400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық оқу қызметі Қуыршақ Әйгерімнің туылған күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөйлеуді дамыту оқу қызметі бойынша Қуыршақ Әйгерімнің туылған күніне достарының келуі. Достарының кедергілерден өтіп келуі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Есеп беру қызметі: Сөйлеуді дамыту

Білім беру саласы:«Қатынас»

Тақырыбы: Қуыршақ Айгерімнің туылған күні

Мақсаты: Өтілген тақырыптарды қамти отырып, тапсырмалар орындау. Балалардың сөздік қорын байыту. Балалар бойында адамгершілік, жауапкершілік, зейінділік қабілеттерін ояту. Өткен тақырыптарды еске түсіру.

Шаттық шеңбері:

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжісуді білмейміз.

Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз

Тәрбиеші:Күз мезгілінде неше ай бар?

Балалар:Үш ай

Тәрбиеші: Үш айды атаңдаршы?

Балалар: Қыркүйек, қазан, қараша.

Тосын сәт; Есікті біреу қағып хат әкеледі.

Тәрбиеші:Балалар бізге Айгерім қуыршақтан хат келіпті.

Хат

Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін менің туылған күнім. Мен туылған күнімді достарыммен , қонжық, түлкі , көжекпен атап өткім келеді. Бірақ менің достарым кедергілерге тап болыпты. Егер де осы кедергілерден өте алмаса, менің достарым туылған күніме келе алмайды. Балалар сендер достарыма көмектесе аласыңдар ма? Сәлеммен қуыршақ Айгерім.

Тәрбиеші:Балалар біз Айгерім қуыршаққа көмектесе аламыз ба?

Балалар:Иә

Тәрбиеші:Айгерім қуыршақтың үйі орманның шетінде екен, қазір біз автобусқа мініп орманға барайық. Сол жерде біз Айгерімнің достарына көмектесейік.

\Балалар автобусқа отырып орманға барады/

Тәрбиеші: Балалар, біз орманға келдік. Міне, алдымыздан түлкі шықты. Түлкімен амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіз бе,Түлкі!

Түлкі: Сәлем, балалар! Маған өзім жайлы ертегілер ішінен «Айлакер түлкі» ертегісінің кейіпкерлерінің балаларын табу тапсырылған . Ал мен ылғи шатастыра беремін. Маған көмектесесіңдер ме? Әйтпесе мен Айгерімнің туылған күніне бара алмаймын.

Балалар: Иә, көмектесеміз. Балалар орындарында жұмыс жасайды.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Тапсырманы жақсы орындадыңдар.

Түлкі:Алақай енді мен Қуыршақ Айгерімнің туылған күніне баратын болдым. Рақмет сендерге .

Тәрбиеші:Түлкі сенде бізбен жүр біз тағыда Айгерім қуыршақтың достарына көмектесеміз.

Тәрбиеші:Балалар мынау келе жатқан көжек пе?

Балалар:Иә

Тәрбиеші:Көжекпен амандасайық

Балалар: Сәлеметсіз бе, Көжек!

Көжек: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар, мына суреттердің артына мақал-мәтелдер жасырылған. Егер оларды дұрыс айтып шықсаң, ненің суреті шығатындығы маған тапсырылған. Ал мен мақал-мәтел білмеймін. Маған көмектесіндерме?

Тәрбиеші:Балалар, көжекке көмектесеміз бе?

Балалар:Ия(Балалар тақтаға шығып тапсырмаларды орындайды)

Тәрбиеші:Балалар сендер бұл тапсырманы да тамаша орындыңдар. Мақал-мәтелдерді айтып, біз қандай суретті құрастырып шықтық.

Балалар:Күннің суреті

Көжек: Рақмет, балалар. Мен сендерден мақал-мәтел айтуды үйрендім

Тәрбиеші: Көжек сенде бізбен жүр, біз тағыда Айгерім қуыршақтың достарына көмектесеміз

Тәрбиеші: Балалар, енді біз сергіп алайық, Содан соң келесі тапсырманы орындаймыз.

Сергіту сәті: \Теледидардан сергіту сәті жаттығуы\

Тәрбиеші:Балалар міне біз қонжыққа кездестік Алдымен біз Қонжықпен амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіз бе, Қонжық!

Қонжық: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мына суреттерге қарап, әңгіме құрастыру керек екен. Мен еш әңгіме құрастыра алмаймын. Маған көмектесесіндер ме?

Балалар;Ия

Тәрбиеші; Мына суретте кімдерді көріп тұрсыңдар?

Балалар; Балаларды

Тәрбиеші:Ұл бала не құрастырып жатыр?

Балалар: Ұл бала мұнара құрастырып жатыр

Тәрбиеші:Ал қыз бала не істеп жатыр?

Балалар;Қақпа жасап жатыр

Тәрбиеші:Жолақ көйлекті бала нені сүйретіп келеді

Балалар:Машинаны сүйретіп келеді.

Тәрбиеші:Машинада не бар?

Балалар:Текшелер бар.

Тәрбиеші;Текшелер не үшін қажет?

Балалар;Қақпа жасау үшін

Тәрбиеші; Жарайсыңдар балалар, сендер өте тамаша әңгіме құрастырдыңдар ..

Қонжық: Балалар үлкен рахмет. Сендер ақылды білімді балалар екенсіңдер.

Тәрбиеші:Қонжық сенде бізбен жүр, міне Айгерім қуыршақтың үйі көрініп тұр бірге барамыз.

Көжектің қолында сәбіз, қонжықтың қолында бал, түлкінің қолында жеміс жидектер бәрі Айгерім қуршақтың үйіне келеді.

Тәрбиеші:Ал Айгерім қуыршақ туылған күнің құтты болсын. Біздің «Ақкөгершін» тобының балалары сенің туылған күніңе арнап, ертегі кітап алып келді. Біз енді өзіміздің балабақшамызға оралайық. Ал сендер туылған күнді тойлай беріңдер.



Тәрбиеші: Балалар топтың ішіне назар аударыңдар тобымызда қандай ойыншықтар бар?

Біз оларды сипаттай аламыз ба? Мына жемістер неден жасалған?

Балалар; Пластиктен

Тәрбиеші; Дұрыс айтасыңдар

Тәрбиеші: Мына құрастырғыштар неден жасалған?

Балалар;Ағаштан

Тәрбиеші: Ал мына қонжық неден жасалған, ол қатты ма, жұмсақ па?

Балалар: Матадан,жұмсақ

Тәрбиеші: Біз өткен тақырыптарды қайталадық ол қандай тақырыптар

Балалар: Иә, «Көжекпен ойналық», «Қонжық бізде қонақта», «Айлакер түлкі», «Айгерім қуыршақтың туылған күні», «Екі түрліар ойыншықты белгілеп, сипаттау», «Менің балабақшам»

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Сіздер қандай тапсырма орындадыңдар?

Балалар:Түлкіге ертегі кейіпкерлері балаларын тауып бердік,көжекке мақал-мәтел айттық. Әңгіме құрастырдық балабақша ойыншықтарды сипаттадық.

Тәрбиеші:Өте жақсы Сендер бүгінгі оқу қызметіне белсене қатыстыңдар.

Рақмет сендерге балалар.!

Осымен бүгінгі ашық оқу-қызметіміз аяқталды.Сауболыңыздар!









































№39 «Хиуаз» балабақшасы әдіскері

Алмағанбетова З.Қ.











Фла

\ересек тобы\

Тақырыбы: «Қуыршақ Айгерімнің туылған күні»





Дайындаған: Ұзақбаева В





































Ақтау-2021ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 наурыз
342
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі