Тәуелсіз таным атқанда
Мақсаты: Балаларды өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен
қаһармандарын құрметтеуге, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру
арқылы отаншылдыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған
жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Жас
ұрпақ бойына еліне,жеріне,ұлтына деген патриоттық сезімін
қалыптастыру.
Балалар музыка әуенімен музыка залына кіріп
белгіленген орындарына тұрады
Сахнаға жүргізушелер шығады
Айзере:
Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге
тойлайық!
Еркежан:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
Қазақстан Республикасының әнұраны
орындалады
Музыкамен залға қонақ кіреді.
Қыдыр ата
Қыдыр
ата:
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн! Сәлеметсіздерме, балалар! Мен
Қыдыр атамын.Сендерді тәуелсіздік күнімен құттықтауға
келдім.
Жүргізуші: сәлеметсізбе, Қыдыр ата. Олай
болса, сізді біздің балалармен бірге мерекемізді тойлауға
шақырамыз.
Жүргізуші: Ендігі кезекті балаларға
Ортаға тәуелсіздік туралы тақпақтарын оқуға
берейік.
Р.Айсултан
Отан үшін жанымды
беремін,
Отан үшін бәріне
көнемін.
Біздің Отан ұлы
Отан,
Отанымды
сүйемін.
Сумая:
Отан деген
Атамекен
Отан деген туған ел
Отан Ана – Отан үлкен
Қазақстан туған жер
Алинур:
Құт-береке
шаңырақ,
Орын алған ол
төрден.
Қанатты қос
арғымақ
Екі жақтан
көмкерген.
Даниял:
Айнымайды
аспаннан
Біздің тудың
бояуы.
Оны халық
қашанда
Биікке іліп
қояды.
Жүргізуші: Жарайсыңдар,
балалар!
Ән:
«Отан»
Қыдыр
ата:
Жарайсыңдар балалар! Менде
сендерге құры алақан келгем жоқ,менің қолымда сиқырлы қалам бар,ол
қалам сөйледі.Сендердің осы суреттерден нені білгілерің келеді сол
туралы баяндап айтып береді.
-Қане, кімнің не туралы
білгісі келеді?/Сиқырлы қаламмен жұмыс/
Ойын «Теңге
алу»
Айзере бүгінгі мерекемізге өз
өнерін орындауға «Қазақ биін» алып келіпті
Қонақ: - Жарайсыңдар, балалар. Қандай
өнерлі едіңдер. Қане, менің балаларым қолдарыңды жайыңдар бата
берейін.
Құтты болсын тәуелсіздік
мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Аумин!
Жүргізуші:
Аумин айтқаныңыз келсін Қыдыр
ата.
Ануар:
Енді міне қазағымның таңы
атты,
Нұрға бөлеп, жырға бөлеп
алапты.
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр
адам,
Тәуелсіздік сақтау үшін
жауапты.
Осымен 16- желтоқсан
Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз таным атқанда» атты ортаңғы
тобының мерекеміз аяқталды. Назарларыңызға
рахмет!
«Келісілді»
МКҚК «№97
б/балабақшасы»
Әдіскері
Ж.Ә.Қожабек
Тақырыбы
:
Тәуелсіз таным
атқанда!
Орындаған: «Бүлдіршін»
ортаңғы топтың тәрбиешісі Шермаль
С.В