жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ашық оқу қызметі тақырыбы: «Қазақстан Републикасының бірінші президент күні»
Бекітемін
ФаиЗаман ЖШС-гі
«Күншуақ» бөбекжай-бақшасының
меңгерушісі____Нұртаза
Г.К
.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Айшуақ» мектепалды даярлық тобы
Күні: 27.11.2019ж
Тақырыбы: «Қазақстан Републикасының бірінші президент күні»
Мақсаты:Балалардың Қазақстан Республикасы жайында білімдерін кеңейту. Мемлекеттік рәміздер туралы түсініктерін толықтырып, нақтылау. Өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін, туған жері мен елін сүюге, оларды қорғай білуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін арттыру.
Көрнекі-құрал: Қазақстан Республикасының рәміздері, Қазақстан Республикасының картасы. Еліміздің, жеріміздің молшылығын бейнелейтін суреттер. Интербелсенді тақта, слайдтар.
Оқу кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ұйымдастырушылық-оятушылық |
Шаттық шеңбері: Алақан мен жылуды, айналаға таратайық, Бір-бірімізге жақындасып, Бақыт, күлкі сыйлайық. Жүректі біз ашайық, Бақыт нұрын шашайық. Барлық жақсы тілекті, Бір-бірімізге арнайық. |
Балалар бір -біріне жылы тілектерін айтады.
|
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
|
Сәлеметсіздерме, балалар! (балалар үш тілде амандасады). Бүгін біздің сабағымыз,басқа күндерден қарағанда ерекше,балалар, орнымыздан тұрып Қазақстан Республикасының ән ұранын орындаймыз. (ән ұран орындау. Қазір жылдың қай мезгілі? Ал, балалр бір аптада неше күн бар?
Апта туралы санамақ білесіңдер ме ?
Тосын сый: (Сайқымазақ кіреді) Тәрбиеші: балалар, бізге сайқымазақ қонаққа келіпті. (тапсырмасы бар екен) Балалар, сендер Қазақстан Республикасы жайында не білесіңдер?Отан туралы не білесіңдер? Отанымыз деген не?
Балалар кім тақпақ біледі? (Балалар Отанға деген сүйіспеншіліктерін тақпақтар арқылы білдіреді)
Отан туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?
Тәрбиеші: Балалар, көрдіңдер ме осы әсем тақпақ жолдарында қаншама Отан туралы жақсы сөздер айтылған, Отанды қандай жақсы сөздермен жеткізген.Отан-сенің ата-анаң, Отан-туған жер, Отан- Бұл Қазақстан Республикасы. Сондықтан біз Отанды жоғары бағалап, қадірлей білуіміз керек. Балалар, енді бәріміз интербелсенді тақтаға қарайық , тақтада Қазақстан Республикасының картасы. Айтыңдаршы, балалар, біз қай Республикада тұрамыз?
Тәрбиеші: Дұрыс. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?
Тәрбиеші: Дұрыс. Ал Қазақстан Республикасының Елбасы кім ? Тәрбиеші: Өте жақсы, дұрыс балалар. Балалар, айтыңдаршы сендер біздің Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдерме? Тәрбиеші: Балалар, көрдіңдер ме, біздің Қазақстан Республикасының рәміздері қандай әдемі, осы рәміздерді әрқашан естеріңде сақтап, құрметтеп, бағалай жүру керексіңдер. Сергіту сәті: Бір шаңырақ астында Тату тәтті тұамыз Бірге ішеміз астыда Бірге сауық құрамыз Тәрбиеші: Балалар, ал енді мен сендерді ойын ойнауға шақырамын.
Ойынның аты: «Жылы сөздер» (Балалар кішкентай жүрекшелерді аламыз және тілек айтып ағашқа ілеміз).
Тәрбиеші: Балалар, көрдіңдер ме, бұл ойында сендер өздеріңнің туған жерлерінді, қалай жақсы көретіндеріңді жүрек бейнесімен білдірдіңдер.
Тәрбиеші: Балалар Қазақтан Республикасының табиғаты өте бай, өте әдемі. (слайдпен Қазақстан Республикасының көрікті жерлерін көрсету)
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Ендеше біз осы аталған байлықты Қазақстан Республикасының қартасына жапсырамыз
Тәрбиеші: Ал енді балалар. Қазақстан Күннен күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде тұрғанымызға бақыттымыз, балалар, біз бақыттымыз ба? Еркін, ұшқыр тәуелсіз елім, Сүйікті Республикам менің. Гүлдене бер сен әрқашанда, Бостандық елім- Республикам менің! (Балалар ортаға шығып, әріптерді сөйлетеді).
«Қазақстан» сөздері арқылы әріптерді атайды.
Тәрбиеші: Балалар қонағымыз қататын уақытым болды дейді (Сайқымазақ қоштасып шығп кетеді) Дидактикалық ойын: «Мынау қай пішін?» Шарты: Балалар қодарын артқа ұстайды.Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішіндері ұстатады.Бала оны сипап ,байқау арқылы тауып ,атын атайды. Балалармен жұмыс: «Бәйтерек» суретін қағазды жырту әдісі арқылы бәйтерек суретін ашекейледі. |
Сәлеметсізбе? Здравствуйте? HeIIo HeIIo?
Балалар әнұранды айтты.
Күз мезгілі 7 күн бар дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі,бейсенбі, жұма , сенбі. Балалар хатқа назарларын аударды.
Санамақ санау
Балалар амандасады
Балалар: Отан деген Республикасы, еліміз, жеріміз, отбасымыз, Отан деген – Қазақстан балабақшамыз, табиғатымыз, көліміз, тауларымыз.
Жанеля:Отан сенің ата-анаң, Отан досың- бауырың. Отан өлкен- астанаң, Отан аудан-ауылың. Ульяна:Отан-тарих, Отан-тіл, Жасаған елін, өз халқын. Отан-өлең, Отан-жер. Көтерген көкке ел даңқын. Ақбота:Отан осы, достарым, Көңілге мұны түйе біл. Отан деп өсіп жас жаның, Оны ардақтап сүйе біл.
Отан -оттанда ыстық, Отан үшін отқа түс күймейсің, Отан отбасынан басталады.
Балалар интербелсенді тақтаға назарларын аударады.
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз
Балалар: «Нұрсұлтан» қаласы
Балалар: Қасымжомарт Тоқаев
Балалар: Гимн, Ту, Елтаңба.
Сергіту сәтіне тұрады.
Ульяна: Еліміз аман болсын! Анель: Әр қашан күн күлім деп тұрсын! Алихан: Көк туымыз биік болсын! Ақбота: Аспанымыз ашық болсын! Диана: Әрқашан соғыс болмасын! Ерасыл: Күніміз жарқырай берсін! Алдияр:Елбасымыз жасай берсін! Дания:Табиғатымыз сұлу болсын! Жанеля: Суларымыз-мөлдір таза болсын! Асель: Балабақшамыздың шаңырағы биік болсын! Медина: Болашағымыз жарқын болсын! Нұрбол: Астанамыз көркейе берсін!
Балалар назарларын аударады.
Балалар интербелсенді тақтадан Қазақстан Республикасынынң көрікті жерлерін тамашлайды.
(Флипчарт пайдалана отырып, балалар әсем музыка әуенімен Қазақстан Республикасының картасына кең байлықтарды жапсырды).
Балалар: иа қуаныштымыз.
Қ-
қазаққа қызмет ететін
Балалар қоштасады
Дидактикалық ойынды қызықты ойнады
Балалар жұмыстарын аяқтады |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау |
Оқу қызметін қайталау мақсатында қортындылады.Оқу қызметіне қатысқан балаларды мақтап, мадақтады. |
Балалар бір- біріне білген,үйренгендерін айтты. |
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: Қазақстан Республикасы жайында біледі.
Түсінеді: Отанына ,туан жерне деген сүйіспеншіліктерін арттырады.
Қолдана алады: Қазақстан Рспубликасының Президентін таниды.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші : Ищанова С.К
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №2
Тобы: «Елшуақ» ересектер тобы
Күні:
Тақырыбы:
Мақсаты
Оқу кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Ұйымдастырушылық-оятушылық |
Шаттық шеңбер:
|
|
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
|
|
|
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау |
|
|
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады:
Түсінеді:
Қолдана алады:
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші : Ищанова Салтанат

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген