Материалдар / Ашық оқу қызметі тақырыбы:" Ойыншықтар"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық оқу қызметі тақырыбы:" Ойыншықтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық оқу қызметі тақырыбы: "Ойыншықтар" Балаларға ойыншықтардың әртүрлі материалдардан (резеңке, мата т.б.)жасалатынын, ойыншықты ұқыпты ұстау керек екенін түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2021
279
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«ЕрТөстік» балабақшасы







Білім беру саласы: «Қатынас», Сөйлеуді дамыту



Shape1



Өткізген тәрбиеші: Керуенбаева Айслу Искендировна























Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Ойыншықтар

Мақсаты: балалардың сөздік қорларын байыту; резеңкеден, қауырсыннан, матадан жасалған ойыншықтарды ажырата білу; сөздерді қолдана алуға үйрету. Балаларды татулыққа, бірлікке тарту және ойыншықты ұқыпты пайдалануға және достарымен бөлісуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Дүкеншінің суреті,дүкендердің суреті. Қауырсыннан, матадан, резеңкеден ойыншықтар.

Сөздік жұмыс: Ойыншықтар.

Оқу қызметінің кезеңдері

Педагогтің іс- әрекеті

Баланың іс- әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбер

Армысың, алтын күн!

Армысың, асыл жер.

Армысың, көк аспан,

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне менің қолым.

Балалар қонақтарға жылы лебімізді білдірейік.


Мынау әдемі қошақанды бір-бірімізге беріп, тілектерімізді бастайық.

Енді, балалар

тақпақ айтайық:

Кіп-кішкене қошақан,

Қошақанды ұнатам.

Сүйеді апам қозым –деп.

Қошақаным өзің деп.

Балалар біз қандай республикада тұрамыз?

Елбасы кім?

Қазір қандай жыл мезгілі?

Қыс айларын атаңдар?

Қыста ауа-райы қандай?

Қар ерігенде неге айналады?

Су қатқанда неге айналады?

Онда бәріміз қыс туралы тақпақ айтып берейік.

Тақпақ

Домалатып ақ қарды,

Ұлпа қарлар жасаймыз.

Үлкен-кіші орташа,

Дөңгелетіп ойнаймыз.

Мұрнын жасап сәбізден,

Бас киімі шелектен.

Балалар шеңберге тұрып қолдарындағы әдемі қошақанды бір-біріне сыйлап жақсы тілектерін жеткізеді.

Бала:еліміз тыныш болсын.

Бала:Нанымыз көп болсын.

Бала:Еліміз тыныш болсын.

Бала Деніміз сау болсын

Бала:Ақшамыз көп болсын.


Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Қазақстан Республикасының призиденті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбев.

Қыс мезгілі.

Желтоқсан,Қаңтар,ақпан

Қыста ауа райы суық,аяз,боран.Қар ерігенде суға айналады.Су қатқанда мұзға айналады.

Ұйымдастырушылық- ізденістік





Балалар ойыншықты сендер қайдан аласыңдар?

Дүкенде кім сатады?

Сатушы тамақ ,

ойыншық, киім, тағы да басқалар сатады.

Балаларға алдымен тақтадан әртүрлі дүкендерді көрсетемін. Онда бәріміз автобуспен ойыншық дүкеніне барайық.

Балалар жол қысқарсын ән айтайық. Ойыншықтар әнін айтайық.

Балалар міне дүкенге де келдік.Балалар дүкеншімен амандасып өз қалаған ойыншықтарын сатып ала бастайды.

Мазмұнды-рөлді ойын:

«Ойыншықтар дүкені»

Мақсаты:Балаларды мамандыққа баулу,яғни дүкенші болуға ынталандыру және сыпайы сөйлеуге үйрету.

Ойын шарты:

Апайы сатушы ,балалары сатып алушы болады. Балалар мен мынау әдемі қонжықты сатып аламын. Өзі әдемі әрі сүйкімді екен.

Мынау әдемі аюдың баласы, әдемі қонжық туралы не айтасыңдар.Қазір бәріміз осы қонжықтың суретін саламыз.

Дүкеннен..

Сатушы.

Алақай ,дүкенге барамыз.

Балалар бәрі хормен ән айтамыз.

«Дүкенге» кіріп,сатушы мен сатып алушы бір-бірімен амандасады.

Содан кейін сатып алушы өз ұсынысын айтады.Ал сатушы ойыншықтың бағасын айтады». Дүкенші ойыншықтың сапасын,оның неден жасалғанын түсіндіреді.

Әңгіме құру:

Бала: Мен қуыршақ сатып аламын. Мынау қуыршақ әдемі,сүйкімді.Үстіндегі көйлегі матадан жасалған,түсі ашық.

Бала: Мен шелек сатып аламын .Шелекпен су әкелемін.Шелек қауырсыннан жасалған.

Әділет : мен машина сатып алдым. Машинаның төрт дөңгелегі бар. Машина қатты қауырсыннан жасалған.

Қонжық- аюдың баласы.Ол балды ұнатады.Қыста көп ұқтайды.



Балалар қонжықтың суретін бастырып салып,әдемі етіп бояйды..

Рефлексиялық- түзетушілік

-Жақсы ойыншықтарды қалай ұстау керек.Топта жүргенде ойыншыққа таласпай бірге ойнауымыз керек.Себебі топтың ойыншығы бәрімізге ортақ.Ойыншықты таза әрі ұқыпты ұстасаңдар өте жақсы баласыңдар.

-Ойыншықтарды сындыруға,жыртыуға болмайды.Достарыңмен бөлісіп ойнау керек.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ойыншықтардың жасалу жолдарын білу:

Игереді: Ойыншықтармен ұқыпты ойнауды:

Меңгереді: Ойыншықтар туралы өлең,тақпақтар біледі.









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!