Материалдар / Ашық оқу қызметі Орта топ Жапсыру Тақырыбы: Көліктер

Ашық оқу қызметі Орта топ Жапсыру Тақырыбы: Көліктер

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық оқу қызметі Орта топ Жапсыру Тақырыбы: Көліктер Мақсаты: балаларға көліктер туралы мағлұмат беру, желім, қайшыны дұрыс пайдалануға үйрету
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Күні: 19.11.2021

« Құлыншақ» орта тобы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Оқу қызметі: Жапсыру

Тақырыбы: Көліктер

Мақсаты: көлік түрлері туралы білімдерін нақтылау; көліктердің қызметі мен бөлшектерімен таныстыру, жапсыру реттілігін түсіндіру, және жапсыру дағдыларын қалыптастыру, танымдық қабілеттілікпен орындауға тәрбиелеу.

Қолданылған көрнекіліктер:суреттер,көліктер,клей,қағаз

Сөздік жұмыс:көлік,кеме,ұшақ

Билингвальды компонент: Машина-көлік

1.Кіріспе бөлімі

Шаттық шеңбері

Балалар, көңіл-күйлеріңіз қалай?-Қане, олай болса, біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметін сендермен ереке өткізгім келіп отыр?

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Қоңақтарды көргенде,

«Сәлеметсіздер ме?»-деп, сәлемдесіп аламыз.

Балалар

(Есік қағылады, есік сыртынан тәрбиеші сиқырлы қорапты кіргізеді, ішінде не бар екенін ашып талқылайды)

2.Негізгі бөлім

- Балалар, енді сендерге жұмбақ жасырам, жасырған жұмбақтардың шешуін тапсаңдар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы шығады.

Жұмбақтар.

Көше бойы аялдайды,

Адам тасып аяндайды. (Автобус)

Құстан аумайды,

Көкте зулайды. (Ұшақ.)

Суда сайрандайды,

Құрғақта жүре алмайды. (қайық)

-Қане, кім тауып айтады екен?

-Ия дұрыс таптыңдар.

Осы айтылған қайық, ұшақ, автобус осылардың бәрін бір сөзбен айтқанда не дейміз ?

Қане,енді балалар, көліктердің түрлерімен және бөлшектерімен танысайық.

(көліктердің түрлері )

(Балаларға 3 топқа 3 түрлі тапсырма беріледі)

Тапсырмалар орындалған соң негізгі бөлімге көшеді

Осы көрсеткен көліктердің бірнеше түрі бар екен, солардың ішінде біз көліктің бір түрі жеңіл машинаға тоқталамыз.

Енді, балалар мына суретке назар аударыңдар, қане айтыңдаршы мынау қандай машина?

Дұрыс, енді осы жеңіл машинаның бөлшектеріне тоқталамыз.

Енді балалар, біз осы жеңіл машинамызды қайшы, желін, түрлі-түсті қағазды қолдана отырып, ақ қағазымызға жапсырайық.

Бәрін маған қараныздар, бірінші машинаның кабинасын, содан соң терезесін, содан кейін дөңгелегін жапсырамыз.

Міне, енді машинамыз дайын болды.

Сергіту сәті

Ұшақпенен аспанға,

Жер әлемін шарлайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Қызықтарды табайық.

қимылдарын көрсетіп жасаймыз

Қорытынды

-Балалар бүгін ұйымдастырған оқу әрекеті сендерге ұнады ма?

-Машина жапсыру қызық па екен?

Құрметті қонақтар мен балалар әрқашанда көңілдерін жарқын, аспандарын ашық, жүздерің қуаныш пен нұрға толсын деген тілекпен бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу әрекетімізді аяқтаймыз.

Күтілетін нәтиже:

Білу: көліктің бөліктерін,оларды рет-ретімен жапсыруды;

Игеру: көліктердің түрлерін ажыратуды ;

Меңгеру: жапсыру барысында машинаны бөліктерін ретімен орналастыруды.



Тәрбиеші: Аманжол Г.



ЖИ арқылы жасау
25 Қараша 2021
1233
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі