреттерін қарап шығу.


Тыныс алу жаттығулары

Шарды үрлеу


Қорытынды

-Балалар сіздерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

-Сіздер ненің суретімен танысып салдыңдар?

-Жаңбырдың суретін барлығыңыз әдемі салғандықтан сендерді гүл беріп құттықтаймын.

Күтілетін нәтиже: Біледі: Жаңбырдың не екенін; Игереді: Үзік сызықтарды қосуды;

Меңгереді: Қарындашпен сурет салуды;








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
740
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі