Білім
беру саласы:
Шығармашылық
Ұйымдастырылған
ашық оқу қызметі:
Музыка
Тақырыбы:
«Көңілді ноталар»
Мақсаты:Балаларға
нота туралы түсінік беру,ән айтуға
дағдыландыру,қызығушылығын
арттыру.
Көрнекіліктер:
Интерактивті
тақта,слайд,суреттер.
Қос
тілділік компонент:
көңілді-весёлый,нота-нота,ән-песня.
Сабақтың
барысы:
Балалар көңілді әуенмен сабаққа кіріседі.
Шаттық
шеңбері :
Балабақша
базарлы үй,
Іші
толған ажарлы үй.
Бақшаға
біз келеміз,
Ән
айтып, би билейміз.
Сабақты
да оқимыз,
Ақылды
болып шығамыз.
Сәлем
сөздің атасы,- деген,
Дана
халқымыз, - деп,
Сәлембердік
келген қонақ, ұстазға!
Ұйымдастырушылық
- ізденістік
:
Музыка
жетекшісі :- Балалар, бізге қазір қандай
сабақ болып жатыр ?
-Балалар
ән сабағы деп жауап береді.
Музыка
жетекшісі : Дұрыс айтасыңдар, ал ән
сабағында біз нені үйренеміз ?
-Балалар,
ән айтуды үйренеміз деп, жауап береді.
Музыка
жетекшісі : Жарайсыңдар балалар !
Музыка
жетекшісі :
Ендеше,
«Көңілді ноталар»тақырыбындағы ашық
сабағымызды бастайық.
Негізгі
бөлім :
Балалар,
зейінімізді ашайық,көңілімізді сабаққа
бұрайық.
Музыка
жетекшісі: Ноталар туралы әңгімелеп,
слайд бойынша сабақты түсіндіреді.Балалар,
енді біздер Айзаттың тақпағына кезек
берейікші.
Бес
жолмен жүреді,
Бес
әуенді біледі.
Бұл
дегенім кәдімгі,
Нота
сызығы болар.
Музыка
жетекшісі: жарайсың, қане нота сызығы
қайсы екен, көрсетіп жіберші, дұрыс,неше
сызықтан тұрады екен, өте жақсы рақмет
орныңа отыра қой.
Скрипка
кілті туралы тақпағымен Айзерені
шақырайық.
Құлып
аузын ашатын,
Жабатында
құралмын.
Бірақ
қазір бұл жерде,
Музыка
әлемін ашамын.
Музыка
жетекшісі: дұрыс айтасың Айзере,скрипка
кілтін көрсетіп жіберші бізге,жарайсың,
рақмет,орныңа отыра қой балақай.
Балалар,
нота туралы Жанерке айтып берсінші.
Бір
нәрсе көлемі үлкен,
Айтқаны
ән мен өлең.
Әріпі
бар доп домалақ,
Нотамыз
осы болар.
Музыка
жетекшісі: жарайсың, Жанерке ноталарды
көрсетіп жіберші бізге, неше нота бар
екен? Дұрыс айтасың, рақмет саған, орныңа
отыра қой.
Балалар,
сонымен ноталар неше сызықтың бойында
орналасады?
Ноталардың
алдында қандай белгі тұрады екен?
Неше
нота болады екен?
Балалар,
сұрақтарға дұрыс жауап береді.
Музыка
жетекшісі: Қане барлығымыз жеті нотаны
айтып шығайық.
Музыка
жетекшісі: Балалар, аптада неше күн
болады? Сендер балабақшаға неше күн
келесіңдер? Балалар, жеті күн деп, жауап
береді.Бес күн келеміз, дейді.Дұрыс
айтасыңдар, жеті күн бар екен.Қараңдаршы
жеті күн мен жеті нота сәйкес келеді
ме? Иә, сәйкес келеді,дейді балалар.
Музыка
жетекшісі: Олай болса,Жанерке бізге
ноталар әнін айтып берсінші,тыңдайық.
До-
дегенім,дүйсенбі,
Ре-
сейсенбі
емес пе?
Ми-сәрсенбі
болады.
Фа-бейсенбі...
Соль-жұма
күн қасиетті.
Ля-сенбі
күніміз,
Си-жексенбі
демалыс.
Музыка
жетекшісі: жарайсың Жанерке талабың
таудай болсын,рақмет.
Балақайлар,тақтаға
қараңдаршы ноталардың түстерін айтып
шығайық.
До
–қызыл-красный
Ре-жасыл-зеленый
Ми-көк-синий
Фа-қоңыр-коричневый
Соль-күлгін-фиолетовый
Ля-сары-желтый
Си-қызғылт-розовый
Музыка
жетекшісі: Балалар, біздер оқу жылы
басталғалы, күз мезгілі мен қыс мезгілі
аралығында қандай әндерді үйрендік?Қане,
есімізге түсіріп,қолымызбен санап
айтайықшы. Балалар, санап әндерді айтып
шығады.
Музыка
жетекшісі: дұрыс айтасыңдар, ендеше осы
әндерді шырқап жіберейік.
Ән:Попурри.
Музыка
жетекшісі: Балалар,енді бүгін жаңа ән
үйренеміз,тақтаға қараңдаршы бұл қандай
аспап білесіңдер ме? Дұрыс айтасыңдар,
домбыра аспабы.Біздің үйренетін әніміз
осы домбыра аспабына арналған.Ән:Қасиетті
домбыра.
Музыка
жетекшісі:Балалар,сабағымызды
қорытындылайық,бүгінгі сабақта нені
үйрендік?Балалар сұраққа жауап береді.
Музыка
жетекшісі: Ән сабағы ұнады ма,көңілді
болды ма?Жарайсыңдар,мен де сіздерге
ризамын,ашық сабаққа өте жақсы
қатыстыңдар,рақмет.Сіздерге
алып
қойған тәттілерімді берейін. Барлығымыз
келген қонақтармен қоштасайық,барлығы
бірге:Келгендеріңізге рақмет,сау
болыңыздар,-деп сабақты аяқтаймыз.
Күтілетін
нәтиже:
Біледі:
ноталарды
танып біледі.
Игереді:скрипка
кілті, нота, нота сызығы терминдерін.
Меңгереді:
әнді әуенге ілесе шырқауды.