400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық оқу қызметі «Күз келді»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешіге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім салалары: Таным
Бөлім: Жаратылыстану
Тақырып: «Күз келді».
Мақсаты: Балаларға табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы, жыл мезгілдері туралы
түсініктерін қалыптастыру. Табиғаттағы ауа райының жайын бақылауды және бақылау
нәтижелерін табиғат күнтізбесіне белгілейді қадағалау.
Дамытушылығы: қарапайым дербес тәжірибе әрекетін ұйымдастыру арқылы
балалардың түсініктерін дамыту.
Тәрбиелігі: құрдастарына достық қарым­қатынасты тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: суреттерді, фотоларды қарау; күз құбылыстарын
бақылау; жұмбақ шешу, зерттеу серуені, тақпақ айту.
Қолданылатын материалдар: тақырып бойынша иллюстрациялық материал. «Күз» тақырыбында кеспеқағаздар.
Сөздік жұмыс: күз, жыл мезгілі, өнім, киім
Билингвалды компонент: күз – осень

Ұйымдастыру
кезеңі:



Шаттық шеңбері;

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде.

Қуанайық бәріміз,

Арайлап атқан әр күнге!


Тәрбиешінің қызметі
Балалардың қызметі
Тәрбиеші: балалардан жыл мезгілдерін естеріне түсіріп, оларды атауды
сұрайды.

-Қазір жылдың қандай мезгілі?

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Күз мезгілінде ауа райында қандай өзгерістер болады?

-Күз мезгілінің ерекшеліктері!

- Бір аптада неше күн бар?

-Бүгін аптаның қандай күні?



Бұдан соң жұмбақ жасырып, оның шешуді ұсынады.
­-Табиғатта қандай өзгерістер болды?
Күз келді
Сарғайды тоғай,
Сап­сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде. (М. Әлімбаев)

Тәрбиеші: Олай болса балалар менің сендерге арналған керемет дидактикалық ойыным бар!

Д-О» Жыл мезгілдері» суреттері мен карточкалары.

Ойын барысы:Тәрбиеші балалардан жылдың қай мезгілі екенін сұрайды. Жыл мезгілі төрт бөліктен тұрады,әр бөлікке сәйкес мезгілдердің ерекшелік карточкасы бар.

Балалар жыл мезгілдерінің өзгерістері карточкасын алып сәйкес келетін мезгілдерге қойып шығады.(мысалы:қыс мезгіліне қар,шырша,аққала т.б.)


Астық пісіп, орақ орып,
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?


«Күз келді»суретті қарауға шақырады:
­­-Суретші қай жыл мезгілін суреттеген?
­-Ол неден байқалады?
-Жанды және жансыз табиғаттағы
өзгерістерді атауды ұсынады.

Жыл мезгілдерін атайды.
Жұмбақ шешеді:
Өрік, алма, шие, алма,
Жидек, жүзім піседі,
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз
піседі.





Дидактикалық ойын: «Заттық фриздер»



Мақсаты:Заттарды көріп сипаттау арқылы балалардың сезімталдығын дамыту, қоршаған орта жайлы танымдарын кеңейту,сөздік қорын дамыту.

Көрнекіліктер: себет(көкөністер мен жемістер муляж), қоржын.

Ойын шарты:Әр түрлі жемістер немесе көкөністер суретті муляждары салынған ыдыстан бір затты алады. Сонан соң сол затты жан-жақты сипаттайды және заттың атын атап,түр-түсін ажыратады.

Мысалы:Баланың көзін байлап қойып,қоржыннан бір затты алғызады (алманы алып пішінін,түсін айтады). Ол оны сипалап,не екенін ажыратады да сипаттайды,атын айтады.



Сергіту сәті:
Алтын, сары, қызыл, көк.
Алуан­алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Ой, алақай, тамаша!
Шашу шашты жапырақ.


­Күз туралы әңгіме құрастырайықшы.
Жағдаяттық әңгімелесуге шақырады.
­ Күз келді. Ауа райы өзгерді. Біз таңертең балабақшаға жиналып
жатырмыз.

-Қандай киімді таңдаймыз?

-Киімді дұрыс таңдау үшін, даладағы ауа-райы қандай екенін анықтап алуымыз
қажет.

-Балаларға олардың балабақшаға қандай киіммен келгені туралы əңгімелеуді ұсынады.
Педагог қорытынды жасайды:
Балаларға өзінің көңіл күйін қандай да бір жануардың (өсімдіктің, гүлдің) бейнесімен салыстырып, оның суретін
салуды немесе сөзбен түсіндіріп, сипаттап беруді ұсынады.
Рефлексивті
коррекциялаушы:
(Педагог сөйлемді бастайды, балалар аяқтайды).
Тәрбиешінің қимылдарын
қайталайды.
­Аспанды бұлт қаптады.
­Жаңбыр жиі жауады.
­Адамдар қолшатырмен жүреді.

Ағаштарда жапырақ жоқ.
­Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп қалды.

Жыл құстары оңтүстікке ұшып кетті.

Баубақшада өнім жиналды.

– Жазда күннің жарығы мол, күзде...

– Жазда адамдар жеңіл
киінеді, ал күзде...

– Жазда ағаштар жап­-жасыл болып жайнап тұрады, ал күзде...

–Жазда аспан көкпеңбек, ал
күзде...

– Жазда адамдар өнімді өсіреді, ал күзде...

– Жазда балалар демалады, ал күзде....


Сабақты қорытындылау
Ттабиғаттағы маусымдық өзгерістерді, жыл мезгілдерін атайды;
Түсінеді: табиғаттағы өзгерістерді не үшін бақылау қажеттігін; күзде қалай киіну
керектігін;
Қолданады: бақылау, еңбек ауа-райының өзгерістерін байланыстарды
анықтайды.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
1429
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі