400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық оқу қызметі "Жемістер жыры"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жемістерді (алма,алмұрт, банан,өрік ) атау барысында балалардың сөздік қорын жетілдіру.Жемістер туралы түсініктерін дамыту.Жемістердің атауларын ажырата білу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Коммуникация Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Жемістер жыры

Мақсаты: Жемістерді (алма,алмұрт, банан,өрік ) атау барысында балалардың сөздік қорын жетілдіру.Жемістер туралы түсініктерін дамыту.Жемістердің атауларын ажырата білу.

Көрнекіліктер:Иллюстрациялық суреттер,хрестоматия


Шаттық шеңбер

Достар , бері келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер.

Шаттық толы шеңберге,

Қуанышпен еніңдер!


Суретпен жұмыс





-Балалар,суреттен нені көріп тұрмыз?

-Жемістердің түсі қандай?

-Жемістер қайда өседі?

-Оларды кім өсіреді?

-Жемістерді жерге тастауға бола ма?

-Балабақшада жеміс бере ме сендерге?

-Жемістер денсаулыққа пайдалы ма?

-Қандай жемістерді жақсы көресіңдер?

Балалардың жауаптары


-Балалар,жемістер пайдалы тағам. Жемісті көп жеуіміз қажет. Себебі,жемістерде көп дәрумендер болады.Жемістерді көп жесек денсаулығымыз жақсарады,бойымыз өседі,ауырмаймыз. Мен сендерге жемістер туралы тақпақ оқып беремін.



Алма:

Нарттай қызыл алмам бар,

Мәз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем.

Өрік:

Көктемде ерте гүлдеймін

Кешігуді білмеймін

Піспей тұрған кезімде,

«Менен аулақ жүр» деймін

Уылжыған өрікпін,

Мен бау-баққа көрікпін.


Қара өрік:

Қара өрік деген атым бар,

Менен де дәм татыңдар.

Дәрі орнына жүруге

Кейде менің хақым бар

Алыңдар баққа ектіріп,

Сақтаңдар ұзақ кептіріп,

Шәймен ішкен сусындар

«Па, шіркін-ай!»- деп тұрып


Сергіту сәті:

 Алма, алма, көп алма,

Қызыл, жасыл, көк алма

Теріп, теріп алайық,

Қалтамызға салайық.


Тыныс алу жаттығулары

Ысқырғышты үрлеу


Дидактикалық ойын «Дәмін татып, не екенін тауып көр»

Тәрбиеші жемістерді жуып бөліктерге бөліп, балаларға көздерін жұмуды ұсынып, кезекпен жемістердің бөліктерін ауыздарына салады.

-Сенің аузыңдағы не? Алма ма, әлде алмұрт па? Тауып көр.

- Жуылмаған жемістерді жеуге болмайды. Жемістерді міндетті түрде жуып жеу керек.


Қорытынды

Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау. Сұрақ қою,жауап алу. Балаларды жұлдызша беру арқылы мадақтау.


Күтілетін нәтиже:



Біледі: жемістердің не екенін;

Игереді: жемістердің атауларын ажыратуды;

Меңгереді: суреттер арқылы сұраққа жауап беруді;





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
819
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі