Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық оқу қызметі Тәуелсіз елім – Қазақстан!

Материал туралы қысқаша түсінік
өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту арқылы егеменді еліміздің ертеңгі иелерін тәуелсіздік туралы мәлімет бере отырып тәрбиелеу. Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Балалар сөздігін молайту, байланыстыра сөйлеуді қалыптастыру. Балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Жанбосынова Алия Усеновна

Алматы облысы Жамбыл ауданы КМҚК «Құлыншақ бөбекжайы» тәрбиеші

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Тәуелсіз елім – Қазақстан!

Мақсаты: өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту арқылы егеменді еліміздің ертеңгі иелерін тәуелсіздік туралы мәлімет бере отырып тәрбиелеу. Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Балалар сөздігін молайту, байланыстыра сөйлеуді қалыптастыру. Балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту.

Методикалық әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, миға шабуыл, мнемотехнология, куббизм әдісі, Лулий шеңбері

Сөздік жұмыс: Республика, Рәміз, Ту, Елтаңба, қыран құс, тұлпар, бәйтерек

Көрнекілік: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, слайд

Билингвалды комконент: Отан – Родина, Ту – флаг, Елтаңба – герб

Балалар топқа әсем әнмен кіреді.

Шаттық шеңбері

Қуан шаттан алақай!

Қуантатын күн келді!

Қайырлы таң, қайырлы таң!

Күліп шықты күн бүгін!

Миға шабуыл

Тәрбиеші картаны колына алып,балалар бұл не?

Балалар дұрыс айтасыңдар, бұл карта екен.

Балалар сендер қандай мемлекетте тұрасыңдар?

Барлығымыз да Қазақстан картасына назар аударайық. (Қазақстанның жерін картадан көрсетеді) Міне мынау – Қазақстанның картасы. Кең байтақ Қазақстан. Ол – жерге де, елге де бай мемлекет, себебі Қазақстанда көптеген байлықтар бар: мұнай, темір, көмір, күріш, мақта, астық-бидай. Қазақстанның табиғаты алуан түрлі, жері кең, байтақ.

Қазақстан қандай мемлекет?

Сендер «тәуелсіз, егеменді» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

Ал біздің Отанымыздың бас қаласы қалай аталады?

Слайдпен жұмыс

Мнемеотехнология

Тәуелсіз еркін елде біз

Дүниеге келгенбіз.

Көк ту мен елтаңбамыз,

Бар біздің өз теңгеміз

Дидактикалық ойын: «Өз туыңды тауып ал»

Барысы: тақтаға көптеген мемлекеттердің туы ілінген. Осы тулардың ішінен өз туыңды көрсет.


Сергіту сәті:

Тәуелсіз елдің тірегі( қолдарын жоғары көтереді)

Біз боламыз жүрегі (қолдарын жүректеріне қояды)

Артқа қадам баспаймыз

Тек алға-алға бастаймыз

Құран қыстай қалықтап (құс болып ұшады)

Болашаққа самқаймыз 


Ойын Луллий шеңберімен


Куббизм стратегиясы

Ойынның мақсаты:

Балалардың есте сақтау қабілеттерін,сөздік қорларын арттыру.

Жүйелі сөйлеуге баулу.

Ойын шарты:Кубикте сұрақтар жазылған. Тәрбиеші балаларға сұрақтарды бір- бірден оқиды.

1.Сендердің ауылдарың қалай аталады?

2. Біздің бақшамыз  қалай аталады?

3.Елордамыз қай қала?

4.Елбасымыз кім?

 5.Ұлттық тағамызды ата?

 6. Бақшамызда қандай ұлт балалары бар?

7. Астанада қандай ғимарат бар?

9.Біз қай топтың балаларымыз?

Қорытынды:

Балалар біз тұратын мемлекет қалай аталады ?

Қазақстан қандай мемлекет?

Қазақстан Республикасының бас қаласы қалай аталады?

Ал, сендер тұратын қала қалай аталады?

Балаларды мадақтау.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында түсінік алады. Рәміздерді, әнұранды.

Игереді: Тақырып бойынша сөздерді

Меңгереді: Тақырыпқа сай сөздіктерді


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.11.2021
480
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12