жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық оқу қызметі "Күзгі жапырақтар"
Бекітемін:
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші:
Күні, айы, жылы: 21.11.2019ж.
Тобы: «Ертөстік» ортаңғы тобы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Аппликация
Тақырыбы: «Күзгі жапырақтар»
Мақсаты: Жапырақтарды қиып алып, жапсыруды үйрету. Жапсыру техникасымен жұмыс істеу дағдысын дамыту. Ұқыптылық пен талпынысқа тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: серуен кезінде балаларға ағаштардан қалықтай түскен жапырақтарды бақылатып, жапырақтарды жинату. Әдіс-тәсілдер: шаттық шеңбері, көрсету, әңгімелеу, сұрақ – жауап, түсіндіру. Қажетті көрнекі құралдар: қайшы, түрлі түсті қағаз, қатырмақағаздар, желім, қолорамалдар, күздің суреттері.
Билингвалдық компонент: күз – осень - autumn, жапырақ – лист – foliage.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі |
-Сәлеметсіздер ме, балалар?
-Көңіл-күйлерің қалай? -Балалар, қане барлығымыз орнымыздан тұрып шаттық шеңберін орындайық: Табиғатым тамаша, Көз тоймайды қараса. Табиғатты аялап, Жүрейікші жараса. Сәлем саған Жер Ана Сәлем саған Нұрлы Күн. Сұрақ-жауап: -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілінде неше ай бар? -Қане атайықшы? -Жарайсыңдар балалар! Ғажайып сәт: -Музыкалық әуен ойналады. -Қолында түрлі түсті шарлары бар сайқымазақ кіріп келеді -Балалар бізге қонаққа кім келді? -Дұрыс айтасындар балалар бүгін біздің оқу қызметімізге сайқымазақ келді. Сайқымазақ бізге өзінің тапсырмаларын алып келіпті. Сайқымазақтың тапсырмаларын орындаймыз ба? -Балалар мен сендерге түрлі түсті шарлардың ішіне тапсырмалар салып алып келдім. Cұрақтар -Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
-Күз айларын атап беріңдерші? -Күзде құстар қайда ұшып кетеді?
-Балалар тақтадағы суретке қарандаршы, не көріп тұрсындар? -Күз мезгілінде қандай табиғи өзгерістер болады екен?
|
Сәлеметсіз бе? -жақсы.
Балалар шаттық шеңберін орындап, өлең жолдарын қайталайды.
-Күз мезгілі. -үш ай бар. -Қыркүйек,қазан,қараша.
-Сайқымазақ.
-Иә.
-Ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түседі. -Қыркүйек,қазан,қараша. -Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. -Күн суытады, ағаштың жапырақтары сарғаяды, жазда өсірілген гүлдер күз мезгілінде қурап сағаяды. |
Ұйымдас-тырушылық ізденіс кезеңі
|
Жапырақты жапсыру жолдарымен таныстырамын:
-Балалар, сіздердің күзгі жапырақтарыңыз өте ұқыпты және әдемі жапсырылған екен. -Қане, барлығымыз орнымыздан тұрып, денемізді сергітіп алайық:
Сергіту сәті:«Шөп». Шөп үстімен жүреміз: Сырт-сырт,сырт-сырт. Тас үстімен жүреміз: Тарс-тарс, тарс-тарс. Су ішімен жүреміз: Шолп-шолп, шолп-шолп. Жол бойымен жүреміз: Топ-топ,топ-топ.
Енді мен сіздерге жұмбақ жасырайын, қане жауабын тауып көріңіздер: Жұмбақ жасыру Бұлттар төңіп,жерге төгіліп, Дымқыл тұман басады. Шөп сарғайып,өңі тайып, Дала нұры қашады. Ойнай алмай, Денең мұздап таңады. Бөбектерім айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? «Өз орныңды тап» дидактикалық ойыны: Балалар, ойын ойнағыларың келе ме? -Ендеше, ойынның шартын мұқият есімізге сақтайық: Қазір әуен ойналады, барлығымыз билеп, ойнап, музыка тоқтаған сәтте жапырақтарды шапшаң жинап, сары себетке сары жапырақты, жасыл себетке жасыл жапырақты салуымыз керек. Ойын шарты түсінікті болса, ойынды бастайық.
Билингвалдық компонент: күз – осень - autumn, жапырақ – лист - foliage . |
Жапсыру жолдарын зейін қойып, тыңдайды. Дайын сызылған сопақша жапырақты қияды.
Жапыраққа желім жағады.
Жапырақты қағаздың ортасына жапсырады.
Дайын жұмысты сүлгімен бастырады.
-Сергіту жаттығуын жасайды.
Жұмбақтың жауабын тауып, жауап береді.
Ойынның шартын мұқият тыңдайды.
Музыка әуенімен ойынға белсене қатысады.
Қайталайды: күз – осень - autumn, жапырақ – лист - foliage. |
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі
|
«Шаттық шеңбері» ойыны -Шеңберге тұрып, бір – бірінің күзгі жапырақтарына қарап, мадақтап, жылы сөздер айтуды ұсынамын. - Балалар, енді барлығымыз жапсырған суреттерімізді шығармашылық орталыққа апарып, ілейік. Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу қызметін аяқтау. |
Шеңберге тұрып, бір – біріне жылы лебіздерін айтады, қуанады.
Шығармашылық орталыққа апарып іледі. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: қайшының қауіпті екенін, онымен жұмыс жасағанда абай болу керектігін біледі.
Қандай түсініктерді игерді: қағаздан жапырақты қиып, жапсыруды игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жұмыс реттілігін бұзбауды меңгерді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген