15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық оқу қызметі "Сүйікті төлдер" ІІ кіші топ
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: «Таным»
Кіші сала: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Сүйікті төлдер»
Мақсаты: Үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Жануарлардың төлдерігн ажырата білуге және қамқорлық жасауға тәрбиелеу.Жануарлардың адамдарға пайдасы туралы түсінік беру.
Сөздік жұмыс: үй жануарлары, төлдер
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс әрекеті |
Балалардың іс әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушы
|
«Ғажайып сәт» «Қарлығаш келеді»
Балалар
төбемізге қарайықшы қарлығаш ұшып
келіпті аузында бір хат жасырылып тұр
екен.
Балалар
бәріміз жұмбақты шешуге дайынбызба 1. Жұмбақ Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. 2. Жұмбақ Кезікті бір жануар. Үстінде екі тауы бар, 3. Жұмбақ Кішкене ғана бойы бар, Айналдыра киген тоны бар 4. Жұмбақ Өзі күшті, мүйізі мықты, Төрт бұлағы сүт, баға білсең құт. 5. Жұмбақ Секең- секең етеді, Таумен тасқа жетеді.
.
|
Қарлығаш
Жұмбақтарды шешуге келіседі.
Жылқы.
Түйе.
Қой.
Сиыр.
Ешкі.
|
Ұйымдастырушылық ізденіс
Рефлексивті-түзету |
Ойын: «Бұл не?» -Жарайсыңдар, балалар! Бір сөзбен біз оларды «Төрт түлік » - мал дейміз.
-Балалар назарымызды экрана аударып бірге қайталаймыз
Сиырдың адамға пайдасы көп. Сүтін ішіп, етін жейміз, терісінен киім тігеміз, сондықтан да сиырды күтіп бағуымыз керек. Қойдың сүтін қорғасын дейді. Етін жеп, жүнін тұрмыста пайдаланымыз. Ешкі сүті құнарлы, ем болып келеді. Ешкінің түбітінен шәркей, орамал, қолғаптар тоқиды. Жылқының сүтінен қымыз аламыз. Жылқының еті адам ағзасына пайдалы. Түйенің сүтінен шұбат дайындайды Сергіту сәті: Жазда атамның аулына Барып едім қыдырып, Бір қошақан алдымнан Шықты ойнап, секіріп. Ақ маңдайлы айма екен Шекер ме екен бал ме екен. Кеттім оны сағынып, Қошақаным қайда екен.
Дид/ойын: «Адаспай тап». Мақсаты: Сурет бойынша төлдерді өз енелеріне сызықпен қосу, сәйкестендіру.
Балаларға сұрақтар қою. Сұрақ- жауап арқылы қортынды жасау. Балаларды мадақтау.
|
Балалар суреттегі жануарларды атайды.
Балалар назар аударып Қайталайды.
Балалар үй жануарларының адамға беретін пайдасы туралы мұқият тыңдайды.
Балалар сергіту сәтіндегі қимылдарды тәрбиешімен орындайды.
Балалар қызыға ойнайды.
Мадақтауға риза болады.
|
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Үй жануарлары туралы білімдерін кеңейтіп.
Түсінеді: Олардың күту жолдарын.
Қолданады: Жануарларға қамқор болуға.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген