400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Ашық оқу қызметі "Сиқырлы су" ортаңғы тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарап,су -тіршілік көзі екенін ұғынады. Судың қажеттілігі мен пайдасын түсінеді, судың қасиеттері туралы қарапайым түсініктері қалыптасады. Суға тәжірибе жасау арқылы танымдық-зерттеушілік дағдысы дамиды, сыни ойлай біледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші: Байғараева Ж

Тобы

Ортаңғы «Дана бала»

Білім беру саласы:

«Таным»

ҰОҚ

«Жаратылыстану»

Тақырыбы:

«Сиқырлы су»

ҰОҚ мақсаты:

Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарап,су -тіршілік көзі екенін ұғынады. Судың қажеттілігі мен пайдасын түсінеді, судың қасиеттері туралы қарапайым түсініктері қалыптасады. Суға тәжірибе жасау арқылы танымдық-зерттеушілік дағдысы дамиды, сыни ойлай біледі.

Күтілетін нәтиже

Жаңғыртады:судың тіршілік үшін қажет екендігін ұғынып, оның маңызы туралы түсінікті;

Түсінеді:  судың мөлдір болатынын және тіршілік үшін ( адам, жануарлар, өсімдіктер) қажет екендігін түсінеді;

Қолданады:    суды зерттеуде судың сұйық екенін  біледі, «сұйық» сөзін қолданады

Әдіс-тәсілдер

4К:коммуникативтік дамыту, сыни ойлау, Ашық сұрақтар: бала үнін тыңдау. Жалпылама бақылау, өнім бойынша саралау. «Миға шабуыл». Зерттеу жұмыстары

Ресурстар

АКТ, Зерттеуге қажетті құралдар су, шыны ыдыстар, тұз, қант, мандарин,ыдыс жууға арналған сұйықтық, тарелке, түрлі-түсті конфеттер,қара бұрыш, фольга, сүрткіштер

Уақыты

20 минут

ҰОҚ жоспарлау

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Кіріспе бөлім

3-минут











Бала үні
























Негізгі бөлім

15-минут

Тақырыпты ашу


















Бала үні





































Өнім арқылы саралау, жанама бақылау









Қорытынды бөлім

2-минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Келген қонақтармен сәлемдесіп, бір-біріне жақсы көңіл -күй сыйлайды.

Күндей жарқырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап

Судай мөлдір,таза көңілмен,

Бүгінгі күнді бастайық.

Құрылымдалған ойын «Ыстық доп»

-Қазір жылдың қай мезгілі?


-Көктем мезгілінде неше ай бар?



-Табиғат дегеніміз не?


- Табиғат нешеге бөлінеді?




-Тірі және өлі табиғатқа нелер жатады?

Жарайсыңдар, тірі табиғат- олар өседі, қоректенеді, тыныс алады, тұқым шашады.

-Ал,өлі табиғат- қоректенбейді, өспейді, тұқым шашпайды.

Бірақ тіршілік атаулының бәрі оларсыз өмір сүре алмайды. Сондықтан тірі табиғат пен өлі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты.

(видеоролик көрсітіледі)


Миға шабуыл

Жұмбақ жасыру

Дәмі жоқ түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ.

Шомыласың жүзесің,

Шөлдегенде ішесің.

-Егер су болмаса қайтер едік?


Су туралы түсінік беру.

Су тіршілік көзі. Сусыз табиғат өмір сүре алмайды. Су түссіз, иіссіз, таза сұйық және мөлдір болады. Суға әр түрлі химиялық қоспалар мен тағам өнімдерін қосатын болсақ түсін және иісін өзгертеді. Су бір ыдыстан екінші ыдысқа құйылады. Пішіні ыдыстың көлеміне қарай өзгереді.Су табиғатты 3 күйде болады. Сұйық ,бу және қатты яғни мұз күйінде. Су ыстық температурада буға айналады. Ал қатты температурада мұзға айналады. Мұзды жылы бөлмеге қоятын болсақ ериді.

Билингвалды компонент:

Су-вода , мұз-лед, бу-пар

Балалар, енді біз топтаса отырып тапсырмаларды орындаймыз.


Педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын «Зерттейміз.Үйренеміз»

Топтастыру

-Балалар, табиғат сыйы сумен қызықты зерттеу жұмыстарын жасағыларың келе ме?

Олай болса, топқа бөлініп әр топ тамаша қызықты құбылыстарға байланысты тапсырмалар орындайтын боламыз. (Балалар таңдап алған суретті фишкалар бойынша бөлінеді)


1 топтық тапсырма«Бұлт» тобы

«Батады , батпайды»

Шарты: ыдыстағысуға салмағына қарай бататын және батпайтын заттарды салып салыстырады.

(Мандарин, фольга ,тас,қауырсын, қағаз, темір)

2 Топтық тапсырма- «Кемпірқосақ» тобы

Шарты: түсті тағам бояуларды қолданып табиғат құбылысы кемпірқосақты жасайды.(су, тағам бояулары, су тартқыш қағаз, ыдыстар)

3 топтық тапсырма - «Тамшылар» тобы

Шарты: біріншіыдыстағы суға қара бұрышты салып, екінші ыдыста ыдыс жууға арналған сұйықтықпен араласқан суға саусақты батырып бұрыш ұнтақтарының ыдырағанын бақылайды.

Әдемі гүлдер.

Дайын қағаздан жасалған гүл үлгілерін бүктеп ыдыстағы суға салады. Гүлдің ашылғанын тамашалайды.


«Көңілді көпіршіктер»

Барлық топ балалары бірге жасайды.

Шарты: түбі кесілген пластикалық бөтелкеге бет орамалды резенкемен қыстырып ,ыдыс жууға арналған сұйықтықты суға батыра отырып үрлейді. (су, пластик бөтелке,ыдыс жууға арналған сұйықтық,резенке, бет орамал)


Ширату

Қатты нөсер басылды

Күн жарқырай ашылды

Көктен төмен әдемі кемпірқосақ шашылды



Рефлексия:

-Бүгін қандай жұмыстар жасадық?

-сусыз өмір сүруге болама екен?

-Судың дәмі мен пішіні, түсі болама?


Кері байланыс: «Білім ағашы»

Біз бүгінгі өзіміздің жұмыстарымызға қандай баға бере аламыз?

Жарайсыңдар, балалар бүгінгі жасаған жұмыстарың маған ұнады.

Өзімізге қошемет Отшашу.


Балалар сәлемдеседі.







Сұрақтарға жауап береді.

-қазір жылдың көктем мезгілі

-көктем мезгілінің 3 айы бар.Наурыз,сәуір,мамыр

-табиғат дегеніміз бізді қоршаған орта

-табиғат екіге бөлінеді. Тірі және өлі табиғат


Тірі табиғатқа адамдар, гүлдер, ағаштар, жануарлар мен құстар

Өлі табиғатқа тау, тас, құм, су,ауа,жұлдыздар


Жұмбақ жауабын табады.

Су

-су болмаса шөлдейміз, жуына алмаймыз
















Бірге қайталайды















































Қимылмен көрсетеді





Қандай жұмыстар жасағаны туралы айтады.



Көңіл күйлерін білдіреді.



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.10.2021
569
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі