400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Ашық оқу қызметі: "Президент-ел тірегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта, шығармашылық.

Тақырыбы: «Президент-ел тірегі»

Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: Елбасының суреттері, рәміздердің суреттері,слайд

Сөздік жұмыс: Ту, елтаңба, әнұран.

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады

Барлығы тұрып әнұранды айтады

Шаттық шеңбері:

Біз бақытты баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туыспыз біз бәріміз,

Біз Отанды сүйеміз.


-Балалар бүгін бізге көптеген қонақ апайлар келіпті,орнымыздан түрып, амандасып алайық:

Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздерме!-деп,
Амандасып аламыз.


-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келеді?

Балалар сұрақтарға жауап береді.

-Балалар күз мезгілі аяқталып келеді.Енді қыс мезгілі басталады.

-Қыс мезгілінің ең алғашқы күні- бізде атаулы күн. Ол мереке біздің елбасымыздың құрметіне арналады.

1- ші желтоқсан күнін- Президент күні деп атайды.


-Олай болса слайдқа назар аударайық.( Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны,отбасы,жұмыс орны туралы қысқаша айтып өту). Сонымен қатар рәміздер туралы айтып өту.

Бұл кісі елбасымыз-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Н.Ә.Назарбаев 1940жылы 6 шілдеде Алматы облысы,Қаскелеі ауданы,Шамалған ауылында дүниеге келген.Әкесінің есімі-Әбіш,анасыныі есімі-Әлжан болған деген кісілер болған.Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастаған.

1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды.

-Ал қазіргі еласымыз кім екенін білесіңдер ме?

-Қасым Жомарт Тоқаев

-Балалар сендердің әкелерің,аналарың жұмыс істегендей, Қасым Жомарт Тоқаевтың да жұмысы президент болу.

Біздің президенттің жұмыс орны қай қалада кім біледі?

-Астана қаласында

-Астанада тағыда не бар?

-Ақ орда,Бәйтерек, Пирамида,Ханшатыр тағы басқалары бар.

Дұрыс айтасыңдар балалар! Бәйтерек бар,ол біздің еліміздің символы.

-Балалар елбасымызға арнап тақпағымызды айтайықшы.

Айзере:

Елбасы елді қор,айды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

Қайсар:

Бағдарлап елдің ертеғін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің ақтаған.

Умида:

Кемеңгер атам,

Данышпан атам,Нұр атам.

Асқар тауымыз болып,

Аман да есен жүр атам.

Диас:

Президент еі алғашқы,

Қырандай самғап қшты.

Халқымның көшбасшысы,

Келер күн құшақ ашты.

Алишах:

Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.


-Балала, әр елдің өз рәміздері,өз ана тілдері болады.

Еліміздің рәміздерін мына слайдтан қарап білейік.

-Олар: Ту,елтаңба,әнұран.

-Қараңдаршы балалар Қазақстан Республикасының туында не бейнеленген?

-Күн,бүркіт,ою.

Туымыздың түсі-көк.Көк түс-адалдықтың,бейбітшіліктің белгісі

.Ортасында калықтаған бүркіт –дархандық пен қырағылықты бейнелеген.Оюдың

бейнеленуі-қазақ екенімізді білдіреді.

Осының ішінде күнді алайық.Елбасымыз қандай тұлға екенін күннің шуақтары

арқылы жапсырып көрейік.(6 бала тақтаға шығады)


Сергіту сәті:

Көтеріліп шаңырақ, уықтары шаншылар,

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып ,киіз үй боп көрінер.


Дидактикалық ойын:

«Үш ұлттың туын тап?»Балаларға үлестірмелі материалдарды таратып беру.

«Не жетіспейді» Шарты: Туда не жетіспей тұрғанып тауып жапсырайық

Мақсаты:балаларды шығармашылыққа, жылдамдыққа үйрету.



Қорытынды:

-Балалар бүгін біз оқу қызметінде кім туралы айттық?

Балалар:

-Н.Ә.Назарбаев туралы

-Тәрбиеші:

-Ол кім екен?

Балалар:

Ол біздің елдің тұңғыш президентіміз.

-Мемлекеттік рәмідерді атап беріңдерші.

-Жарайсыңдар, балалар!

Қазақстан Республикасының картасын көрсету.

-Балалар, картадан біздің республикамыздың ұлан-ғасыр жері бар екенін байқауға болады.Осы кең байтақ қазақ жері- бүгін Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады.Яғни егеменді мемлекет.

Енді осы елбасымызға,отанымызға бір тілектерімізді айтып, жылы алақандарымызды бояуға батырып,тілектерімізді карта бетіне түсірейік.

-Жарайсыңдар балалар! Тілектерің орындала берсін!

Бүгінгі тақырыптық оқу қызметімізді осындай періштелеріміздің жақсы тілектерімен аяқтаймыз!

Балаларды мақтау,мадақтау.(смайлик тарату)





































отансүйгіш

тәрбиелі

рахымшыл

талантты

адал

парасатты

жігерлі

қайратты

білімді







Елбасы





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 желтоқсан
687
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі