400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық оқу қызметі "Орманға саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі балаларға арналған ашық оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

«Балапандар» 2-сәбилер тобы

Тәрбиеші: Асабаева Жұлдыз

Білім беру саласы: Қатынас, Таным, Денсаулық

Бөлімі: Қоршаған орта, Тіл дамыту, Дене шынықтыру

Тақырыбы: Сөздік қимылды ойын: «Орманға саяхат»

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту. Ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту. Аңдардың іс-қимылдарын мәнеріне келтіріп, ойнау қабілеттерін дамыту. Балалардың достық сезімдерін қалыптастыру. Ұйымшылдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

Міндеті: Балалардың сөздік қорларын молайту.

Сөздік жұмыс: Орман, шырша, бүршік

Көрнекіліктер: Ойыншықтар, шырша құлпынай

Билингвалдық компонент: көктем-весна, күн-солнце, аю-медведь, қоян-заяц, отарба-поровоз.

Инклюзивті әлеумет: Белсенділігі төмен балалармен жұмыс жасау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-ірекеті

Балалардың іс-әрекеті

Жанұяның қатысуы

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Сәлем бердім күнге мен!

Сәлем бердім мен саған!

Сәлем бердім апайға

Қонақтарға достарға

Еркем,еркем еркем-ай

Еркелеген еркем-ай


Балалар іс-қимылмен шаттық шеңберді жасады.


Іздену ұйымдастырушы

Жұмбақ

Су ағып сай-саладан,

Тасып өзен толады.

Құстар келіп ән салады,

Бұл қай кезде болады?

-Қәзір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінің қанша айы бар?

-Көктем мезгілінің айларын атайықшы.

-Көктем мезгілінде күн қандай болады?

-Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

Жарайсыңдар балалар сендер көктем туралы тақпақтар білесіңдер ме?


Тақпақтар:









-Жарайсыңдар, балалар!

-Көктем мезгілінің ерекшеліктерін жақсы біледі екенсіңдер. Тақпақтарды да жақсы біледі екенсіңдер.

-Балалар сендер көктемгі орманды көрдіңдер ме?



Олай болса балалар көктемгі орманға саяхатқа барайық.

Ойын: «Отарба»

-Балалар сендер орманда мекендейтін қандай жануарларды білесіңдер?


-Қандай аң қорбаңдайды?

-Қандай аң су жүрек қорқақ болады?

-Ал, өзі қу, жүрген жері ду бұл қандай аң?

-Жарайсыңдар балалар!

Тосын сый. (Ақ қоян балаларға кездеседі)

Ақ қоян: Балалар сендер қайда барасыңдар?Бұл орманда не істеп жүрсіңдер?Менің әбден ішім пісті. Менімен ойын ойнайсыңдар ма?

Ойын: «Қоян»



-Балалар қоянмен қоштасайық.

Орманның табиғаты туралы сұрау.


Тосын сый: Аю

Балалармен кездеседі.

Аюмен амандасады

Ойын: «Ормандағы аю»


Аюмен қоштасу.

Жұмбактын шешімін таба алды

Көктем мезгілі.

-Көктем мезгілі

-үш айы бар.



-наурыз,сәуір,мамыр.


-жылы болады.


-күн жылып,талдар бүршік жарады.Құстар ұшып келеді.Жерге көк шөптер шығады.





1.Көктем, көктем, көктемде

Көктем келіп жеткен де

Біз қуанып қаламыз.

Әнмен қарсы аламыз.

2. Көкке бояп өңірді

Көктем келді көңілді

Бау-бақшада орманда

Құстар әні төгілді.








-жоқ көктем мезгіліндегі орманды көрген жоқпыз.



Отарбамен орманға саяхатқа барады.



-аю,қоян, қасқыр, түлкі, жолбарыс.

-аю


-қоян


-түлкі










Ақ қоянмен ойын ойнайды.


Ақ қоянмен қоштасты.



орманда талдар, аңдар көп екен.



Аюмен амандасады.

Ойынды балалар аюмен ойнайды.

Аюмен қоштасады.


Рефлексивті түзету

-Балалар біз қайда бардық?


-Нені көрдік?

Қандай ойын ойнадық?


-Ойындар сендерге ұнады ма?

Ойын: «Жүрісін сал»

Олар қандай жануарлар екен?

-Неліктен біз оларды жабайы жануарлар деп атаймыз?


Балаларды мақтау, мадақтау.


Орманға саяхатқа бардық.

-аюды, қоянды көрдік.

- «Ақ қоян», «Ормандағы аю»


-иә

Балалар әр аңның жүрісін қимылын көрсетіп ойынды ойнады.


-Жабайы жануарлар олар орманда мекендегендіктен




Күтілетін нәтижелер:

Не білді: Көктем ерекшеліктерін айта алды.

Не алды: Көктем туралы тақпақтар айта алды.

Не істей алды: Ормандағы аңдармен ойын ойнай алды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
776
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі