Ғажайып
сәт.
Қонаққа
қоян келеді.
Сәлеметсіңдерме
балалар!
Мен
алыс ертегілер әлемінен келе жатырмын,
сендерден көмек сұрай келдім! Мен
сендерге ертегі әлемінен сиқырлы
кітап алып келдім. Мұнда көптеген
ертегілер бар екен. Сол ертегілерді
оқып біліп алайын десем, ертегілердің
барлығы шатасып кеткен. Маған
көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші:
Сәлеметсіңбе қоянжан!
Біздің
балалар саған көмектеседі.
Мына
кітап қандай әдемі ия, балалар!
Қоянның
әкелген сиқырлы кітабының ішіндегі
ертегілер шатасып кеткен. Енді соны
өзіміз жөндейік.
Тәрбиеші:
«Қоянның үйшігі» ертегісін теледидардан
көрсетіп айтып береді.
Қоян:
Жарайсыңдар балалар сендер өте ақылды
екенсіңдер.
Тәрбиеші:
Қоянжан, біздің балалар саған
тапсырмаңды орындауға көмектесті.
Қоян:
Олай болса мына соңғы ертегіде менде
бар екенмін. Осы ертегіні өзіміз
кейіпкерлерге бөлініп сахналап
көрейік.
Балалар,
ертегіні сахналамас бұрын сендермен
бір сергіп алайық.
Сергіту
сәті
(теледидардан
видео көрсетіледі)
Тәрбиеші:
Балалар
бойымызды сергітіп алсақ, мен сендерге
жұмбақ жасырайын.
Мұқият
тыңдаймыз.
1)Қалқиған
ұзын құлағы,
Елеңдеп
қорқып тұрады. /Қоян/
2)
Өзі бір қу,
Жүрген
жері шу./Түлкі/
3)Қыс
бойына жатады,
Тәтті
ұйқыға батады. /Аю/
4)
Басында айдары бар,
Иегінде
сақалы бар.
(Әтеш)
5)
Адамға
серiк,
Күзетке
берiк. (Ит)
-Балалар,
біздің кейіпкерлеріміз дайын болды.
Ал,
қалған балалар сиқырлы орындықта
ертегіні тамашалаймыз. Кім ертегіні
мұқият қарамаса орындығының сиқыры
жоғалып кетеді.
Қоянның
үйшігі.
(орыс
халық ертегісі)
Тәрбиеші:
Орманда
түлкі мен қоян өмір сүріпті. Түлкінің
үйшігі мұздан, ал қоянның үйі
ағаштан болыпты.
Көктем
келіп, күн жылынғанда түлкінің
үйшігі, әрине бірден еріп кетті.
Бойы
мұздаған түлкі қоянға келеді.
Түлкі:
Қоян, қоян! Мені кіргізші,
жылынып алайын!
Тәрбиеші:
Жылпос түлкі осылай алдап-сулап,
аңқау қоянның үйшігіне кіріп
алып, ақыры оны үйінен қуып шығады.
Қоян
жылап келе жатып, иттерге
кезігеді.
Ит:
-Қоян, қоян! Не
болды саған? Соншалықты қамығып
кетіпсің ғой?
Қоян:-Қалай
жыламаймын? Түлкінің мұз үйі еріп
кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып
алды. Енді міне, баспанасыз тентіреп
жүргенім...
Ит:
-Жылама! Біз ол
оңбағанды қазір-ақ қуып шығамыз.
Тәрбиеші:
Иттер жиналып,
қоянның үйіне келеді.
Ит:
-Аф, аф, аф! Әй,
түлкі, шық қане! Босат,
қоянның баспанасын!
Түлкі:
-Аха! Шықсам
шығайын! Бірақ, мен далаға
шықсам, сендерге жақсы болмайды ғой!
Барлығыңды быт-шыт қыламын!-деді түлкі
қорқытып.
Тәрбиеші:
Иттердің
үрейі ұшып кетті. Басы аманда
қашып құтылуды ойлап, тайып тұрады.
«Үйі жоқтың – күйі жоқ» деген. Қоян
қаңғи-қаңғи шаршап, тағыда жылай
бастайды. Алдынан
аю шығады.
Аю:
-Қоян-ау, не
болды? Сонша
неге жылайсың?
Қоян: Жыламаған
да қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп
кетіп, менің жылы ағаш үйімді
тартып алды.
Аю: Жылама!
Мен оны қуып шығамын.
Қоян:
Жо-оқ! Қуып
шыға алмайсың. Иттерде қуып
шыға алмады.
Аю: Көресің,
қуып шығамын.
Тәрбиеші:
Аю үйшіктің алдына
келіп:
Аю:Түлкі,
шық! Босат қоянның үйін! – деп ақырады.
Тәрбиеші:
Түлкі болса пеш
үстінен:
Түлкі: Шықпаймын.
Шықсам саған жаман болады.
Быт-шытыңды шығарамын! – деп
қорқытты.
Тәрбиеші:
Аюдың үрейі ұшып кетті. Басы аманда
қашып құтылуды ойлады.
Амалы
құрыған қоян тағыда жылай бастады.
Қараса, жанынан алтын айдарлы әтеш
өтіп барады. Қолында күмістей
жарқыраған шалғысы бар.
Әтеш:
Қоян, қоян! Неге жылап отырсың?- деп
сұрады.
Қоян:
Жыламай қайтейін? Түлкінің мұз
үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді
тартып алды.
Әтеш:
Жылама! Мен оны қазір қуып шығамын!
Қоян:
Жо-жоқ!
Қуып шыға алмайсың! Иттер қуды, қуа
алмады. Аю қуды, қуа алмады. Сенде
қуа алмайсың!
Әтеш:
Жүр, көрерсің! Қуамын!
Тәрбиеші:
Екеуі үйшік жанына келді. Әтеш
қатты дауыстап өлең айта бастады.
Әтеш:
Шөп шабамын, шөп шабамын! Түлкіні
іздеп табамын. Қоянның үйінен шықпаса,
оны да шалғынша шабамын!
Тәрбиеші:
Түлкі қорқып кетіп:
Түлкі:
Киініп жатырмын», - дейді.
Әтеш:
Шөп шабамын, шабамын! Түлкіні
іздеп табамын. Қоян үйінен шықпаса,
оны да шалғынша шабамын! - деп
әтеш қайта әндете бастайды.
Тәрбиеші:
Түлкі сасқалақтап:
Түлкі:
«Қазір-қазір, тонымды киіп жатырмын!»
- дейді.
Әтеш:
Әтеш әнін үшінші рет қайталай
бастайды.
Тәрбиеші:Түлкінің
зәресі ұшып кетеді.
Түлкі
үйшіктен шығып, қояннан кешірім
сұрайды.
Түлкі:
Қоянжан мені кешірші, енді олай
жасамаймын. Мен сені ренжіткеніме
өкініп тұрмын. Менің жасағаным дұрыс
болмады.
Қоян:
жақсы
түлкіжан қатеңді түсінгінің жақсы
болды.
Тәрбиеші:
Қоян
мен түлкі құшақтасады.
Сөйтіп,
қоян ержүрек әтештің көмегімен қайтадан
өз үйінде тұра бастайды.
Түлкі мен қоян ажырамас дос болып,
тату-тәтті өмір сүріпті.
Ертегіні
сахналап болғаннан кейін кейіпкерлер
бастарын иеді. Орындарына отырады.
Қоян:
балалар сендер ертегіні өте жақсы
көрсеттіңдер. Менің тапсырмамды да
орындауға көмектестіңдер. Сендерге
көп рахмет. Мен енді орманыма қайтайын.
Сау болыңдар.
|