400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық оқу қызметі "Шүйке жүн" Балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Тəрбиешілерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Тәрбиеші:Тойжанова Н.Н

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Аппликация

Тақырыбы: «Шүйке жүн»

Мақсаты:Инновациялық әдістер мен технологияларды қолданып,шығармашылық талғамды дамыту және қалыптастыру.Өз ойын айтуға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға сұраныстарын қанағаттандыру.Шығармашылық ойлау мен қиялды дамыту.Қоршаған ортадағы әсемдікті қабылдауға үйрету.

Іс-әрекет кезеңі



Тәрбиешінің іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалармен амандасу.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Сендерді көргеніме қуаныштымын.Қандай әсем ,балапансыңдар,менің сендермен танысқым келіп тұр.Менің атым-Назгүл апай! Ал,сенің атын ше?(осылайша балалармен танысу)

-Тамаша, мен сендермен танысқаныма қуаныштымын!



Балалар өздерінің аты жөндерін айтады.

 










Іздену-ұйымдастыру








Тосын сәт.

-Балапандар,мен сендердің балабақшаларыңа келе жатып бір қоржын тауып алдым.Кәне, ішін қарайықшы,не бар екен?

-Бұл не ?

-Жүнді қайдан аламыз?

-Тамаша,қойлар жайлауда жүр.Ал,сендер менімен бірге жайлауға барғыларың келе ме? Ендеше,мына ұшатын құрылғыға тез-тез мінейік.Құлап қалмау үшін қол ұстасып,көзімізді жұмайық.

-Міне,келіп жеттік.Балапандар біз қайда келдік?

-Жайлаудан не көріп тұрсыңдар?

-Балалар, шопан балаға ат қояйық.Шопан баланың киімінің түсі кетіп,ағаш үйінің, қойларының жүні түсіп қалыпты.Біз оған көмектесейік.

-Қане мына жерге келіп,керек бұйымдарымызды дайындап алайық.Бізге дорбадағы жүндер қажет.Алдымен жүнді үзіп алып,оны екі саусағымызға ораймыз.Қандай пішінге ұқсайды?Осылайша жүнді шиыршықтап аламыз.

Осы шиыршықталған жүндерді қойға және шопан бала киіміне жапсырамыз,ал ағаш үйге жүнді үзіп алып жапсырамыз.

(балаларға жұмыс барысында көмектесу)

Жұмыс барысында балаларға сұрақтар қою арқылы жүннің пайдасы туралы әңгімелеу.


-Жүн.


-Қойлардан.


Балалар тәрбиешінің нұсқауы бойынша ұшатын құрылғыға қызығушылықпен мінеді.



-Жайлауға.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Балалар шопан балаға ат қояды.



Балалар тәрбиешінің көрсеткені бойынша саусақтарына жүнді орап шиыршықтап орайды.






Балалардың жауаптары тыңдалады.

Рефлексивті қозғаушы



-Балалар,жапсырып болдық па?Ендеше бері келе қояйық.

-Сендерге жайлауға келген ұнады ма?

-Жайлауда біз не істедік?

-Жүннен тағы не жасауға болады?

-Өте тамаша,сендер ақылды әрі ұқыпты,тиянақты ,шебер балалар екенсіңдер. Сендерге шопан балада риза болып қалды.Сендермен жұмыс жасаған мағанда ұнады ,көп-көп рахмет!






Балалар жауабы тыңдалады.




Игерді: Жүнді саусаққа шиыршықтауды,желіммен жапсыруды;

Түсінді: Жүнді қайдан алатынын,қайда қолданылатынын;

Қолданады: Жайлау туралы айтып бере алады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
672
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі