400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық оқу қызметі "Су - өмір нәрі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды судың қасиетімен таныстыру (дәмі,түсі,иісі) Суды адам үшін де, жалпы тіршілік үшін де қажет екендігін түсіндіру. Сурет арқылы әңгіме құрастыруды үйрету,сөздік қорын,тіл байлығын дамыту. Балалардың желіммен жұмыс істеу икемділіктерін арттыру. Суды үнемдеп пайдалану жөнінде түсініктерін қалыптастыру. Табиғат байлығына қамқор бола білу дағдыларын тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Талас ауданы Қаратау қаласы әкімі аппаратының

«Бәйтерек» бөбекжай бақшасы» мемлекеттік коммуналдық

қазыналық кәсіпорны.













«Су- өмір нәрі»



Тәрбиеші: : Г.С.Андосова

























Қаратау қаласы



«Су - өмір нәрі»

Білім беру саласы: «Әлеуметтік», «Шығармашылық»

Бөлім: «Экология», «Аппликация»

Тақырыбы: «Су-өмір нәрі » «Аквариумдағы балықтар»

Мақсаты: Балаларды судың қасиетімен таныстыру (дәмі,түсі,иісі)

Суды адам үшін де, жалпы тіршілік үшін де қажет екендігін түсіндіру.

Сурет арқылы әңгіме құрастыруды үйрету,сөздік қорын,тіл байлығын дамыту.

Балалардың желіммен жұмыс істеу икемділіктерін арттыру.

Суды үнемдеп пайдалану жөнінде түсініктерін қалыптастыру.

Табиғат байлығына қамқор бола білу дағдыларын тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Бейнетаспа.Су туралы суреттер. Балықтар.

Қажетті құрал-жабдықтар: Шын ыдыстар,езілген бояу ,қант,иіс май.

Желім,қылқалам,балықтың суреті,сұлық.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу,үйрету.

Сөздік жұмыс: Мөлдір, сұйық, тамшылайды.

Билингвизм: Су – вода. Сұйық – жидкая. Балық - рыба

Инклюзивтік әлеумет: Тұйық балаларды сұрақ-жауап арқылы әңгімеге тарту.

Іс-әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбер:

Бақшамызға барамыз,

Досымызды табамыз

Сәлемет пе, міне мен,

Доспын енді сенімен.

Өлең шумағымен қимыл жасайды

Ұйымдастырушылық

Ізденістік



































































































Кіріспе әңгіме:

-Балалар кәзір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Кім айларды атап береді?

-Күзде ауа-райы қалай өзгереді?


Күз туралы тақпақтар:


















Жұмбақ:

Дәмі де жоқ,түсі жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ

Ол не?

Дұрыс,жұмбақтың шешуі су.Су-мөлдір,сұйық зат.Су тамшылайды,ағады,құйылады.

Судың түсі, дәмі, иісі жоқ.

Бейнетаспадан балаларға табиғаттағы суды көрсету.

-Көрдіңдер ме балалар,сусыз өмір жоқ ,су жануарларға да,

өсімдіктерге де,адамдарға да қажет.

Тірек сызба:

«Суды қалай пайдаланамыз?»

Қызықтыру сәті.

Қонаққа «Сиқыршы» келеді

-Сәлеметсіңдер ме балалар,сендер не туралы әңгімелесіп отырсыңдар?

-Керемет,ендеше мен сендерге кәзір сумен сиқыр көрсетейін.

1. Ыдыстағы мөлдір суға ертілген бояуды қосады.Не өзгерді?

2.Шын ыдыстағы суды балаларға ішкізіп көрсетеді,дәмі қандай?

Сосын, ыдыстағы суға қант қосады.Судың дәмі қалай өзгерді?

3. Ыдыстағы судың иісі бар ма,деп балаларға ыдыстағы суды иіскетеді

Сосын, суға иіс май қосады,енді ше?-деп балаларға суды иіскетеді.

-Балалар, су иіссіз,бірақ суға иіс май қосса ғана онің иісі шығады.

-Балалар ,көрдіңдер ме,су түссіз,дәмсі,иіссіз зат.Бірақ, әр түрлі қоспалар арқылы судың түсін,дәмін және иісін өзгертуге болады.

Сергіту сәті

Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға бетің жу.

Жуынсаң сен әрдайым,

Аппақ бетің , маңдайың.

Тазалықтың досы,

Су дегенің осы.

Балалар,мен сендерге кәзір «Табиғаттағы су айналымы» деген ертегі айтып беремін (ертегі сурет арқылы айтылады)

-Ертеде су болмай, құстар шөлдіп,ағаштар қурап, гүлдер солып қалыпты. Айгерім деген қыздың жаны ашып Күннен көмек сұрапты.

Осы кезде Күн көмекке келеді, жердегі су күннің ыстығынан буға айналып, аспанға көтеріледі де, бу бұлтқа айналады.

Бұлтты жел қуалап, су түйіршіктерді жерге жаңбыр болып жауады. Жаңбырдан кейін жер тыныс алады. Шөлі қандырған өсімдіктер,құстар,жан-жануарлар Айгерімге рахметін айтады.

Сөйтіп жер беті құлпырып кетеді.

Көрдіңдер ме балалар,

су – өмірдің нәрі.

Суды үнемдеу керек,бостан-босқа төгіп, қалай болса солай пайдалана беруге болмайды.

Балалар мынау суретте не көріп турсыңдар?

Аквариумда не жетіспей тұр?

Дұрыс,онда біз аквариумға балықтарды жіберейік.

Аппликация жасау әдіс-тәсілді түсіндіру.

Балалар қиылған балықтар суреттеріне желім жағып , балықтарды тақта бетіндегі аквариум суретіне жапсырады.

Керемет,енді біздің табиған бұрышымызда аквариумда балықтар бар.


Балалар, сендер су түралы қандай тыйым және нақыл сөздерді білесіңдер?


Билингвизм:

су -вода, сұйық - жидкая,

балық - рыба


-Кәзір жылдың күз мегілі


-Күз мезгілінде үш ай бар.

Рахима: қыркүйек,қазан,қараша

-Күн суытады,жаңбыр жауады.

-Жапырақтар сарғайып жерге түседі

Нуртілек:

О,Алақай тамаша

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша,

Аунар едім жатып ап

Арайлым:

Apples big.

Apples small

Quess what?I like them all

Инабат: Следом за летом

Осень идет.

Желтые песни

Ей ветер поет




Жұмбақтың шешуі – су








Балалар бейнетаспадағы көріністі қызығып қарайды.






-Суды ішеміз,тамақ әзірлейміз

-Шомыламыз,жүынамыз

-Ыдыс жуамыз,үй тазалаймыз.

-Сумен өсімдіктерді суарамыз

-Сәлеметсің бе сиқыршы,біз су туралы әңгімелесіп отырмыз.




Нұртілек:

-Су түссіз,бірақ суға бояу қосқандықтан судың түсі өзгерді

Жансерік:

-Ыдыста су дәмсіз

Арайлым:

- Су тәтті, демек,суға белгілі бір дәмі бар затты қосқанда ғана оның дәмі өзгереді

Рахима:

-Судың иісі жоқ



-Судың иісі өзгерді,неге? деп балалар таңғалады






Балалар өлең шумағына сай қимыл жасайды







Балалар тақтаға назар аударады,тақтадағы суретте су айналымын көріп,ертегіні қызығып тыңдайды
























Медина:

-Бұл аквариум


-Аквариумда балықтар жоқ





Балалар қиылған балықтарға желім жағып,тақтағы аквариум суретіне жапсырады,сосын қолдарын сулықпен сүртеді






Дима:

-Суға түкірме.

-Бұлақ тапсаң көзін аш.

-Суды ластама.

-Судың да сұрауы бар.


Балалар сөздерді қайталайды.

Рефлексиялық түзетушілік

-Балалар бүгін біз не түралы әңгімелестік?

-Су қандай?

-Су кімге қажет?


Өте керемет,сендер бүгін оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар.

Рахмет сендерге.



-Бүгін біз су түралы әңгімелестік

-Су –мөлдір,сұйық зат

Су адамдарға,жануарларға,

өсімдіктерге қажет




Күтілетін нәтижелер:

Біледі: Судың сұйық , дәмсіз, иіссіз , түссіз екендігін.

Судың адамдар, өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін

Игереді: Судың иісі , дәмі және түсі қоспалар арқылы өзгеретіндігін.

Меңгереді: Судың қасиеті туралы , суды үнемдей білуді. Сусыз өмір жоқтығын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
06.03.2019
721
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі