400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық оқу қызметі :Құрт

Материал туралы қысқаша түсінік
Дайын болған затты бөліп алып домалақтап, жұдырық арасында қысу арқылы құртты жасауды үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№ 4 Картотека

Оқу қызметінің өтетін күні: 29.11.2017 ж

Топ: Бірінші кіші «А»

Тәрбиеші: Нұрғалиева Ж.Т

Жасы: 2 -3жас

Тақырыбы: «Құрт»»

Білім беру салалары: Шығармашылық

Бөлімдері: Мүсіндеу

Айлық тақырып: « Менің Қазақстаным»

Апталық тақырып: «Тарихқа саяхат»

Мақсаты:

Білімділік: Дайын болған затты бөліп алып домалақтап, жұдырық арасында қысу арқылы құртты жасауды үйрету.

Дамытушылық: Тілдерін дамыту,саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру,

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Алдын-ала жұмыс және ұйымдастырылған оқу қызметіне даярлық, көрнекіліктер:

Құрттың жасалуы көрсетілген суретттер, сүлгі,тақтайшалар.

Жылулық шеңбері

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң апайлар!

Аспанымыз ашық болсын

Деніміз сау болсын

Балабақшамыз жайнай берсін

Жер анамыз тыныш болсын

Марат пен Айгүл апаларының жалғыз қалған құртына таласып,топқа кіреді.

-Тәрбиеші: Неге таласып жүрсіңдер? Бізге айтасыңдар ма? Көмегіміз тиіп қалар.

Марат пен Айгүл : Сәлеметсіздер ме? Біз Батима әжейдің немерелері Марат пен Айгүл боламыз. Апамызда жалғыз ғана құрт қалыпты соған таласып жүрміз.

-Тәрбиеші: Балалар,сендер таласпаңдар! Біздің балалар сендерге құрт жасап береді.

Балалар, Марат пен Айгүлге көмектесеміз бе?

Балалар: Көмектесуге ықылас білдіреді.

-Тәрбиеші: Олай болса мына суретке назар аударайық. Құрт - төрт түлік малдың сүттінен жасалатын ұлттық тағам. Төрт түлік малды білеміз бе? Атайықшы.

Түріне қарай : сықпа құрт, ақ құрт,қара құрт,майлы құрт деп бөлінеді екен.

-Балалар бұл құрттың денсаулығымызға тигізер пайдасы өте зор. Мысалы: бойымыздың өсуіне,сүйектері, тістері дұрыс қалыптасып жетілуіне септігін тигізеді. Барлық тағам түріне қосылады.

Сөздік жұмыс: құрт, ши,өре Балалар қайталайды.

-Тәрбиеші: Енді Марат пен Айгүлмен бірге құрт жасайық. Балаларға мүсіндеу орындау ретін еске түсіреді. Құртты мүсіндеу үшін біз ең алдымен үстел басында дұрыс отырып, таза, ұқыпты жұмыс істейміз. Дайын болған заттан бөліп алып,алақан арасына салып домалақтаймыз. Оны жұдырық арасына салып,қысамыз.

Сергіту сәті:

Бала, бала,балақан,

Кәне қайсы алақан.

Саусақтарың әйбәт,

Былай ,былай ойнат.

Топ – топ,топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса – жаса, жарқын күн!

Жаса – жаса,алтын күн!

Балалармен жұмыс: Дайын болған заттан бөліп алып, алақан арасына салып, домалақтаймыз.Оны жұдырық арасына салып , қысамыз.

Жарайсыңдар ,балалар!Жасаған құрттарың әдемі шықты.

Батима әжей: - Сәлеметсіңдер ме ,балалар? Балалар мен немерелерім Марат пен Айгүлді іздеп жүр едім.Менің жалғыз қалған құртыма таласып кетіп еді. Оларға арнап құрт жасап әкелдім.

Немерелері: Әже, біз осындамыз. Енді сізге көмектесетін болдық,себебі балалармен бірге құрт жасауды үйрендік.

-Тәрбиеші: Әже, сіз жасаған құрттан біз ауыз тиейік. Сіздер біздің жасаған құрттан ауыз тиіңіздер!

Батима әжей: Рақмет, шырақтарым!

-Тәрбиеші: Әжей жоғары шығыңыз, сіздің немерелеріңізбен менің балаларым ойын ойнасын.

Ойын: « Төлін тап»

Шарты:Балалар берілген суреттегі төрт түліктің төлін табу керек.


Батима әжей: Балалар, сендерге рақмет.Немерелерім сендердің арқаларыңда құрт жасап, ойын ойнауды үйренді. Мен сендерге немерелерімді ойнауға жіберіп тұрамын.Сендерден үйренерлері көп екен. Сау болыңдар!

Қорытынды:

Бізге бүгін қонаққа кімдер келді ? Оқу қызметінде не жасадық? Оның пайдасы бар ма?

Қалай жасадық?

Балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Құрт жасауды

Игереді: Қазақтың ұлттық тағамы екенін

Меңгереді: Домалақтап, жұдырық арасында қысуды








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 мамыр
1957
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі