400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық оқу қызметі Музыка "Бала бала балақан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымдағы музыка жетекшілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жауқазын» тобы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері : Музыка

Тақырыптары : Өзіңе және өзгелерге көмектес.

Тақырыпша: «Бала- бала балақан»

Мақсаты:

Б:Балаларды ұйымдастырылған оқу қызметі музыкаға қызығушылықтарын

арттыру.Сөздерді анық айта отырып әндетуге үйрету. Дауыс ашу

жаттығуларын орындату.

Д:Балалардың сөздік қорларын дамыту. Сөздерді анық айтуға

дағдыландыру.

Т: Музыка аспаптарын дұрыс қолдануға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Музыкалық аспаптар, смайлктер,музыка орталығы. Үй, хат, нота кілті, әтеш, биші қыз, алма макеттері, тоғай.

Әдіс тәсілдері:Түсіндіру, көмектесу,ән айту, сергіту сәті,шаттық шеңбері.

Пән аралық байланыс: Сөйлеуді дамыту,

Қостілді компонент: Сәлеметсіз бе?- Здраствуйте?-НеIIo!

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.

Балалар акт залға көңілді музыкамен кіреді.

Барлығы кіріп отыра бастағанда жылаған адамның дауысы естіледі. Балалар мұқият тыңдайықшы бір дыбыс шығатын сияқты. Балалардың барлығы үйдің жанында жылап отырған Олжасты көреді.

Музыка жетекшісі Олжас саған не болды? Неге жылап отырсың?

-Олжас мен мына тапсырмаларды орындай алмай жылап отырмын.Мен бұларды өзім орындай алмасам ертең мені мектепке апайлар кіргізбеймін деді.

-Олжас сен жылама біздің балалар саған көмектеседі.

Олжасқа көмектесеміз ба?

-Иә

Кел Олжас сенде бізбен бірге тапсырманы орында.Мына үйде көптеген суреттер тұр екен, олай болса балалар мен бірінші хатты ашып көрейін ,ішінде не жазылған екен.

Балалар бүгінгі қонақтармен амандасып алыңдар деп жазған екен олай болса амандасып алайық.

Сәлеметсіздерме?

Здраствуйте?

НеIIo!

Бүгін бізде ұйымдастырылған оқу қызметі музыка . Біз оқу қызметін бастамас бұрын мына жерден тағы бір тапсырма орындауымыз керек екен .

Балалар нені көріп тұрмыз?

-Кілт (нотаның кілті)

Өте жақсы балалар! Кілтті алып көрейін ,кілтте оқу қызметін бастамас бұрын не жасаймыз?

-шаттық шеңберін

Жақсы балалар олай болса дөңгеленіп тұрайық, шаттық шеңберіне құрайық.


(музыкамен)

Кербездене жүріп әтеш болайық

Тік ұстап арқаны, басты көтеріп,

Адымдап жүреміз ауланы кезіп

Тізені көтеріп аяқты созып

Әтештей жүрейік алдыға озып

Басында айдары қандай тамаша

Шақырады әтеш таңмен таласа

Ұйқыдан оянып ерте мененкеп

Дауыстап шақырар ку-ка-ри-ку

Нәнә-нә-нә-нәй нә-нә-нә ку-ка-ри-ку


Өте жақсы орнымызға отырайық.

Балалар үйдің сыртынан тағы қандай сурет көріп тұрсыңдар?

-Әтеш!

Жақсы балалар әтеш қандай тапсырма жазып берді екен, оқып көрейін .

Ой балалар біз ән айтпас бұрын не жасаймыз?

Дауыс ашу жаттығуларын жасаймыз.

Тамаша !

Әтештің тапсырмасы дауыс ашу жаттығулары екен.

Музыкада неше нота бар?

-жеті

Жақсы до-ре –ми-фа-соль-ия-си (2-3 рет қайталау) дауысымыз ашылған сияқты.

Балалар тағы ненің суретін көріп тұрмыз.

-Оралған әдемі қағаз

Кәне оныда ашып көрейін. Ооо балалар бүгін біз қандай әнмен танысатынымыз туралы жазылған екен. Бүгінгі біздің ұйымдастырылған жаңа оқу қызметіміз «Бала,бала,балақан» әні екен.

Балалар сендер мұқият тыңдаңдар мен бір рет оқып берейін сендер не туралы айтылғанын айтып беріңдер.

Жақсы.Әуенімен әндете отырып бала,бала,балақан әнін бірге айтамыз.

Жақсы балалар Олжас сенің тапсырмаңды орындап болып қалған сияқтымыз.

Жоооқ әлі тапсырмалар бар ғой.

Келесі ненің суретін көріп тұрсыңдар?

Биші қыздың суреті !

Ой балалар биші қыз бізге Олжаспен бірге сергіп алыңдар деген екен олай болса сергіту сәтін жасап алайық.

Жапырақтай шулаймыз

Шук-шук-шук-шук-шук-шук

Жерге түссе баспаймыз

Ағаштайын тұрамыз

Сол сияқты тербелеміз

Өзіміз желбоп әуелейміз.

У-у-у-у-у-у-у-у-у-у

Өзіміз жел боп айналамыз

Тамшы болып секіреміз

Тазаауада ойнаймыз

Гүл сияқты демаламыз

Үлгілі баладай отырамыз.

Тамаша!

Келесі қандай сурет көріп тұрмыз?

-Домбыра

Балалар домбыраның артында мынандай тапсырма жасырыныпты музыка аспаптарының аттарын ата?

Балалар сөреден аспаптарды алып қандай аспаптар екенін атап айтады.

Жақсы балалар Олжас көрдің ба біздің балалар барлық тапсырманы орындап берді.

Бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма ?

Бүгін қандай әнмен таныстық?

Қандай аспаптардың аттарын атадыңдар?

Жақсы!

Балалар мына жерде қандай тапсырма қалды?

-Қорапша

Олай болса бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылай келе

Сиқырлы қорапшаны ашып көрейік.Сендер тыныш отырыңдар.Балалар бұл сиқырлы қораптың ішінде көптеген алмалар, смайлктер бар екен. Мына үйдің жанында үлкен алма ағашы тұр.Егерде сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнаса қызыл алманы тоғайдың бұтағына ілеміз, егер ұнамаса сары алманы ілеміз.Барлық балалардың қолына смайлктер жапсырып , ағашқа алмаларды іледі. Олжас міне біздің балаларымыз барлық тапсырманы орындады. Енді сені мектепке апайлар кіргізеді.

Олжас рахметін айтады!

Осымен біздің бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды.

Сау болыңыз!

Досвидания!

Good-bye!











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
1149
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі