Ашық оқу қызметі "Логикалық ойындар"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық оқу қызметі "Логикалық ойындар"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы





Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы



Күні: 22.01.2021ж Білім беру саласы:Таным

Бөлімі: Математика негіздері Тақырыбы: Логикалық ойындар Мақсаты: Балалармен логикалық ойындар жүргізу арқылы білім деңгейін көтеру. Сандарды тура және кері санау дағдыларын меңгерту, логикалық ойлау қабілетін қарапайым математикалық ұғымдар арқылы дамыту, геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын жетілдіру. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Қайталайды: 1 –ден 10 –ға дейінгі сандарды тура және кері санауды, геометриялық пішіндерді

Түсінеді: түстерді, пішіндерді ажырата алуды

Қолданады: логикалық есептер

Сөздік жұмыс: логика

Билингвальды компонент: ақ – белый, жасыл - зеленый, қызыл - красный, сары - желтый.

1.ҰОҚ барысы:

Тәрбиеші:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар. Топқа кімдер келген?

-Қонақтар.

Ендеше, «Амандасу-адамгершіліктің ,әдептіліктің баспалдағы» деп,келген қонақтармен амандасып алайық. Шеңбер болып тұрайық, Алақанды ұрайық. Күлімдесін күн де Күлімдейік біз де. Алақанды ашайық , Күннің нұрын шашайық Жүрегіміздің жылуын Қонақтарға сыйлайық.

2.Негізгі бөлім:

Балалар, енді көзімізді жұмайық. Мен 3-ке дейін санаймын. Сол кезде

көздерінді ашасыңдар. (музыка ойнап тұрады)

Клоун кіреді.

1,2,3 – көзімізді ашамыз .

-Сәлеметсіңдер ме?

-Менің қолымда не бар?

-Дұрыс айтасыңдар.

Оң қолымда неше, сол қолымда неше шар бар? Барлығын бірге қоссақ қанша шар болды?

-Бір жылда неше жыл мезгілдері бар?

Төрт мезгілдің өздеріне сай түстері болады.

-Қане, айтайықшы

Ақ түс – қыс мезгілі

Жасыл түс- көктем мезгілі

Қызыл түс – жаз мезгілі

Сары түс – күз мезгілі

-Жарайсыңдар.

1 - тапсырма. 1 - ден 10 - ке дейін тура және кері санау. Екі тілде санау.

2 - тапсырма. Сандардың көршісін тап. «Жоғалған сан».

(1 - ден 10- ке дейін сандар бойынша ретімен тұрады.)

3 - тапсырма. Миға шабуыл

- Дүкеннең анам төртбұрышты 2 допты алып келді, оның біреуін ініме бердім. менде неше доп қалды?

- Қоянда неше құлақ бар?

-Төртбұрыштың бір бұрышын алып тастасақ неше бұрыш қалады?

4 – тапсырма.

Сергіту сәті: «Бірге қайтала»

5-тапсырма. «Артық затты тап»

-Балалар , мына суретте берілген заттардан қайсысы артық?

6-тапсырма. А4 қағазды алып ортасыннан бөліп. Енді бөлінген кағазды денемізге тигізбей умаждайық. Сол умаждалған кағазды қайтадан қалпына келтіреміз.

7- тапсырма. Пішіндерді орналастыру.

-Балалар А4 парақтың үстіне оң жақ ,сол жақ, үсті және асты сөздерін қолдану арқылы тапсырманы орындау.

8- тапсырма Мозайка құрастыру.

Балалардың жылдамдығы мен ойлау қабілетін дамытатын ойын.

Билингвальды компонент: ақ – белый, жасыл - зеленый, қызыл - красный, сары - желтый.

Рефлексия :

1.Бір жылда неше жыл мезгілі бар? 2.Мезгілдерді ата?

3. Қандай пішіндерді білесің?

4. Қандай түстерді білесің?

5. Доптың пішіні қандай?

-Бүгінгі оқу қызметі несімен ұнады?

-Жарайсыңдар, балалар.

Бүгін сендер ашық оқу қызметіне жақсы қатысқандарың үшін мен сендерге мынаны беремін.

-Ал ,енді балалар қонақтармен қоштасайық. Сау болыңыздар.































МКҚК «№129 балабақшасы»













Ашық оқу қызметі

Тақырыбы: «Логикалық ойындар»

МАД «Қарлығаш» тобы





























Тәрбиеші: Қабидоллина Ш.Т





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2021
2556
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі