«Бекітемін»
ШҚО б/б Катонқарағай
ауданы
білім бөлімінің
«Айгөлек»
бөбекжайы КМҚК
меңгерушісі
__________Р.Е.Балтабаева
Тақырыбы: «Бауырсақ ертегісіне
саяхат»
Мақсаты: Ертегі желісі арқылы
материалдарды қайталай алады.
Балалар залға кіреді. Тәрбиеші
мен шеңберге тұрып шаттық шеңберін айтады:
Собрались все дети в
круг,
Я твой друг и ты мой
друг
Крепко за руки
возьмемся,
И друг другу
улыбнемся
Тәрбиеші: - Балалар, сендер қандай
ертегі білесіңдер?
-
Ал соның ішінде ең жақсы
көретін ертегілерің қайсы?
-
Балалар, бізге хат келіпті.
Хат қайдан келді екен? Ал біз қазір оны білетін
боламыз
Хатты оқымас бұрын сендерге
бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Қашып кеткен
атадан,
Қашып кеткен
ападан,
Орманда кеше жүр
едім
Домалақ шықты
алдымнан
Бұл
не?
-
Демек, балалар хат қайдан
келіпті?
-
Дұрыс айтасыңдар, ендеше хатты
оқиық.
Хат
: « Қымбатты балалар! Бауырсақ
қиындыққа тап болды, орман жануарлары оны жегісі келеді Бауырсақтың
үйге оралуына көмектесіңдерші?»
-
Ендеше, балалар, апа мен атаға
көмектесуге дайынсыңдар ма?
-
Иә
-
Балалар бауырсақтың әнән
есімізге түсііп жіберейікші
Ержігіт:
-
Ендеше барлығымыз «Бауырсақ»
ертегісіне саяхатқа барайық. Бауырсақтың ертегісіне баруымыз үшін
жолда көптеген кедіргілер кездесуі мүмкін.
-
Балалар, қараңларшы, қандай
көрікті алаңқай! Бізді алаңқайда кім күтіп түр
екен?
-
Балалар, алаңқайда қанша
гүлдер бар?
-
Қандай гүлдер өсіп
тұр?
-
Бәйшешектің түсі
қандай?
-
Ал бақбақ гүлінің түсі
ше?
-
Қанша бақбақ, қанша бәйшешек
қсіп тұрғанын санаңдаршы?
-
Гүлдерді жұлуға, аяқпен басуға
бола ма?
Сылдырдан
қорқады,
Шошынып
жортады(қоян) (4К
креактивтілік)
Қоян: - Бауырсақ, бауырсақ мен сені
жеймін!
Тәрбиеші: - Жеме Қоян бауырсақты. Ол
біздің досымыз.
Қоян: Мен көгеністер мен жемістер
жинап алған себеттерімді құлатып алдым. Барлығы араласып қалды.
Сендер осы жемістер мен көкөністерімді ажыратып екі себетке салып
берсеңдер, мен Бауырсақты жемеймін.
Ойын: «Жемістер мен
көкөністерді ажырат» (Құрылымдалған
ойын)
Қоян: Рахмет сендерге балалар, маған
көмектескендеріңе. Мен сендердің Бауырсақтарыңды жемеймін,
Бауырсақ, сенің достарың жақсы екен, оларды бағала! Сау болыідар,
балалар!
Тәрбиеші: Балаларғ ендеше ары қарай
саяхатымызды жалғастырайық.
Сұрғылт тартқан түсі
бар,
Ақсиған көп тісі
бар
Ол....
(қасқыр) (4К
креактивтілік)
Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ мен сені
жеймін!
Тәрбиеші: Қасқыр, жеме сен біздің
бауырсақты. Ол біздің досымыз.
Қасқыр: менде бір тапсырмам бар, егер
сендер сол тапсырмамды дұрыс орындасаңдар,мен бауырсақты
жемеймін.
(Слайд арқылы қасқырдың
тапсырмасы орындалады)
(пед.жетекшілігімен)
Қасқыр: қандай ақылды балаларсыңдар!
Тапсырмамды дұрыс орындадыңдар. Мен енді бауырсақты жемеймін, қош
болыңдар балалар!
Тәрбиеші: Ары қарай саяхатымызды
жалғасытырайық.
Қыс бойына
жатады,
Тәтті үйқыға
батады.(аю) (4К
креактивтілік)
Аю: Бауырсақ, бауырсақ, мен сені
жеймін.
Тәрбиеші: Аю, сен біздің бауырсақты
жеме. Ол біздің досымыз.
Аю: егер сендер менің көңіл
күйәмдә көтерсеңдер сен бауырсақты
жемеймін.
Сергіту
сәті:
Ормандағы
аюдың.
Құлпынайы көп
екен.
Теріп, теріп
алайық.
Қалтамызға
салайық
Аю: Рахмет сендерге балалар. Менің
көңіл күйімді көтере алдғандарыңа. Мен уәде еткендей Бауырсақ
достарыңды жемеймін. Сау болыңдар.
Тәрбиеші: Балалар, біз ары қарай
саяхатымызды жалғастырайық.
Өзі қызыл, өзі
қу,
Жүрген жеррі
айғай-шу(түлкі) (4К
креактивтілік)
Түлкі: Мммм.... иісі қандай керемет
Бауырсақ, мен сені жеймін.
Тәрбиеші: Түлкі, сен біздің бауырсақты
жеме. Ол біздің досымыз.
Түлкі: жоқ, бұлай болмайды. Менің
қарным қатты ашып тұр.
Тәрбиеші: Балалар, түлкіге сыйлық жасап
берсек қайтеді?
Балалар екі топқа бөлініп бірі
ермексаздан бауырсақ жасайды, бірі ұоқ
қорытындылайды.
Түлкіге бауырсақтарды
береді.
Тәрбиеші: Түлкі, қара, сенде енді
достарың қандай көп болды.
Түлкі: Рахмет, сендерге балалар.
Осындай керемет сыйлықтарың үшін.сау болыңдар
балалар.
Тәрбиеші: Балалар біздің енді топқа
қайтатын уақытымда болып қалды.
Балалар апа мен атаға
бауырсақтарын апарып береді. Апа балаларға рахмет ретінде бір табақ
бауырсақ тарту етеді.
Тәрбиеші: Балалар, қашанда бір бірімізге
көмектесіп жүруіміз керек Осымен ашық ұоқ аяқталды. Қонақтарға сау
болыңыздар дейміз.
Кері байланыс:
«Кеме»
ШҚО б/б Катонқарағай ауданы
білім бөлімінің «Айгөлек»бөбекжайы
КМҚК
Ашық оқу
қызметі
«Күншуақ» ортаңғы
тобы
Тақырыбы: «Бауырсақ»
ертегісіне саяхат
Тәрбиешілер: Смагулова
А.С
Базилова
А.Б
Катонқарағай
ауылы
2020-2021 оқу
жылы