жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ашық оқу қызметі тақырыбы: математика әлемі
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.
Тобы:
№ 10 «Құлыншақ» мектепалды даярлық
тобы.
Күні: 04.02.2021ж.
Тәрбиеші:
Казахова
А.М.
Білім беру
саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу
қызметі: «Математика
негіздері»
Тақырыбы:
Математика
әлемі.
Мақсаты: 1. Білімділік: 10 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын дамыта отырып сандарды танып және атау іскерліктерін автоматтандыру.10 көлеміндегі санды тура және кері санау дағдыларын арттырып,сандардың құрамын білуге, жазылуын ( +, -,) амалдарын орындау тәртібін үйрету. Санды өрнектер құрып, есептеп шығару.10 көлеміндегі сандарды салыстыру, ( <,= >,) белгілерін танып, білуге үйрету. Геомертиялық пішіндер , олардың атауларын атай білуге үйрету.
2.
Дамытушылық: Балалардың білімін
дамытушы ойындар арқылы әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып,
салыстыру, санау, топтау дағдыларын ойын арқылы дамытып, ой -
өрісін дамыту. Балалардың белсенділігін, логикалық шапшаң ойлау, өз
ойын дәлелдеу дағыдыларын дамыту.
3. Тәрбиелік:
Балаларды тапқырлыққа, іздемпаздыққа
тәрбиелеу. Табиғат пен адам арасындағы қарым - қатынас арқылы
татулыққа, бірлікке, еңбек сүйгіштікке
тәрбиелеу.
Түрі:
өткен тақырыпты
бекіту.
Көрнекіліктер:
1-10 сандар, геометриялық пішіндер, кеспе
сандар, математикалық
жолақша.
Әдіс - тәсілдері: Ойлан жұптас талқыла әдісі, сұрақ-жауап әдісі, Өз бетімен жұмыс әдісі, психологиялық әдіс элементі.
1.Ұйымдастыру.
Балалардың ҰОҚ
психологиялық дайындау.
Сәлемдесу.
Шаттық шеңбері
Біздер жақсы баламыз,
Өсті ақыл санамыз.
Қонақтармен ең алғаш,
Амандасып аламыз
Сәлеметсіздер ме!
-Бүгін аптаның қай күні?
-Бейсенбі.
-Кеше қай күні болды?
-Сәрсенбі.
-Біз балабақшаға қай уақытта келеміз?
-Таңертең.
-Үйімізге қай уақытта қайтамыз?
-Кешке.
-Бізді қоршаған әлем не?
-Табиғат
« Таза болса табиғат, аман болар адамзат»
Балалар, кеше маған «Математика елінің» Ханшайымы хабарласып, сендердің білімдеріңді тексеру мақсатында, сендерге тпсырмалар жіберемін деді. Мен қуана келістім. Жаңа таңертең топқа келсем ,тапсырмаларды топқа тастап кетіпті. Балалар тапсырмаларды орындауға дайынбыз ба? Мен ашып бірінші тапсырмадан бастап оқиын.
Сәлемдеме Хат.
Сәлеметсіздерме, балалар. Менің жіберген тапсырмаларымды мұқият тыңдап, дұрыс орындайды деп ойлаймын. Мен сендер барлық тапсырмаларды орындап болғасын, келіп жауаптарын сұрап, тексеріп кетемін Сәттілік балалар!
-Әр тапсырма ашықхаттарда жасырынған, ашық хаттың сыртында геометриялық пішіндер жабыстырылған. Геометриялық пішіндерді атап, түсін анықтап айтады.
1-тапсырма. Шаршы, түсі көк.
1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
10,9,8,7,6,5,4,3,2,1.
2-тапсырма. Тік төртбұрыш, түсі жасыл.
Геометриялық пішіндерден өрнек құрастырып, оны санды өрнекпен бейнелеп жазамыз. Математикалық жолақшаға орнатуымыз керек.
3-тапсырма. Көпбұрыш, түсі күлгін.
Оң жақ, сол жақты ажырату мақсатында сергіту сәтін жіберіпті.
Сергіту сәті.
Бір оңға, бір солға
Айналайық кел мұнда.
Қолымызды сілкілеп,
Басымызды шайқаймыз.
Бір оңға, бір солға
Айналайық кел мұнда.
Секіреміз жоғары,
Қиын емес секіру.
Бір оңға, бір солға
Секірейік кел мұнда.
Аяқпенен топ-топ-топ,
Қолымызды соқ-соқ-соқ.
4-тапсырма. Дөңгелек, түсі сары.
Салыстыруға тапсырма беріпті.Сандарды салыстырған кезде қандай белгілерді пайдаланамы? ( < = > )
|
7 |
|
4 |
|
6 |
|
6 |
|
5 |
|
2 |
|
8 |
|
7 |
|
2 |
|
2 |
5- тапсырма. Жұлдыз, түсі қызыл.
Ойын: « Жасырын сан» Мақсаты: Ұсақ заттардын ішінен бір санды тауып, қандай сан екенін атау. Зейінділік қабілеттерін дамыту, көздің жақсы көруін, жұмыс істеуін қалыптастыру.Көру қабілеттерін дамыту.
6-тапсырма. Үшбұрыш, түсі қызғылт сары.
Д/О: « Көршісін тап»
1.Кемпірқосақта неше түс бар?
(7)
2. Бағдаршамда неше көз бар?
(3)
3. Қолғапта неше саусақ бар?
(5)
4. Адамда қанша көз бар?
(2)
5. Жұлдыздың неше бұрышы бар?
(5)
6. Аспанда неше күн бар?
(1)
7. Бір жылда неше ай бар?
(12)
8. Бір аптада неше күн бар?
(7)
9. Адамда қанша саусақ бар?
(10)
Балалар, қане көзімізді жұмып, бүгінгі орындаған тапсырмаларымызды есімізге түсіреміз.
Тосын сәт.
Есік қағылып топқа « Математика елінің» Ханшайымы келеді. Ханшайым балалардан бүгінгі орындаған тапсырмалары жайында сұрап, еске түсіреді. Ханшайым, және өзінің алып келген жұлдызшаларымен бөлісіп, балаларды мадақтайды.
-Сау болыңдар, балалар келесі кездескенше аман болыңдар!!!
-Сау болыңыз!!!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген