Мақсаты:
Білімділігі: Балаларға күз мезгілі туралы түсінік беру. Күз
мезгілінің қоршаған ортаға деген әсерін таныту, күз ерекшеліктерін,
күз сыйын балаларға ұғындыру. Қыстап қалатын құстарға қамқор
болуға уйрету.
Дамытушылығы: Балалардың ақыл-ойын жетілдіріп, тіл байлығын
дамыту.
Тәрбиелігі: Балаларды әдептілікке, сыйластыққа, қамқорлыққа
тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ойын,
түсіндіру, жұмбақ жасыру, сергіту сәті,
әңгімелесу.
Көрнекілігі: күз мезгілінің суреті, жеміс-жидектердің
суреттері,муляждар. Құстардың суреттері,құстың
ұясы.
(Таспадан құстардың, аюдың дауысын
жіберу).
Тәрбиеші:
Шаттық
шеңбері:
Армысың, алтын
күз!
Армысың, көк
аспан!
Армысың,
достарым
Сендерді көрсем
қуанам!
- Балалар, сендер қазір жылдың
қай мезгілі екенін білесіңдер
ме?
-Күз мезгілінде табиғатта
қандай өзгерістер болады?
-Күз мезгілінде жапырақтардың
түсі қандай болады?
Балалар: -Күз мезгілінде күн суытып салқындайды, кейде жаңбыр жауады,
жел соғады, жер балшық болады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді,
адамдар жылы киіне бастайды.
Тәрбиеші: Ендеше
балалар,күздің бейнесін тамашалауға орманға саяхатқа
шығайық.Көлікке мініп алайық.Ал,күзгі орманға да келдік.Айналаға
қараңдаршы,табиғат қандай
тамаша.
(Осы кезде Орман ішінен аю
шығады.Аюдың даусы шығады.)
-Аю: Шуылдап менің орманымда
жүрген кімдер?Мен қысқы ұйқыға дайындалайын деп жатыр едім.Сендер
менің ашуыма тидіңдер.
Тәрбиеші: Аю, сен бізге
ашуланбашы.Біз сенің аулаңды тазалауға
көмектесеміз.
Ойын: «Жапырақ
жинау»
Аю: Менің ашуым алі басылған
жоқ. Тақпақ тыңдаймын.
-Тәрбиеші: Ендеше күз
туралы тақпақтарымызды
айтайық.
Каусар:
Күздің қазан
айында,
Алма,алмұрт
піседі.
Жапырақтар
сарғайып
Сыбдыр-сыбдыр
етеді.
Раяна:
Мынау-
жүзім,жаным,
Сөлі балдай
шырын
Тәттілігін
біледі
Ара менен
шыбын
Шұғыла:
Тал шыбығым
бұралып,
Бақшаларда
қызарып
Тұрған ол мен –
қызанақ,
Күнге қарап
ұялып.
Асқарбек
Санжар:
Дөп-дөңгелек
сап-сары
Ішінде бар
дәні.
Қызығасың
көріп,
Менің атым
өрік.
Нұртөре:
Картоп біздің
атымыз
Жер астында
жатамыз.
Бір тамырдан
тараған
Ағайынбыз
бәріміз.
Санжар:
Бақшаларда
тізіліп
Тыныш қана
жатамын.
Қабат- қабат
киініп
Қырыққабат
атандым.
Сания:
Өсіреді
ойыңды
Өсіреді
бойыңды.
Қоянға да
азықпыз
Сәбіздерміз
жазықсыз.
Тәрбиеші: Аю, жұмбақ жасыруды билесің бе? Балалар жұмбақ шешкенді
ұнатады.
1-тапсырма: "Жұмбақты
тап"
1.Бой жаза алмай, ойнай
алмай
Денең мұздап
тоңады.
Бөбектерім
айтыңдаршы
Бұл қай кезде
болады? (Күз)
2.Таңмен көзін
ашады
Әлемге нұрын
шашады. (Күн)
3.Тырс- тырс
тамады
Сайға қарай
ағады. (Жаңбыр)
Сергіту
сәті.
Ормандағы
аюдың
Құлпынайы көп
екен
Теріп-теріп
алайық,
Қалтамызға
салайық.
Музыкалық
сергіту.
Топқа қайтайық
балалар.Аюмен қоштасады.
Жеке
жұмыс
Арттерапия әдісімен
жапырақты боялған тұзбен күзгі жапырақты
бояу.
-Ендеше балалар, қалып қойған
құстар тоңып қалмау үшін оларға да ұя жасап, жем шашуымыз керек.
Олай болса, балалар мына геометриялық пішіндерден ұя
құрастырайық.
4-тапсырма. Дидактикалық
ойын: "Кім жылдам, дұрыс
құрастырады?" ( Пішіндерді көрсетіп түрін, түсін атау, орналасу ретін
түсіндіру).
Тәрбиеші: -Балалар, біздер құстарға арнап ұя жасадық. Ендеше
мына орталыққа келіп, барлығымыз қыстап қалатын құстарға жем,су
берейік.
Балалар: -Сау
болыңыздар!
Тәрбиеші: -Рахмет, алма ағашы! Балалар осымен саяхатымыз
аяқталды, енді өзіміздің автобусымызға отырып тобымызға
оралайық.
-Балалар сендерге саяхат ұнады ма?
- Біздер кімге көмек
көрсеттік?
-Күз мезгілінде нелер
піседі?
- Қыстап қалатын құстарға біз
қандай көмек көрсетуіміз
керек?
-Өте жақсы балалар, енді қол
ұстасып, бір- біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, қонақтармен
қоштасайық.
Қол ұстасып
тұрайық
Шеңберді біз
құрайық,
Көріскенше күн
жақсы
Сау - саламат
болайық.