400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық оқу қызметі "Кейіпкерге көмектес"

Материал туралы қысқаша түсінік
: Балалардың тапсырмаларды мұқият орындау арқылы ой-өрістерін , ұсақ маторикаларын дамытып, сөздік қорларын молайту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кіріктірілген ашық оқу қызметі.

Білім салалары: Денсаулық, Қатынас,Таным,Шығармашылық.

Бөлімдері: Дене шынықтыру,Сурет салу, Сенсорика, сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Кейіпкерге көмектес».



Мақсаты: Балалардың тапсырмаларды мұқият орындау арқылы ой-өрістерін , ұсақ маторикаларын дамытып, сөздік қорларын молайту. Ойындар және жаттығулар арқылы балалардың қимыл іс-әрекетін, тұлға бітімдері мен аяқ қол кеуде бұлшық еттерін жетілдіріп, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Білімділік: тапсырмаларды орындай отырып, әр сала бойынша білімдерін бекіту.

Дамытушылық: Баспа әдісін қолдана отырып, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Ұсақ әр түрлі дәндердің арасынан аңдарды іздеу арқылы ұсақ маторикаларын дамытып, аңдар туралы сұрақтарға жауап беру барысында ойлау қабілеттерін арттырып, тақпақтар айту арқылы сөздік қорларын молайту. Жаттығулар мен қимылды ойнындар ойнау барысында қимыл іс-әрекетін, тұлға бітімдері мен аяқ қол кеуде бұлшық еттерін шынықтыру.

Тәрбиелік: Жақсы қарым-қатынас орнату арқылы, достарына көмек көрсете білуге, дені сау шымыр болып өсуге тәрбиелеу. Сурет салу барысында құрал-жабдықтарды тиімді пайдалануға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Қыс мезгілі, қар, орман, аңдар.

Көрнекі құралдар: Жаттығуға керекті заттар, қар бүршіктері,қыс мезгілінің көрінісі, Ақ парақ, бояулар, жұмсақ гупкалар, әр түрлі дәндер салынған қалташалар, көгілдір экран, ақ қағаздар.

Ұйымдастырылған оқу қызмет барысы.

Балалар музыкамен залға кіреді. Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

Кәне балалар бүгін бізге көп қонақтар келіпті, қонақтармен сәлемдесейік.

Сәлеметсіздер ме

Ғажайып сәт: «Бауырсақтың көмек сұрауы»

Бауырсақ дауыстап жылап отырып, балалардан көмек сұрайды. Балалар мен ертегідегі бауырсақпын, Көмектесіңдерші мені түлкі жеп қоймақшы құтқарыңңңдаршы кім бар мұнда.

.

Тәрбиеші: Ой, балалар сендер естідіңдер ме? Бізден ертегідегі бауырсақ көмек сұрап жатыр.Балалар көмектесеміз бе?

Балалар: ия көмектесеміз.

Ал сендер білесіңдер ме, түлкі қайда өмір сүреді?

Балалар: түлкі орманда өмір сүреді.

Тәрбиеші: Бауырсаққа көмектесу үшін орманға баруымыз керек. Қәзір қыс мезгілі ауа райы суық, аяз болып тұр. Біз орманға бару үшін қалай киінеміз?

Балалар: қалың, жылы киінеміз.

Ойын жаттығуы: «Жылы киіну».

Балалар қимыл іс-әрекет арқылы қалың киімдерін ретімен киеді.

Бас киім, тон, шарф, аяқ киім, қолғап киеді.

Тәрбиеші: Ал балалар орманға немен барамыз?

Жаяу жүрген денсаулыққа пайдалы, жаяу барайық.

Балалар тәрбиешінің артынан саппен жәй жүріспен жүру.

Бой жазу жаттығулары:

Салдаттарша аяқты көтеріп жүру.

Аю ұқсап қорбаңдап жүру. Қоян секілді секіріп жүру.

Балалар қараңдаршы орманда бізді қоян тосып отыр екен. Бірақ қоянның көңіл-күйі жоқ. Қоянның үстін қар бүркеп алыпты ол тоңып отырған болар, кәне бәріміз қоянның үстіндегі қарларды үрлеп, қоянға көмектесейік мүмкін көңілі көтеріліп қалар.

Терең тыныс алу жаттығуы: Таза ауамен терең дем алып, ауызбен қарды үрлеп дем шығару.

Ой балалар қоян сондада көңілсіз, мүмкін оның қарны аш шығар.

Қоян сөйлейді: ия менің қарным аш қыста маған азық табу қиын. Балалар сендер маған азық табуға көмектесіңдерші.

Тәрбиеші: жарайды қоян біз саған көмектесеміз.

Балалар қоян не жегенді жақсы көреді?

Біз қоянға көп сәбіздер жасап берейік.

Тәрбиеші сурет салу үлгісін көрсетеді.

Баспа әдісімен тафарет арқылы балалар сәбіздің суретін салады.

Сурет салып шаршаған боларсың саусақтарымызға жаттығу жасатайық.

Саусақ жаттығуы: «Қуырмаш»

Енді біздің салған сәбіздеріміз кепкен болар оларды қоянға сыйлайық.

Тәрбиеші : жарайсыңдар балалар қоян бізге ризашылығын білдіріп жатыр.

Енді келесі кейіпкеріміз аюды тауып алайық. Аюды іздей жүріп, кедергілерден абайлап, мұқият өтіңдер.

Негізгі жаттығулар:

  1. Бөренелерден аттап өту.

  2. Кедергілер арасымен айналып өту.

  3. Жаттығуға арналған тақтайша үстімен еңбектеп өту.

Қараңдаршы балалар кедергілердің бәрінен жақсы өтіп , аюды кезіктірдік.

Бірақ аю ұйқтап жатқан сияқты, оны оятып көреміз бе? Оятып ұйқысын ашап, сергітейік.

Сергіту сәті: «Аюды ояту»

Көгілдір экран арқылы әннің мазмұнына қарай қимыл іс- әрекет жасап көрсету.

Тәрбиеше: аюдың ұйқыдан тұрғысы келмейді, әрі қарай қасқырды іздейік. Аю оянып кетпесін қане дыбысымызды шығармай аяқ ұшымен жай-жай жүріп өтеміз.

Міне қасқыр мұнда отыр екен. Қасқырдың бізге тапсырмасы бар сияқты.

Қасқыр сөйлейді мына қалташадағы дәндердің ішінен аңдарды тауып, олар туралы әндер немесе тақпақтар айтып беріңдер.

Балалар дәндер салынған қалташалардың ішінен аңдардың суретін тауып атайды.

Әр аң туралы тәрбиешімен бірге барлығы тақпақтар айтады, дыбыстарын салады.

Тәрбиеші: жақсы балалар қасқырдыңда тапсырмасын жақсы орындадыңдар. Орманда ауа-райы қандай суық, аяз ия балалар біз қыс мезгілі туралы тақпақ білеміз бе?


Қимылды ойын жаттығуы: Боран соғар оң жақтан, гу,у-у-у,

Боран соғар сол жақтан. гу-у-у-у.

Қар атысып ойнасақ

Су өтеді қолғаптан.

Ой балалар мұнда қар үймектері көп екен жинап алайық бізге керек болып қалар. Шашылып жатқан ақ қағаздарды жинап умаждау арқылы қар кесектерін жасайды. Мүмкін бұл қар кесектері бізге қорғануға керек болып қалар.

Түлкі: Қастарына қылмыңдап түлкі келеді сәлем балдар сендер мұнда нестеп жүрсіңдер?

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе түлкі жан, біз орманға бауырсақты құтқаруға келдік. Бауырсақты мен қамап қойдым қазір мен оны түскі асқа жеймін. Тәрбиеші түлкі сен тез арада бауырсақты босат әйтбесе біз сені тыныш қоймаймыз.Қәне балалар түлкіні қар кесектерімен атқылайық, түлкіні қармен атады.

Түлкі: Жарайды, жарайды мен бауырсақты жемеймін, мына қарларыңды жинап беріңдерші мен достарыммен қар атысып ойнаймын. Сендер орманда адасып қалмаңдар мен сендерге жол көрсетейін кәне, балақайлар менің артымнан пойыз болып тізіліңдер балабақшаларыңа жақындатып тастайын. Содансоң бауырсақты босатамын.

Бауырсақ: балалар мені түлкі босатты. Көмектескендерің үшін көп-көп рахмет. Мен атам мен әжеме барамын урааа.

Тәрбиеші: балалар біз кейіпкерлердің тапсырмаларын орындап бауырсаққа көмектестік.


Қорытындылау: Балалар біз қайда бардық?

Орманда қандай аңдарды көрдік?

Біз қоянға ненің суретін салып бердік.

Сендерге қысқы орман ұнады ма?

Енді балалар қонақтар мен де қоштасатын сәт келді, қош сау болыңыздар!


















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
334
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі