400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық оқу қызметі Музыка балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымдағы музыка жетекшілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Тұсау кесу»

Мақсаты: Тұсау кесу қазақтың салт-дәстүрін түсіндіру.Тұсау кесу жырының сөзін әнімен бірнеше рет қайталатып айтқызу.Сөздік қорларын дамыту. Қазақтың салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Безендірілген зал, тәй-тәй сөзі жазылған плакаттар,ала жіп, қайшы,әже, бала, шашу, түйе , қоржын ,домбыра,кітап, музыка орталығы.

Әдіс –тәсілдері: Түсіндіру, көрсету,ойын, ән айту.

Пән аралық байланыс: Сөйлеуді дамыту,

Қостілді компонент: Бала - ребенка

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.

Сәлеметсіңдерме?

Здраствуйте?

НеIIo!

Бүгін бізде музыка сабағы. Біз сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберін жасап алайық.

Шаттық шеңбері (музыка қосылады ағылшынша)

Clap your hands

Clap your hands

Listen to the music and clap your hands

Stamp your feet stamp your feet

Listen to the music and stamp your feet

Turn around turn around

Listen to the music and turn around

Jump up high Jump up high

Listen to the music and jump up hidh

Clap your hands

Clap your hands

Listen to the music and clap your hands

Тамаша балалар! Орнымызға отырайық.

Балалар өткен сабақта қандай әнмен таныстық?

Естеріңе түсіріп көріңдерші?

Әлди-әлди әнімен, бесікпен.

Өте жақсы балалар.

Бүгінгі музыка сабағында қазақтың салт-дәстүрлерінің бірі «Тұсау кесу» дәстүрін сендерге көрсетіп, тұсау кесу әнін орындайтын боламыз.

Бала дүниеге келгенде атын қойып, бесікке салып әлдилеп әнімен тербетіп ұйқыға жатқызатын болған.Өсіп келе жатқан бала еңбектей бастап, қаз – қаз тұрады.Қаз-қаз тұрған баланы көрген ата-анасы тез жүріп,сүрінбесін, құламасын деп тұсауын кесетін болған. Тұсауды ала жіппен, тоқ ішекпен, көк шөппен кескен. Ала жіппен кескенде ырымдап біреудің ала жібін аттамасын деген екен. Тоқ ішекпен кескенде бала тоқ жүрсін деген ырыммен кескен екен. Бұл қазақтың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі.Біз осы салтты сақтауымыз керек. Баланың тұсауы кесілмесе сүрініп құлап, жүре алмайды екен.

Жақсы балалар!


Тұсау кесу әнінің сөзін 1-2 қайталатып жаттату.

Тұсау кесу

1.Тұсауыңды кесейін

Ала жіпті шешейін

Құтты болсын талабың сенің

Бөбегім шын көңілмен

Тілегім бұл өмірден

Тұсалмасын қадамың сенің

Қ-сы

Тәй –тәй балапаным қаз-қаз,

Ботақаным байқа қадамыңды бас.

Айналайын тәй-тәй балапаным қаз-қаз,

Ботақаным байқа қадамыңды бас.

2.Бүлдіршінім бөбегім қалауыңды берейін

Тәй-тәй басып келші жаныма,

Саған мәз боп қараймыз

Қадамыңды санаймыз

Қаз-қаз басып көрші тағыда.

Қ-сы

Тәй –тәй балапаным қаз-қаз,

Ботақаным байқа қадамыңды бас.

Айналайын тәй-тәй балапаным қаз-қаз,

Ботақаным байқа қадамыңды бас.

Өте тамаша балалар.

Балалар сөзімен таныстық енді ,әнімен айтайық, әнді айтпас бұрын дауыс ашу жаттығуларын жасап алайық

А-а-а-а-а, а-а-а-а-а. М-м-м-м-м-м, м-м-м-м-м-м

Олай болса бүгінгі біздің сабағымызға үлкен әже немересін ертіп келіп отыр екен,сендерге тұсау кесу салт-дәстүрін көрсетемін дейді. Олай болса балалар сендер мұқият тыңдап отырыңдар.Кәзір әжеміз тұсау кесіп, шәшуін шашады, сендер сол шәшуді теріп жинап жейтін боласыңдар.

Тұсау кесіп жатқанда музыкамен балалар бірге тұсау кесу әнін орындап береміз.

Балалар біз сабағымызды қорытындыласақ. Сандықтың үстінде әдемі қоржын ілініп тұр екен, Айбике қарап қоржынды ашып көрші.

Не бар екен ? Тапсырмалар.

Бүгінгі сабаққа қалай қатысқандарыңды білгісі келетіні туралы жазыпты.

Жақсы балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

Бүгін қандай салт-дәстүрмен таныстыңдар?

Бүгін қонаққа кімдер келді?

Қандай әнді тыңдадыңдар?

Бүгінгі сендердің көңіл күйлеріңді білдіретін смайликтер тапсыру.

Осымен бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды.

Сау болыңдар!






































«Балауса ясли-бақшасы»

КМҚК














Музыка

«Бала-бала балақан»


Ашық оқу қызметі







Музыка жетекшісі:А.Сейлсинова



2019-2020 оқу жыл















«Айналайын анашым» ертеңгілігік


Көңілді әуенмен балалар залға кіріп, орындарына тұрады.


Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті аналар, аяулы әжелер! Баршаңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8 наурызбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге шаттық, бақыт, байлық тілей отырып, 2-і кішкентайлар тобының дайындаған «Айналайын анашым» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.


Күн жайнап келеді,

Гүл жайнап келеді көктем.

Күлкі боп ереді,

Қуанта береді көктем.


Ән:«Көктем»


1-ші бала: Ана деген - дара мүсін

Шаршамайды бала үшін

Ауырмашы жан анам,

Сенсің менің бар панам.


2-ші бала: Анам менің, ақ мамам

Балашым деп мақтаған.

Анам барда әрдайым,

Қуанамын шаттанам.


3-ші бала: Ана біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Бар баланы қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.


4-ші бала: Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.



5-ші бала: Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.


Жүргізуші:Шуақты көктем күні, күн нұрын төккен күні,

Аналардымейрамменбалаларқұттықтайды!

Әжелерменаналар ,қыздармененапайлар,

Сұлуланған, нұрланған ,әдемібопқұлпырған,

Би билейміз, жырлаймыз, мерекенітойлаймыз!

Балалар, әлемдегіеңжақсы, еңмейірімді , еңжүрегіжұмсақкімекен?

Балалар:Аяулыанамыз!


Жүргізуші:

Балалар, айтыңдаршы.

Біздіжақсыкөретін,

Бар жақсыныберетін.

Баласыүшінәрдайым,

Мейірімінтөгетін

Олкім?


Балалар:Анашым!



(музыка әуенімен көктем кіреді)

Көктем ханшайымы:Сәлеметсіңдерме балалар, мен көктем ханшайымымын. 

Балалар сендерде кандай мереке болып жатыр?

Жүргізуші:Бүгін біздің аналарымыздың, әжелеріміздің мерекесі. біздің балалар аналарына арнап ән кешін сыйламақ.

Көктем ханшайымы:
Қош келіпсіз ақ жаулықты әжелер мен аналар!
Жүздерінен мейіріммен нұр тамар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді!
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!

Көктем ханшайымы:
Балалар!Ғажайып бақтың алғашқы гүлін сыйға тартайын. Бұл сиқырлы гүл, барлық тілектерімізді орындайды. Олүшін гүл желектерінен сұрайық…
1.Біз бірінші гүл желегін жұлайық,
Ақ тілекті гүл желектен сұрайық.
Тобымыздың әншілері,
Орнымыздан тұрайық.
Мейірімді аналарға,
«Ана» әнін сыйлайық!

Ән: «Ана»

Көктем ханшайымы:Біз екінші гүл желегін жұлайық,
Батыстан асып, шығысқа,
Ұшып бар деп сұрайық.
Аяулы ана, асыл әже,
Тақпақтарды біз сіздерге арнайық…..

Жүргізуші: Келесі құттықтау біздің әжелерімізге арналады.



Жақсы көреді әжелерің,

Ойыншықтар да әпереді,

Балабақшаға да әкеледі.

Жақсы қандай әжелер!


Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді,

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.


Менің әжем мейірбан,

Мені жақсы көреді.

Қажетіне жарасам,

Жас балаша күледі.



Ақ кимешек киген,

Ақ бетімнен сүйген.

Менің әжем қандай,

Менің әжем айдай.


Ән: «Әжем мені өте жақсы көреді»


Жүргізуші: Ал біздің ұл балалар қыз балаларды биге шақырып, биден шашу шашады.

Би :«Топни ножка моя»


Көктем ханшайымы: Ақ арманды гүл желектен сұрайық
Ол үшін біз тағы бірін жұлайық
Ананың — біз гүліміз,
Ана – біздің күніміз!
Тек сіздерге арналады,
Міне, біздің биіміз!


Би: «Анашым кел билейік»

Көктем ханшайымы:Біз екінші гүл желегін жұлайық,
Батыстан асып, шығысқа,
Ұшып бар деп сұрайық.
Аяулы ана, асыл әже,
Балалардың ойының тамашалайық….

Ендеше кезектіойынға берейік…


Ойын: «Гулдер» 


Көктем ханшайымы:Ұш, ұша түс гүл желек,
Бақшамызға қон желек.
Баршаңызға аналар!
Зор денсаулық біз тілейді.
Қазір шығып ортаға,
Қыздарымыз би билейді.

Би: «Біз кішкентай қуыршақпыз»


Көктем ханшайымы:Ақ арманды гүл желектен сұрайық
Ол үшін біз тағы бірін жұлайық

Әнімізге ән беретін, кешімізге сән беретін 

Аналарымызбенбірге ойын ойнайық.


Ойын: « Ананы сәндейміз» (ұлдар)

Көктем ханшайымы:Гүл желектің біреуін,
Қане, жұлып көрейік.
Сізге бүгін сый—құрмет,
Жан аналар мерейім.
Келіпті бізге қонаққа,
Ғажайып әлемнен сиқыршы

Таңқалдырар біздерді

Көрсетіп сиқырды


(Музыка әуенімен сиқыршы  кіреді)

Сиқыршы:Сиқыршымын сондай күшті, көрікті.

Мерекемен құттықтағым келеді.

Ақ әжелер, аяулы бар аналар,

Мерекелерініз құтты болсын айтайын!

Сәлем бердім нәзік, сұлу қыздарға,

Сәлем бердім ержүрек бар ұлдарға.

Кездесуге асықтым мен сіздермен,

Биленсін би, айтылсын ән бұл залда.


Көктем ханшайымы:
Рахмет, сиқыршы сізге.

Алдарынызда данқы шыққан

Сиқыршы –факир

Бәр әлемді таң қалдырған

Қарсы алыныздар шапалақтап.

Көрініздер ,көріңіздер ,

Көңіл күйді шалқытып .

Шапалақтап ,қол соғып,

Фокус –покус көрініздер.

Фокустар


(Сиқыршы қоштасып шығып кетеді)

Көктем ханшайымы:Аналардың мейірімі ерекше,
Талпындырған асулар мен белеске.
Аямаған шуағы мен жан нұрын,

Берші анама бар жақсылық, тәңірім!! – деп тілей отырып, сіздерге арналған сыйлығымызды табыс етейік…


(сыйлықтарын аналарға береді)

Көктем ханшайымы:
Астанамыз тұнып тұрған бау болсын,
Сүті теңіз, еті ерен тау болсын,
Бала үшін түн ұйқысын төрт бөлген,
О, аналар!! Дендеріңіз сау болсын!!
Мерекелеріңіз мәңгілік болсын!


 























8

«Айналайын, анашым»

наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік


IIкішкентайлар тобы








Музыка жетекшісі:

Сапаргалиева А.Е.
















Қарағанды 2018 ж.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
567
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі